Page 46 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
46
тұрғысынан алғанда мұндай тұрмыс салтының, іс адам үшін емес, адам іс үшін өмір
сүретін тұрмыс салтының барлық иррационалдығын ашып көрсетеді. Әрине, байлықпен
келетін құрметке, билікке ұмтылыс та белгілі рөл атқарады, ал бүкіл халықтың ынтасы,
мысалы, АҚШ-тағыдай таза сандық идеалға жетуге бағытталған жерде бұл сияқты цифлар
романтикасы коммерциялық топтар "ақындарын" айрықша шабытқа бөлейді. Алайда,
капиталистік дүниенің мызғымас табысқа жеткен жетекші кәсіпкерлер, әдетте өз
қызметінде мұндай пиғылдарды басшылыққа алмайды. Меншікті имение мен сый ретінде
берілген дворяндық атақ секілді тыныш қолтыққа табан тіреу, өзінің балаларын
университет студент! немесе тамаша жағдайы плебейлік шыққан тегін ұмытуға мәжбүр
ететін офицер ретінде көру ниетіне келсек, бүл тек эпигондық пен қүлдыраудың лсемісі.
Германияның жекелеген аса көрнекті кәсіпкерлерінің де жуықтап келе жатқан
капиталистік кәсіпкерліктің "мінсіз тұрпатының" мұндай мұрын көтеруімен үш қайнаса
сорпасы қосылмайды. Оған әшкере сән-салтанат пен ысырап құмарлық, сондай-ақ билікке
масайрау және өзі қоғамда ие болған құрметтің сыртқы әлем-жәлемі жат. Оның өмір
салтына жоғарыда келтірілген Франклин "уағызында" айқын көрінетін белгілі тақуалық
бағыт (біз үшін аса маңызды болып табылатын бұл құбылыстың тарихи мәніне әлі
тоқталамыз) тән. Капиталистік кәсіпкердің мінезінен белгілі ұстамдылық пен
қарапайымдылық жиі байқалады, олар Бенджамин Франклин парасатты ұсынатын
қанағатшылдықтан әлдеқайда шынайы. Бүл тұрпаттағы кәсіпкерлердің өзіне байлық
"ештеңе бермейді, бар берері өзі бейім істе борышын жақсы атқару" дейтін
иррационалдық түйсік қана болар.
Капитализмге дейінгі дәуір адамына, алайда нақ осы түсініксіз де тылсым нәрсе,
соншалық лас та жиіркенішке лайық деп көрінеді. Әлдекімнің көрге мал-мүлік арқалап
ену үшін материалдық игіліктер жасауды өмірлік қызметінің дара мақсаты етіп қоюын
өзге дәуір адамдары тек ниеті бұзылғандықтың, "
auri sacra fames
" нәтижесі деп қана
қабылдай алатын.
Қазіргі кезде, осы заманғы саяси, жеке құқықтық және коммуникация институттары
тұсында, бүгінгі шаруашылық құрылысы мен өндіріс пошымы тұсында "капитализм
рухын" бейімделу нәтижесі деп қарастыруға болар еді. Капитализмнің шаруашылық
құрылысына мәнісі ақша табуға саятын осынау іске берілгендік өзінің "бейіміне" қызмет
етуі қажет: бүл сыртқы игіліктер жөніндегі аталмыш құрылымға соншалық сай келетін,
экономикалық тіршілік ету жолындағы күрес шартымен соншалық біте қайнасқан өзіндік
бір нұсқау, сондықтан да қазіргі кезде жоғарыда аталған "хрематикалық" (базарға
бейімделген капиталистік тұрпаттағы шаруашылық - Ауд.) өмір салты мен әлдене тұтас
дүниетаным арасындағы қандай да бір міндетті байланыс туралы әңгіме болуы шынында
да мүмкін емес. Капиталистік шаруашылық ендігі жерде қандай да бір діни ілімнің
санкциясын қажет етпейді және шіркеудің шаруашылық өміріне кез-келген ықпалын (ол
жалпы сезінерлік шамада) дәл мемлекет тарапынан экономиканы регламенттеу секілді
кедергі деп санайды. Енді "дүниетаным" әдетте, сауда саясатының немесе әлеуметтік
саясаттың мүдделерімен айқындалады. Кімде-кім капиталистік қоғамда табысқа жету
тәуелді болатын шарттарға бейімделе алмаса, сол күйреуге ұшырайды немесе әлеуметтік
баспалдақпен көтеріле алмайды. Алайда мұның бәрі - капитализм жеңіп шығып, енді өзіне
қажеті жоқ тіректі серпіп тастайтын дәуірдің құбылысы. Өз кезінде ол шаруашылықты
регламенттеудің ортағасырлық пошымдарын қалыптасып келе жатқан мемлекеттік
үкіметпен одақтасып қана талқандай алғаны тәрізді, ол, бәлкім, (әзірге біз мұны тек
топшылай аламыз), діни сенімдерді де пайдаланған болар.
Шындығында да солай болды ма, болса, қандай болды, мұны біз әлі анықтауымыз керек.
Өйткені жалаң мақсат ретіндегі түрінде "бейім" ретіндегі баю тұжырымдамасы тұтас бір
дәуірлердің инсанияттық ұғымдарына кереғар деген байлам дәлелдеуді қажет ете қояр ма