Қазақстанның ашық кітапханасы
48
бағытталған кызметтің "бейім" санатына жатқызыла бастауына, индивид өзін ол жөнінде
белгілі бір дәрежеде міндетті санай бастауына қандай идеялар тобы жәрдемдесті? Өйткені
"жаңа стильдегі" кәсіпкерлердің өмірлік құлқының этикалық негізі мен тірегі нақ осы идея
болды.
Бірқатар жағдайларда осы заманғы шаруашылықтың негізгі принципі деп "экономикалық
рационализмді" санау керектігі көрсетілді, атап айтқанда Зомбарт осылай деп
топшылайды, ол бұл ойды өзінің көбіне өте жемісті де көз жеткізе алатын зерттеулерінде
өрбітті. Егер экономикалық рационализмді табиғат белгілеген "органикалық" жоғары
шекті жоюға жәрдемдесетін өндірістік процесті ғылыми негізделген бөлшектеу арқылы
еңбек өнімділігін арттыру деп түсінсек, бұл сөзсіз әділ. Осы заманғы буржуазиялық
қоғамның "өмірлік мұраттарының" едәуір белгілі, техника мен экономика саласындағы
осындай рационализациялау процесінен туып отырғаны күмәнсіз: материалдық
игіліктерді бөлудің ұтымды тәсілін жасауға бағытталған еңбек, сез жоқ, "капиталистік
рух" өкілдері үшін басты мақсаттардың бірі болды. Франклин осынау айдан анық
ақиқатты толық сезіну үшін Филадельфияның коммуналдық шаруашылығын жақсарту
мақсатында өзінің қандай күш-жігер жұмсағаны туралы айтқанымен танысу да жеткілікті.
Капиталистік кәсіпкердің коп адамға өзінің қатысуымен "жұмыс берілгендігін",
капитализм гүлдену ұғымына беретін халық пен сауданың сан жағынан өсуіне
бағдарланған мағынада туған қаласының экономикалық "гүлденуіне" жәрдемдескенін
сезінуден туындайтын қуанышы мен мақтанышы - осының бәрі, соз жоқ, осы заманғы
кәсіпкерлік өкілдерін сипаттайтын өмірдің сол бір ерекше, дау жоқ, "идеалистік"
қуанышының құрамдас бөлігі болып табылады. Капиталистік жекеменшік
шаруашылықтың соншалық даусыз іргелі ерекшеліктерінің тағы бірі - оның қатаң есепке
негізделіп рационализациялануы, өздерінің алдына қойылған мақсатты орындауға
жоспарлы,салиқалы бағытталуы; ол бүгінгі күнмен ғана өмір сүретін шаруалардың
қожалығынан, ескі цех шеберлерінің артықшылықтары мен етек бастылығынан және
саяси сәттілік пен иррационалды жалдаптыққа бағдарланған "авантюриста
капитализмнен" осынысымен ерекшеленеді.
"Капиталистік рухтың" дамуын рационализмнің жалпы дамуы ауқымында түсіну бәрінен
де оңай және ол болмыстың кейінгі мәселелеріне принципті көзқарасынан шығарылуға
тиіс деген эсер туындайды. Бүл жағдайда протестантизмнің тарихи маңызы оның таза
рационалистік дүниетанымның "ізашары" ретінде белгілі бір рөл атқарғанына саяр еді.
Алайда осы тұрғыдағы алғашқы байыпты әрекет жасалған бойда проблеманың бұлай
жеңілдетіп қойылуы бір ғана нәрседен, рационализмнің жалпы тарихы тіпті де өмірдің
жекелеген жақтарының қатарласа өсіп келе жатқан рационалаизациясының жиынтығы
еместігінен мүмкін болмай шығады. Жеке құқықты рационализациялау, мысалы, егер
мұны заң ұғымдарын қарабайырландыру және заңдық материалдарды бөлшектеу деп
түсінер болсақ, бертінгі антикалық Рим құқығында өзінің ең жоғары пошымына жетті
және ең жоғары экономикалық рационализацияға жеткен бірқатар елдерде, атап айтқанда,
Рим құқығын қабылдау оз кезінде қуатты заң корпорациясының үзілді-кесілді қарсылығы
салдарынан сәтсіздікке ұшыраған Англияда барынша нашар дамыды, ал Оңтүстік
Еуропаның католиктік елдерінде терең тамыр жайды.
XVIII ғасырдың таза мына жалғандық ұтымдылық философиясы тіпті де неғұрлым
дамыған капиталистік елдерде ғана (және негізінен де емес) баспана тауып қойған жоқ.
Вольтершілдік күні бүгінге дейін нақ роман тілі тобындағы католиктік елдер
халықтарының ең жоғары және практикалық жағынан неғұрлым маңыздысы - орташа
жіктерінің ортақ игілігі болып отыр. Егер де "практикалық рационализмді" дүниеге
саналы баға беруге және оған жеке кісінің мына жалғандағы мүдделері тұрғысынан
қарауға негізделген өмірлік құлық тұрпаты деп түсінсек, онда өмірдің бұл стилі
liberum