Page 52 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
52
ырықтың кәдуілгі нұрына айналды, нақты өмірлік ахуалдарда да жазмыштық бастауларды
барған сайын батыл бөліп көрсетіп отыру Лютерді таза дәстүршілдік реңктегі "көнбістік"
идеясына алып келді: әрбip адам оған Құдай берген бейім мен ахуалда қала беріп, өзінің
жер бетіндегі ниеттерін осынау қоғамда өзіне берілген жағдай шеңберінде жүзеге асыруға
тиіс. Егер бастапқыда Лютердің экономикалық дәстүршілдігі апостол Павел рухындағы
немқұрайдылық нәтижесі болса, кейіннен ол дәстүршілдік жазмышқа деген өсе түскен
сеніміне, құдіреттің ырқына сөзсіз мойынсұнуды өзінің дүниауи өмірдегі орнына сөзсіз
риза болумен ұқсастыратын сенімге байланысты болды. Лютер жалпы кәсіптік кызметтің
діни принциптер мен ұштасуының тұғыры бола алатын қандай да бір түбірімен жаңа
немесе түбірімен өзгеше негіз жасаған жоқ. Діни ілімнің тазалығы шіркеудің
ақиқаттығының бірден-бір риясыз өлшемі екендігіне қалтқысыз сенім, XVI ғасырдың 20-
шы жылдарының аласапыран оқиғаларынан кейін орныға түскен қалтқысыз сенім қандай
да бір жаңа этикалық көзқарастың пайда болуына өздігінен-ақ кедергі жасап отырды.
Осылайша, кәсіптік бейім ұғымы Лютерде өзінің дәстүршілдік сипатын сақтап қалды.
Кәсіптік бейім дегеніміз адам Құдайдың әмірі деп қабылдауға тиіс нәрсе, ол соған
"көнуге" тиіс; бүл реңк, Лютерде басым, дегенмен оның ілімінде басқа да идея бар, ол
бойынша кәсіптік қызмет адам алдына Құдай қойған міндет және ең басты міндет68
болып табылады. Ортодокс лютерандықтың даму шамасына қарай бүл сарын барған
сайын анық көріне түсті. Осылайша, лютерандықтың этикалық үлесі ең алдымен теріс
сипатта болды: тақуалық парыздың дүниауи міндеттерден артықшылығын терістеп, ол
өкіметке мойынсұнуды және дүниедегі өз орнына разы болуды уағыздаумен
ұштастырылды. Лютердің кәсіптік бейім тұжырымдамасының құнарлы топырағын (біз
мұны ортағасырлық діни этиканы талдау барысында көреміз) едәуір дәрежеде күні бұрын
неміс мистиктері, соның ішінде Таулер дайындап қойған болатын, ол рухани және
дүниауи кәсіптер бірдей деп санады және тақуалық құлшылықтың дәстүрлі пошымдарына
салыстырмалы түрде төмен баға берді, өйткені мистиктер үшін бірден-бір елеулі нәрсе
жанның Құдаймен қауышуын қостап жүретін тамашалау мен шат-шадымандық ахуалы.
Ол-ол ма, лютерандық мистиктермен салыстырғанда кейбір жағынан тіпті артқа қарай
шегініс қадамын жасайды, өйткені Лютерде - лютеран шіркеуінде одан да көп - кәсіптік
ұтымды этиканың психологиялық негіздері мистиктердікінен (олардың көзқарасы көп
жағынан ішінара пиетистік, ішінара квакерлік діни психологияға жақын) неғұрлым
шатқаяқ бола түседі. Бұл бірінші кезекте мынамен, өзін өзі шектеуге тақуалық ұмтылыс
Лютердің бойында синергизмге (адам өзінің жақсы істері мен өзінің құтқарылуына
қатысып, Құдайдың шапағат жасауына өзі жәрдемдесуге тиіс деген догматтық теория -
Ауд.) деген күдік туындатқанымен түсіндіріледі; сондықтан тақуалық өзін өзі шектеу
лютерандықта барған сайын екінші қатарға ысырыла берді.
Осылайша, біздің анықтай алғанымызға қарап таразыласақ, Лютердің түсінігіндегі "бейім"
идеясы оз бетімен проблеманы біздің қоюымызда соншалықты зор мәнді бола да қоймас -
бізге қазіргі сәтте дәл осыны анықтау маңызды. Бұл арқылы біз Лютердің діни өмірге
енгізген өзгерістерінің біздің зерттеуіміздің пәні үшін ешқандай практикалық маңызы
болмады дегіміз келіп отырған жоқ. Бұл арада гәп мынада: осынау практикалық маңыз
Лютердің және лютерандық шіркеудің дүниауи бейімге қатынасынан тікелей шығарыла
алмайды және ол протестантизмнің өзге бағыттарындағыдан едәуір көмескі. Сондықтан
да бізге бірінші кезекте протестанттық діни ілімнің өмірлік практика мен діни негіз
арасындағы байланыс лютерандықтан гөрі оңайырақ аңғарылатын пошымдарына
жүгінуіміз орынды секілді көрінеді. Біз жоғарыда кальвинизмнің және протестанттық
секталардың капитализмнің даму тарихындағы өзінің маңызы жағынан ғаламат рөлін атап
өткенбіз. Лютердің Цвингли ілімінен "өзге рухтың" орын алатынын сезгені тәрізді, мұны
оның рухани ізбасарлары да кальвинизмнен сезінді. Католицизмге келсек, ол баяғыдан