Page 53 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
53
күні бүгінге дейін кальвинизмді өзінің басты қарсыласы деп біледі. Бұл ең алдымен таза
саяси сипаттағы себептермен түсіндіріледі: егер Реформацияны, оның рухани бет-
бейнесін ұзақ уақыттарға айқындап берген Лютердің ішкі діни ілгерілеуінсіз түсіну
мүмкін болмаса, Лютердің ісі де кальвинизмсіз кең тарап, берік ірге теппеген болар еді.
Алайда католиктер мен лютерандардың кальвинизмге ортақ жиіркеніші оның этикалық
ерекшеліктерінде де негіз тауып жатады. Кальвинизммен мейілінше үстірт танысқан
күннің өзінде мұнда діни өмір мен жер бетіндегі қызмет арасында католицизмдегіден
немесе лютерандықтағыдан мүлдем өзгеше байланыс орнатылғаны айқын болады. Бұл
тіптен ерекше діни сарындарды ғана пайдаланатын әдебиеттің өзінен көрініс береді.
Мысалға "Құдіретті комедияның" соңын - "Жұмақты" еске түсірейік, мұнда Құдіреттің
құпиясына жайбарақат елтіген ақын мүлдем тілден қалады. Енді осыны әдетте
"Пуританизмнің Құдіретті комедиясы" аталатын поэманың соңымен салыстырайық.
Мильтон өзінің "Жоғалтқан жұмағындағы" Адам мен Хауаның жұмақтан қуылуының
қарсаңындағы соңғы жырын мынадай жолдармен аяқтайды:
Бұрылып қарап, соңғы рет қадап көздерін,
Қызыққа неше батырған кеще өздерін
Жұмақтың көрді жалынды шығыс бөктерін.
Жарқылдап семсер, от жалап жақын маңайды
Дарбаза маңы сұсты жүз толы, сұғына келіп қарайды,
Дәрменсіз көзден төгілген жасты тияды дереу қос мұңдар,
Шексіз бір әлем, ендігі мекен, жаратқан ісін кім ұғар,
Теңселе басып, жолсоқты жазған кезбеше
Жұмақтан өтіп, екеуден екеу соқпаққа тусті өзгеше...
Ал осыдан сәл ғана ілгеріде Мекаил періште Адамға былай дейді:
Білгеніңді іске ұластыр,
Сенім, төзім, ұстаным,
Ізгілікті және қос.
Сүйінішің бұдан былай
Жақын жанға махаббат,
Өміріңнің өзегі сол, ұмыт болар бар азап,
Бір жаннаттан қуылғанмен
Табарсың сен өз бойыңнан
Будан асыл сан жумақ.
Бұл жолдарды оқыған әркімге дүниеге шынайы пуритандық көзқарастың осыншама
қуатты пафосы, дүниауи қызметке бүл тәрізді парыз тұрғысынан қарау үлгісі
ортағасырлық жазушы аузынан естілсе миға қонбайтыны айқын болар еді. Алайда мұндай
көңіл күйі Лютер мен Пауль Герхардтың хоралдарынан көрініс беретініндей,
лютерандықпен де үйлесе қоймайды. Біздің міндетіміз осы көмескі түйсікті қолымыздан
келгенінше дәл логикалық тұжырымдардың терминдерімен білдіру және осы
айырмашылықтардың ішкі себептері туралы мәселе қою. Мәселенің мәніне өзіңнің жете
бойлай алмағаныңды ғана көрсете алатын "ұлттық мінезге" сілтеме жасауға қандай да бір
әрекет бүл арада ерекше орынсыз. XVII ғасырдағы ағылшындарға біртұтас "ұлттық мінез"
телу тарихи тұрғыдан жай ғана қате. Ол замандарда "кавлерлер" мен "жұмырбастылар"
өздерін әртүрлі партияның өкілдері ғана емес, бір-біріне мүлдем бөтен тұқымдардың
адамдары секілді сезінді, байсалды бақылаушы мұнымен келіспей тұра алмайды. Екінші
жағынан, екі халықтың тарихи тағдырының тікелей ықпалымен қалыптасқан белгілерді