Page 51 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
51
қыркүйек) ұзақ парламентке Кромвель " Сіздерден барлық кәсіптер ішіндегі қиянатты
тоқтатуды өтінемін; егер көпті тонап, азды байытатын қандай да бір кәсіп түрі болса, онда
бүл тіптен де қоғам игілігіне қызмет етпейді", деп жазды. Алайда, осымен қатар,
Кромвельдің пікірлері ерекше "капиталистік рухқа" толы екендігіне айғақ бірқатар
мәліметтер бар. Лютердің өсімқорлық пен өсім пайызын алудың қандайына болсын қарсы
толып жатқан пікірлерінде, керісінше, капиталистік дүниеқоңыздықтың мәнісі туралы
оның түсінігінің (капиталистік тұрғыдан қарағанда) тіптен бертінгі схоластикалық
көзқарастармен58 салыстырғанның өзінде "артта қалғандығы" мүлдем айқын байқалады.
Атап айтқанда, ақшаның өнімсіздігі туралы уәжі соның мысалы, мұның негізсіздігін
Антонин Флорентинидің өзі-ақ көрсетіп берген болатын. Айтпақшы, жекелеген
мәселелерге тоқталып жатудың қажеті де жоқ, өйткені мына нәрсе мүлдем анық: діни
тұрғыдан түсінілген "кәсіптік бейім" идеясының салдарлары ол дүниауи қызметке
енгізген өзгерістер барысында алуан түрлі пошымдарға ие бола алатын еді. Түйіндей
келгенде Реформацияның нәтижесі ең алдымен мынау болды. Католиктік көзқарасқа
қарама-қарсы дүниауи кәсіптік қызметтің ахлаки мәні және ол үшін діни алғыс төтенше
артты. Дүниауи қызметке осынау жаңа көзқарас көрініс тапқан "бейім" идеясының одан
әрі дамуы реформацияланған жекелеген шіркеулерде ізгілік ұғымының нақты тәпсіріне
тәуелді еді. Лютерге бейім идеясын тауып алғандай болып көрінген Інжіл беделі шынына
келгенде одан гөрі дәстүршілдік тұжырымдамасына тірек бола алады. Атап айтқанда,
Көне Өсиет - масихтар кітаптарында дүниауи инсанияттың мәні туралы жалпы әңгіме
жоқ, өзге мәтіндерде бүл туралы тек үстірт ауызға алынады - әбден-ақ дәстүршіл діни
идея қатаң жүргізіледі: пайда қууды құдайсыздарға қалдырып, әркім өз "тамағын"
күйттесін. Әңгіме дүниауи қызмет туралы сөз болған тұстың бәрінің мағынасы осындай.
Тек Таурат қана, онда да толық емес, өзге көзқарасты ұстанады. Бүл мәселеге Иисустыц
қатынасы дегенге келсек, ол сол дәуірдегі Шығысқа тән классикалық айқындықпен
айтылған: "Талғалсау етер қоректі күн сайын берер жаратқан". Кейбір сөзде білдірілген
дүниені мүлдем қабылдамау ауаны қазіргі кәсіптік бейім идеясының Иисус ілімімен
қандай да төте байланысының жоқтығын дәлелдейді. Жаңа Өсиетте білдірілген
апостолдар идеялары, атап айтқанда апостол Павелдің идеясы - христиандардың алғашқы
ұрпақтарының бойын билеген эсхатологиялық үміттерге орай - бұл тұрғыда не
немқұрайды, не дәстүршілдік сарында: дүние Христтің (Ғайса пайғамбардың) қайта
оралуын күтіп отырғандықтан, әркім оны әуелде Құдірет "үні" қандай халде көрсе, сол
халінде болып, дүниеде сол кәсібімен шұғылдана берсін. Осы арқылы ол кедейленіп
кетпейді, бауырларының мойнына ауыртпалық салмайды - мұның бәрі ұзаққа созылмайды
ғой. Лютер Інжілді 1518-1530 жылдар кезеңінде дәстүршіл ғана емес, барған сайын сондай
бола түскен өзінің көңіл ауанының ықпалымен оқыған.
Лютер өзінің реформаторлық қызметінің алғашқы жылдарында кәсіпті қолтума нәрселер
саласына жатады деп топшылап, дүниауи қызметтің әрқилы тұрпаттарына өзінің
қатынасында апостол Павел (коринфтіктерге бірінші арнауда білдірілген түрінде)
рухындағы эсхаталогиялық немқұрайдылықты ұстанды, қоғамдағы орнына қарамай, әркім
мәң- гілік рахатқа бөлене алады; өмір жолың соншама келте болғандықтан, кәсіптің
сипатына мән беру бекершілік. Адамның жеке басының мұқтаждарынан артылатын пайда
табуға ұмтылысқа келсек, оны шарапаттың жоқтығының нышаны ретінде қарастыру
керек, ал бұл ұмтылыс басқа адамдардың есебінен ғана іске асырыла алатындықтан, ол
тікелей жазғыруға лайық. Лютер дүниауи іске неғұрлым тереңдей түскен сайын, ол
кәсіптік қызметтің маңызын соғұрлым жоғары бағалай берді. Сонымен бірге әрбір
адамның нақты кәсібі ол үшін құдай әмірінің тікелей көрінісіне, адам жазмыштың
ырқымен нақ осы нақты орында өз парызын өтеуге Жаратқан берген бұйрыққа айналды.
"Фанатнктермен" күрестен және шаруалар толқуларынан кейін әрбір адам Құдай
маңдайына жазған өз орнын алатын объективті тарихи реттілік Лютер үшін Құдіретті