Қазақстанның ашық кітапханасы
45
берілмей, өндіріске жұмсалатын. Бұрынғы жайлы, тыныш өмір келмеске кетіп, қатаң есеп
заманы туды: уақыт заңына бағынып, ісі оңғарылғандар енді тұтынуды қаламай, қарпып
қалуға ұмтылды; енді біреулер бұрынғы қалыпты өмір салтын сақтап қалуға ұмтылды,
бірақ қажеттерін шектеуге мәжбүр болды. Бұл орайда, — ең бастысы, - бұл төңкерісті
жасаған, әдетте, жаңа ақшаның құйылуы емес (бізге мәлім бірнеше жағдайда бүкіл
революцияландыру процесі туысқандардан қарызға алынған бірнеше мыңмен жасалды),
жаңа рухтың, атап айтқанда "осы заманғы капитализм рухының" бұзып-жарып кіруі
болатын. Бүгінгі заманғы капитализм экспансиясының қозғаушы күші мәселесі
капиталист жаратқан ақша ресурстарының қайнар көзі туралы мәселеге саймайды. Бүл
бірінші кезекте капиталистік рухтың дамуы туралы мәселе. Ол өзі пайда болып, өзінің
ықпалын жүргізе бастаған жерден өзіне қажет ақша ресурсын табады, бірақ керісінше
емес. Алайда оның орнығуы әсте бейбіт жолмен жүрген жоқ. Ғаламат сенбестік, көбіне
өшпенділік, бәрінен бұрын моральдық ыза жаңа лептің жақтасын ұдайы қарсы алып
отырды; тіптен оның өткенінің күмәнді дақтары туралы шындыққа бергісіз аңыздар
таратылып жүрді (бізге оның бірқатар мысалдары мәлім). Мұндай "жаңа леп" кәсіпкерін
төзімнің жұқаруынан, моральдық және экономикалық күйреуден кереметтей қайсарлық
қана сақтай алғанын, ахуалды сабырмен салмақтай білумен, белсенділікпен қатар ол ең
алдымен мүлдем анық, жақсылап көрінетін "этикалық" қасиеттерге ие болуға тиісті
болғандығын, жаңа тәсілдерді енгізу үстінде клиенттер мен жұмысшылардың қажетті
сенімін тек солар ғана қамтамасыз ете алғандығын біреу-міреу теріске шығара алмас; тек
осы қасиеттер ғана оның қисапсыз кедергілерді жеңуіне, және ең алдымен капиталистік
кәсіпкерлікте қажет және қамсыз тіршілікпен, өмірден бос ләззат алумен сыйыса
алмайтын еңбектің қарқындылығы мен өнімділігін шексіз арттыру үшін тиісті қуат бере
алатын еді; осынау (этикалық) қасиеттер өзінің ерекшелігі тұрғысынан ілгергі уақыттар
дәстүршілдігі мен соған тән қасиеттерге жат өзге тұрпатқа жатады.
Дәл солай мына бір нәрсе де күмәнсіз: осынау сырттай елеусіз, бірақ жаңа рухтың
экономикалық өмірге енуі үшін шешуші мәні бар өзгеріс біз бүкіл экономикалық тарих
бойында ұшырататын жаужүрек, бірақ принципсіз алаяқтар мен авантюристердің, болмаса
"қалталылардың" қолымен жасалған жоқ, оны жасаған өмірдің қатал мектебінен өткен, бір
мезгілде әрі сақ, әрі батыл, өзінің табиғаты жағынан сабырлы, қанағатшыл да табанды, өз
ісіне басы бүтін берілген, буржуазиялық көзқарастары мен "принциптері" қатаң адамдар.
Үстірт қарағанда осынау жеке моральдық қасиеттер мен қандай да бір этикалық максима,
одан да әрі діни көзқарас арасында ортақ ештеңе жоқ, мұндай іскерлік өмір салтына қайта
әлдене теріс бағыт, дәстүр үстемдігінен босанып шығуға қабілеттілік, яғни либералдық-
"ағартушылық" мақсаттарға жуық бірдеңе сай келеді деп топшылауға болады. Және бұл
тұрмыс салты мен діни иман арасындағы байланыс әдетте не мүлдем жоқ, не теріс сипат
алған біздің заман үшін жалпы алғанда дұрыс болар еді; Германияда жағдай, айталық, дәл
осындай. Бойын"капиталистік рух" меңдеген адамдар бүгінде шіркеуге жауықпаса да,
мүлдем немқұрайлы қарайды. Жұмақтың тақуа жайбарақаттығы соншалық беймаза
жандарды еліктіре қоймайды, ал дін оларға тек адамдарды мына жалғанда еңбек
қызметінен тартындыру құралы болып көрінеді. Егер осы адамдардан өздері ешқашан
жемісін пайдаланбайтын және өздері нақ мына жалғанның тірлігінің бәрінен көп
күйттейтін жерде мүлдем мағынасыз болып көрінуге тиіс жанталаса баюға ұмтылысының
себебін сұрай қалсаңыз, олар кейбір жағдайларда тегінде, "балаларым мен немерелерімнің
қамы үшін" деп жауап берер (егер жауап қатуға мойны жар берер болса); олар жай ғана:
үздіксіз талап қойып отыратын істің өзі біз үшін "тіршілік етудің қажетті шартына
айналды" дер еді (өйткені бірінші уәж кәсіпкерлердің аталмыш түрпатына ғана тән ерекше
нәрсе емес, дәл сол дәрежеде "дәстүршіл" пиғылдағы кәсіпкерлерге де тән). Расын
айтқанда, бұл шынында да бірден-бір дұрыс уәж, мұның үстіне ол жеке бастың бақыты