Қазақстанның ашық кітапханасы
44
өзінде мануфактуралық өндіріс жүйесін ойрандады, ал осы заманғы үйде атқарылатын бүл
жұмыстың онымен сырттай ғана ұқсастығы бар. Бүл процестің қалай жүріп жатқанын
және оның маңызы қанда екендігін көрсету үшін біз тағы да, мұның бәрі жақсы мәлім
болғанымен, нақты мысалға тоқталамыз.
Өткен ғасырдың ортасына дейін үй өнеркәсібі бұйымдарын сатып алушының (бері
салғанда континенттік Еуропаның тоқыма өнеркәсібінің кейбір салаларында) өмірі, біздің
түсінігіміз бойынша, едәуір тыныш өтіп жатты. Оны көз алдымызға былайша елестетуге
болады: шаруалар көбінесе негізінен яки тұтасымен оз шикізатынан жасалған
бұйымдарымен (егер ол мата болса) көтере сатып алушы тұратын қалаға келетін; мұнда
бұйымдардың сапасы мұқият (кейбір жағдайларда ресми) тексерілген соң олар кесімді
ақысын алатын. Көтере сатып алушының тауарды қашық жерлерде өткізетін клиенттері
басқа жерлерден келетін делдалдар болатын, олар әдетте бұйымдарды үлгісі бойынша
емес, дағдылы сорттарды білуіне қарай алатын; делдалдар тауарды не қоймадан алатын,
не күн ілгері оған тапсырыс беретін; бүл жағдайда (көтере сатып алушы) өз кезегінде
шаруаларға тапсырыс беріп жататын. Клиенттерге жолығу мақсатымен сапар шегу мүлде
болмайтын немесе ілуде бір ғана, онда да ұзақ уақыттан кейін болатын; әдетте
корреспонденция немесе бірте-бірте енгізіле бастаған тауарды жеткізіп беру қызметі
жеткілікті болатын. Жұмыс күні шаршата қоймайды - 5- 6 сағаттай, көбінесе одан да аз,
әлдебір сауда науқандары кезінде, олар жалпы өткізілген жерлерде ғана көбірек; тәп-тәуір
еңбекақы бар, ол жап-жақсы күн көруге, жақсы уақыттарда азын-аулақ соманы кейінге
сақтап қоюға жетіп жатыр; бәсекелестер арасындағы жалпы алғанда салыстырмалы
түрдегі жанашыр іскерлік принципінің ұқсастығына негізделген қатынас, "клубқа" жиі
барып тұру, жағдайға қарай кешкілік бір саптыаяқ сыра, отбасы мерекелері, бірқалыпты
өтіп жатқан тыныш өмір.
Егер кәсіпкерлердің коммерциялық іскерлік қасиеттері, іске жаратылған және
айналымдағы капитал, экономикалық процестің объективті жағы немесе бухгалтерлік
есеп беру сипаты тұрғысынан келсек, біздің көз алдымызда қай жағынан қарасаң да
ұйымдастырудың "капиталистік" пошымы тұрғанын мойындауымыз керек. Соған
қарамастан бүл әбден сіңісті болған рухы тұрғысынан "дәстүршілдік" шаруашылық.
Мұндай шаруашылықтың негізінде дәстүрлі өмір салтын, дәстүрлі пайданы, дәстүрлі
жұмыс уақытын, дәстүрлі жұмыс жүргізуді, жұмысшылармен дәстүрлі қатынасты, және,
шындап келгенде дәстүрлі клиенттер тобын, сондай-ақ алармандарды тарту және өнім
өткізудегі дәстүрлі тәсілдерді сақтау принцип! жатты - осының бәрі біздің
топшылауымызша, аталмыш топтағы кәсіпкерлер "этосын" айқындады.
Алайда, әлдене бір сәтте, осынау бейқам тіршілік кенеттен бұзылатын және бұған көп
жағдайда тіпті де ұйымдастыру пошымында принципті озгерту - тұйық өндіріске көшу
немесе механикалық станоктарды енгізу ере жүрмейтін. Әдетте көбіне былай болатын:
көтере сатып алатындар арасынан шыққан бір жас адам қаладан деревняға көшіп алып,
онда тоқымашыларды мұқият іріктейтін, олардың тәуелділік дәрежесін және олардың
қызметіне бақылауды айтарлықтай күшейтетін, осылайша оларды шаруадан жұмысшыға
айналдыратын: сонымен бір мезгілде ол төменгі контрагенттерімен, яғни бөлшек сауда
дүкендерімен тығыз байланыс орнату арқылы бүкіл өнім өткізуді өз қолына
шоғырландыруға ұмтылатын, алушыларды өзі іздеп тауып, оларға жыл сайын жүйелі
барып тұратын және барлық күш-жігерін солардың қажеттері мен талаптарын орындауға,
"бәрі солардың талғамына сай келетін" етуге жұмсайтын; мұнымен бір мезгілде ол "төмен
баға, жоғары айналым" принципін жүзеге асыра бастады. Содан кейін әрқашан және
барлық жерде бұл секілді "ұтымдандыру" процесіне ілесе жүретін нәрсе болып жататын:
кім көтеріле алмаса, сол құлдырай бастайтын. Кескілескен бәсекелестік тегеурінімен
идиллия күл-талқан болатын, жаңа жағдайда өсіп шыққан мол дәулет, бұрынғыдай өсімге