Қазақстанның ашық кітапханасы
47
екен. Канондық құқыққа көшірілген, саудагердің қызметі жөніндегі
"Deo placere vix
potest"
("Құдайға жаға қояр ма екен" - Ауд.) деген қағида (сол заманда ол қағида Інжілдегі
өсімқорлық жөніндегі мәтін секілді түпнұсқа сөз деп саналған) және Фома Аквинидің
баюға құштарлықты "
turpitudo
" ("масқара" - Ауд.) деп анықтауы (бұған кәсіпкерлікпен
байланысты, яғни этикалық жағынан рұқсат етілген пайда алу да жататын) католиктік
доктрина тарапынан шіркеумен саяси жағынан соншалықты байланысты итальян
қалалары финанс капиталының мүддесіне белгілі көну (халықтың едәуір қалың жіктерінің
антихрематикалық радикалдық көзқарасымен салыстырғанда) болатын.
Алайда, католиктік доктрина, мысалы Антонин Флорентинидегідей, одан да коп түр
өзгерткен тұстың өзінде, баюды жалаң мақсат еткен қызмет, шындап келгенде
pudendum
(ұят), өмірдің өзіне тән нәрсе ретінде ғана төзуге болатын бірдеңе деп түйсіну ешқашан
толық жойылып кеткен емес. Сол заманның кейбір моралистері, бірінші кезекте
номинализмнің жақтастары, істі капиталистік жолмен жүргізудің талпыныстарын өмір
шындығы деп қабылдап, белгілі бір қарсылықтарға қарамастан, оларды қабылдауға
болады және қажетті (әсіресе саудада), капиталистік қызметте көрінетін "
industria
"
("еңбекқорлық") пайданың заңды, этикалық жағынан мінсіз қайнар көзі деп дәлелдеуге
тырысып бақты; алайда, үстем ілім капиталистік дүниеқоңыздық "рухынан" turpitudo
ретінде бас тартты, және, қалай дегенменде этикалық тұрғыдан ақтаған жоқ. Бенджамин
Франклин басшылыққа алған "этикалық" нормалар сол заман үшін мүмкін емес нәрсе
болатын. Капиталистік топтардың өз өкілдерінің де көзқарастары бұдан шет кете алған
жоқ: олар шіркеу дәстүрімен байланысын сақтап отырғанда, олар өз қызметін әрі кеткенде
этикалық жағынан немқұрайды, төзуге болатын бірдеңе деп білді, бірақ сонымен бірге -
шіркеудің өсімқорлыққа салған тиым табалдырығынан аттап кетудің тұрақты қаупінен
болса да - жанның құтқарылуына күмән келтіретін бірдеңе деп білді. Дерек көздері
мынаны айғақтайды: бай адамдар өлгеннен кейін едәуір айтарлықтай сома "тәубаға келу"
түрінде шіркеу қорына түсіп тұратын, ал кейбір жағдайларда бұрын қарыз адамдарға
олардан әділетсіз алынған "
usura
" (пайыз) ретінде қайтарылатын болған. Еретикалық
немесе өздерінің ілімі бойынша күмәнді деп қарастырылатын бағыттарды былай қоя
тұрсақ, дәстүр билігінен іштей бостан патрицийлар топтарында ғана жағдай өзгеше
болды. Алайда, тіпті скептик пиғылдағы немесе шіркеуге бас ұрудан мүлде аулақ
адамдардың өздері адам өлгеннен соң не болатынының беймәлімділігінен, оның үстіне
(кең тараған неғұрлым жұмсақ көзқарасқа сәйкес) жанды құтқару үшін шіркеу
міндеттейтін сыртқы ғұрыптарды орындау жеткілікті саналған жерде әлдеқалай
боладымен оның қазынасына белгілі соманы садақаға беріп, шіркеумен бітісуді жөн
санады. Нақ осыдан жаңа леп иелерінің өздерінің өз қызметіне қатынасы айқын көрінеді,
олар өз қызметінен оны инсанияттық ұстындар шеңберінен шығаратын немесе тіптен оған
кереғар әлдене белгілерді көреді. Әрі кеткенде этикалық жағынан жол беруге болатын
нәрсе деп саналған бұл кызмет Бенджамин Франклин ұғымындағы "бейімге" қалай айнала
алады?
XIV-XV ғасырлардағы Флоренцияда, капитализмнің сол кездегі дамуының орталығында,
сол заманның ең ұлы державаларының ақшасы мен капиталының базарында моральдық
көзқарас тұрғысынан күмәнді көрінетін қызмет - әрі кеткенде тек төзетін қызмет - XVIII
ғасырдағы ұсақ буржуазиялық провинциялық Пенсильванияда, ақшаның жай ғана
тапшылығынан экономикалық күйреу мен заттай айырбасқа оралу қатері төніп тұратын,
ірі өнеркәсіп орындарының ізі де жоқ, ал банктар өз дамуының ең бастапқы сатысында
тұрған елде жоғары инсанияттық өміршең құлықтың, барынша талап етілетін құлықтың
мағынасы мен мазмұны деп саналған фактысын тарихи тұрғыдан қалай түсіндіруге
болады? Бұл жерден "материалдық" жағдайлардың идеологиялық қондырғыда
"шағылысуын" көру жай ғана ақымақтық болар еді. Сырттай алғанда тек пайда табуға