Page 50 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
50
қарай айқындалатын дүниауи міндеттерін орындауы деп санайтын догматы көрініс
табатын; сол арқылы бүл міндеттер адамның "бейіміне" айналады.
Лютердің бұл идеясы оның реформаторлық қызметінің алғашқы он жылы бойында
қалыптасты. Басында Лютер (сол кездері үстемдік еткен ортағасырлық дәстүр рухында,
мысалы, Фома Аквиниде көрініс беретініндей), дүниауи қызметті туынды нәрсеге
лсатқызады: Құдайга жағымды және діни өмірдің қажетті табиғи негізі болғандықтан, ол
өздігінен тамақ немесе сусын тәрізді инсанияттық тұрғыдан немқұрайды. Алайда Лютер
"
sola fide
" (тек иман жолымен құтқарылу, Лютер ілімінің негізгі қағидасы -Ауд.) идеясын
неғұрлым дәйекті жүргізген сайын және осыған байланысты өз ілімінің католик
монахтарының "ібіліс ауызға салған" "інжіл кеңестеріне" қарама-қарсы екендігін айқын
білдіре бастаған сайын, оның ілімінде кәсіптік бейім (Beruf) соғұрлым көбірек мәнге ие
бола бастайды. Лютердің көзқарасы тұрғысынан монахтың тұрмыс салты Құдай алдында
ақталу үшін мағынасыз нәрсе ғана емес, дүниауи міндеттерді елемейтін адамның эгоизмі
мен сүлесоқ немкеттілігінің туындысы ғана. Дүниауи қызметті, керісінше, ол бауырға
христиандық махаббаттың көрінісі ретінде сипаттайды, және де Лютердің негіздеулері
дүниауи ұғымдардан тым шалғай жатыр әрі Адам Смиттің белгілі пікірінен гротескілік
дерлік кереғарлықта; мәселен, ол өзінің ойын, атап айтқанда, еңбек бөлінісі әркімді
бақалар үшін жұмыс істеуге мәжбүр етеді деген уәжбен қуаттайды. Алайда, көп ұзамай
өзінің мәнісі жағынан схоластикалық сипаттағы бүл ойлар тағы да жоғалып кетіп, қандай
жағдайда болсын дүниауи міндеттерді орындау Құдайға ұнаудың бірден-бір құралы, бүл -
тек қана сол - құдіреттің әмірімен пәрмен етіледі, сондықтан да рұқсат етілген кәсіптердің
бәрі Құдай алдында тең деген ой қалыптасып, барған сайын неғұрлым атап көрсетіле
бастайды.
Реформация, және, соның ішінде, Лютер жасаған ең маңызды идеялардың бірі - дүниауи
кәсіптік кызметті осылай инсанияттық бағалау әдеттен тыс елеулі салдарларымен қатерлі
екендігі еш күмән туғызбайды; ол-ол ма, мұндай пікірдің талассыздығы соншалық, тіпті
ол трюизммен5 жапсарласып жатады. Осынау тұжырымдама қандай да болсын дүниауи
қызметке оң баға беруді, оның негізінде тек берекесіздік пен әзәзілдік34 жататындығына
қалтқысыз сенген, сырттай тамашалауға бейім үзілді-кесілді бас Паскальдың терең
өшпенділігінен қаншама шексіз алшақ жатыр десеңізші! Ол иезуит - тердің пробабилизмін
сипаттайтын дүниеге утилитарлық бейімделуге одан да әрман жат. Алайда осынау
протестанттық идеяның практикалық маңызын қалай нақты елестетуіміз керектігін әдетте
біз бұлыңғыр түйсінеміз, бірақ анық санамен тап баса алмаймыз.
Лютер көзқарастары мен "капиталистік рухтың" арасында біз бұл ұғымға беретін
мағынада ғана емес, жалпы қандай мағынада болсын, ешқандай да ішкі туыстық туралы
сөз болуы мүмкін еместігін атап айтып жатудың қажеті бола қояр ма екен. Тіптен бүгінгі
күндері Реформация "ісін" барынша мадақтайтын шіркеу топтары, жалпы алғанда қандай
мағынада болса да, капитализмнің жақтаушылары емес. Және әрине, Лютердің өзі
Франклиннің еңбектерінде білдірілген тұжырымдамаға жақын қандай болсын
тұжырымдамадан үзілді-кесілді бас тартар еді. Сонымен бірге Лютердің осыған
байланысты Фуггерлер тәрізді және басқа ірі саудагерлердің қызметі жөніндегі ренішіне
сілтеме жасаудың керегі жоқ. Өйткені XVI және XVII ғасырлардағы ірі сауда
компанияларының заң жүзіндегі және іс жүзіндегі артықшылықтарына қарсы күрес,
тірестерге қарсы бүгін таңдағы бой көрсетуге бәрінен көбірек ұқсайды және осы бой
көрсетулер секілді өздігінен алғанда дәстүршілдік ойлау салтының көрінісі бола алмайды.
Ағылшын шіркеуінің, сондай-ақ Англия мен Франция корольдері мен парламенттерінің
қамқорлығын пайдаланған жоғарыда айтылған сауда компанияларына қарсы,
ломбардшыларға, "трапезитгерге" қарсы, монополистерге, жалдаптар мен банкирлерге
қарсы пуритандар да, гугеноттар да күресті ғой. Денбар шайқасынан кейін (1650 ж.