Page 49 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
49
arbitrium
(бостан ырық - Ауд.) халықтарына бұрын да, қазір де тән, итальяндықтар мен
француздардың жан-тәніне сіңісті нәрсе. Сонымен бірге адамның өмір мақсаты ретіндегі
өзінің капитализмнің дамуы үшін қажетті алғышарт болып табылатын "бейіміне"
қатынасы тіпті де бұл негізде қалыптаспағанына біздің көзіміз жеткен болатын. Өйткені
өмірді әбден-ақ әртүрлі көзқарас тұрғысынан және сан алуан бағыттарда "ұтымды етуге"
болады (осы бір қарапайым, жиі ұмыт қала беретін тезисті "ұтымды ету" проблемасына
арналған әрбір зерттеуде басты орынға қойып отырған жөн болар еді). "Рационализм" -
қарама-қайшылықтардың тұтас бір дүниесін қамтитын тарихи ұғым. Бүл арада біздің
"бейім" идеясы және — жеке кісінің таза эвдемонистік мүддесі тұрғысынан алғанда
соншалық иррационалды нәрсе - өз кәсібінің шеңберіндегі қызметке қалтқысыз берілу
қабілеті, біздің капиталистік мәдениетіміздің әрқашан аса сипатты белгілерінің бірі болып
келген және қазір де солай болып отырған қабілет өсіп шыққан "ұтымды" ойлау мен
"ұтымды" өмірдің нақты пошымын қандай рух тудырғанын анықтап алуымыз керек. Бүл
арада бізді аталмыш күйіндегі де, кез-келген басқа күйіндегі де "бейім" ұғымының
негізінде жатқан иррационал элементтердің шығу тегі бірінші ке- зекте қызықтырады.
3. Лютердегі бейім тұжырымдамасы
Зерттеудің мақсаты
Немістің
"Beruf
' сөзінде және, бәлкім, көбірек дәрежеде ағылшынның "
calling
" сөзінде
басқа сарындармен қатар діни сарын - Құдай қойған міндет туралы түсінік естіледі және
ол осы соз атап көрсетілетін әрбір нақты жағдайда күштірек естіледі. Егер біз осы сөздің
дүниенің барлық мәдени тілдеріндегі тарихи эволюциясын ізерлейтін болсақ, классикалық
бағзы заман46 халықтарындағы тәрізді, көп бөлігі католицизмге бүйрегі бұратын
халықтарда белгілі бір өмірлік жағдай, шегі анық көрсетілген кәсіптік қызмет өрісі
мағынасында неміс тілінде "Beruf' деп аталатын ұғымға ұқсас ұғым жоқ, ол барлық
протестанттық (негізінен) елдерде бар болып шығады. Одан әрі былай болып шығады: бұл
арада гәп белгілі бір тілдердің әлдене этностық ерекшелігінде, әлдебір "герман халық
рухының" көрінісінде емес екен, бұл сөз қазіргі мағынасында тұңғыш рет Інжілдің
аудармасында пайда болыпты, және ол түпнұсқа рухына емес, аударма рухына сай келеді
екен. Інжілдің Лютер жасаған аудармасында бұл сөз өзінің қазіргі мағынасында Сирах
ұлы Иисус Кітабындағы бір мәтіннің (11, 20-21) аудармасында кездеседі. Тез арада ол
барлық протестант халықтардың дүниауи тілдерінде осы заманғы мағынасына ие болды,
ал бұрын бірде-бір тілде оның дүниауи әдебиетте қолданылуы жөнінде емеурін де жоқ еді.
Ол, біздің білуімізде, діни уағыздарда да ұшыраспайды; Лютерге ықпалы жақсы белгілі
неміс мистиктерінің бірінде (Таулер, ол туралы сөз төменде) ғана кездеседі.
Бұл сөздің мәні ғана жаңа емес, оның Реформация тудырған (жалпы алғанда, тегінде,
белгілі) идеясының өзі жаңа. Бұл, әрине, күнделікті дүниауи қызметке "Beruf' ұғымында
бар баға беру элементтері орта ғасырларда немесе тіпті бағзы замандарда (кейінгі
эллинизм дәуірінде) мүлдем болмады деген сөз емес, - бұл туралы төменде айтылады.
Алайда, сөзсіз жаңа болған нәрсе мынау: бұл ұғымда бар бағаға сәйкес дүниауи кәсіп
шеңберінде парызды орындау адамның инсанияттық өмірінің ең асқақ міндеті ретінде
қарастырылады. Мұның даусыз салдары күнделікті дүниауи еңбектің діни мәні туралы
түсінік және біз жоғарыда айтқан мағынада "Beruf' ұғымын жасау болды. Демек, "Beruf'
ұғымында барлық протестанттық пошымдардың басты догматы, христиандықтың
инсанияттық өсиеттерін "
praccepta
" (өсиет) және "
consilia
" (кеңес) деп католиктік бөлуді
қабылдамайтын догматы - Құдайға жағудың бірден-бір төте жолы монахтық тақуалық
биігінен дүниауи инсаниятты елемеу емес, қайта тек қана әрбір адамның өмірдегі орнына