Page 4 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
4
мен ұнатпаудың реңктері көп, әсіресе егер жоғарыда тілге тиек болған парасатты, яғни,
біздің ойлы санамызда негізі бар ұнату мен ұнатпауды ескерсек солай болып шығады.
Көбіне-көп былай болып шығады: біз өз жағымыздағы, өз қосынымыздағы адамдардың
бәріне - біз онымен бұрыннан таныспыз ба, әлде, енді ғана танысып жатырмыз ба, соған
қарамастан, оларға белгілі бір дәрежеде, азырақ та болар, іш тартамыз, олар - дауға
қатысушылар, дос-жар, жерлес немесе шағын отандас, кәсібіміз бір әріптес, діндес немесе
партиялас жолдас, жұмыстас әріптес болуымыз мүмкін; кейбір, әдетте, шамалы іш
тартуымыз мұның өзі едәуір дәрежеде өмір тәжірибесінің молдығына байланысты - енді
бір сословиеге жатуымыздың арқасында, мысалы, дворяндар санатына, немесе бір тапқа -
дәулеттілерге немесе дәулетсіздерге жатуымызға қарай туындайды. Және керісінше,
ұнатпау да дәл осындай жолмен, басқа қосындағылардың бәріне қатысты туындап, орын
алады; бұл ұнатпау көбіне, әсіресе, әңгіме нағыз күрес жайында болғанда, өшпенділікке
айналып кетеді, ал өзге бір жағдайларда ұнатпау тек көбірек немқұрайдылық ретінде
көрінеді, соның есебінен ол әлсірей береді, сөйтіп басқа бір себептер болған жағдайда
және неғұрлым жақын танысқанда ол оп-оңай шынайы ұнатуға айналып кете алады.
Екінші жағынан, өзара , ұнатуды ояту үшін жете түсінілген ортақ немесе бері салғанда
жақын мүдделердің болуы, және ұнатпау үшін мүдделердің қарама-қарсы болуы
жеткілікті. Мысалы, кейде көптеген адамдардың тұтынушылар ретіндегі мүдделері ортақ
болып, олар сол ортақтықты сезінеді, соның салдарынан олар бір-біріне біршама ұнайды.
Олардың мүддесі өндіруші мен тұтынушының мүддесіне кереғар, сондықтан оларды
ұнатпайды, бұл ұнатпау тұтынушылардың бір-бірін ұнатуынан күштірек болады.
3. Сену және сенбеу
Мен назарыңызды аударғым келетін үшінші айырмашылық - біз басқа адамдарға сенеміз
бе , әлде сенбейміз бе деген нәрсе. Өзімізге таныс адамға біз белгілі бір дәрежеде сенеміз,
бірақ, ол көбіне әлсіз сенім, бөтен адамға белгілі бір дәрежеде сенбейміз, бірақ бүл көбіне
күшті секем. Әдетте, сену ұнатудан оп-оңай және жедел туындайды, бірақ көбіне-көп
мұнымызға дәл солай оп-оңай, кейде күтпеген жерден өкінуге тура келеді, ал ұнатпау
сенбеуді оятады немесе бері салғанда оны күшейтеді, нәр береді, бұлдағы негізсіз нәрсе
емес. Бірақ мұнда да реңк қаншама! Таңдаулылардың ілуде біреуіне ғана біз зор да шексіз
сеніммен қарап, олардың даусыз адалдығына, бізге бүйрегі бұратындығына, сатып
кетпейтіндігіне тас қабырғаға арқа сүйегендей үміт артамыз; және де осынау ілуде
біреулер, тіпті де ылғи "біз секілді" еместігі белгілі, сондықтан оларды әдетте біз өз
табымыздың, өз сословиеміздің адамдарындай ұната бермейтінімізді біледі. Адал малай,
адал жар дегендеріңіз тек әдеби-поэтикалық бейнелер ғана емес, дегенмен неғұрлым
қарапайым, ауылдық ортада солай атауға болатын адамдар қазіргі қаладағыдан әлдеқайда
жиі ұшырасады. Алданған сенім - кейде баз кешіп кеткіңді келтіретін тағлымды, ащы
тәжірибе. Бірақ сенбеу де сенімге айналып кете алады, сол сияқты алданған сенім, реніш,
ыза, өшігу туғызатындығын былай қойғанда, тікелей сенбеуге, олай болмаса біз
бұрынғыша сене беретін өзге адамдарға да көшірілетін сенбестікке оп-оңай айналады.
Сенуге немесе сенбеуге жетелейтін тек төл тәжірибе емес, сонымен бірге өзгенің де
тәжірибесі, яғни, кісінің сенуге болатын немесе "онымен араласу сақтықты қажет ететін"
күмәнді абыройы, беделі. Бірақ, екінші жағынан, сенім едәуір дәрежеде араласудың өзі
арқылы заттық сипатқа не болады, демек көбіне әңгіме кісі туралы емес, оның "ахуалы"
туралы болып жатады, кісілік жағынан үлкен сенімге лайық болмауы да мүмкін, іскер
адамның тол мүдделері оның қолынан келіп тұрғанда қарызын төлеп отыруға мәжбүр
етеді: сенімге ие болу қабілеті жоғалып, қарызын төлей алу қабілетіне айналып кетеді.
Қарызды төлей алу қабілеті әдетте - фирма атрибуты: фирма иесінің немесе жетекшісінің
моральдық қасиеттеріне қарамастан, ол не сенімді болады, не солай деп саналады, олар
кредит беру арқылы көрсетілген сенімнің арқасында, басқаша ойлауға сүбелі себептер