Қазақстанның ашық кітапханасы
43
Алайда, бүгінгі заманға оралып, "дәстүршілдіктің" мәнін бұл жолы кәсіпкерлердің
мысалында айқындауға тырысып көрелік. Зомбарт өзінің капитализм генезисі
проблемасын зерттеуінде экономика тарихының "қажеттіктерді қанағаттандыру" және
"пайда" секілді екі лейтмотивін атап көрсетеді, олар шаруашылық жүйесінің пошымы мен
қызмет бағытын не айқындайтынына - жеке қажеттіліктер немесе оларға тәуелсіз баюға
құмарлық пен өнімді өткізу жолымен пайда табу мүмкіндігі айқындайтындығына қарай
оның
тұрпатын
сипаттайды.
Зомбарт
"тұтынушы
шаруашылық
жүйеci"
("
Bedarfsdeckungssystem
") деп атайтын нәрсе бір қарағанда біздің экономикалық
дәстүршілдік дегенімізбен сәйкес келеді. Егер "қажеттіліктер" ұғымын дәстүрлі
қажеттіліктер деп түсінер болсақ бұл дұрыс. Керісінше болса өзінің ұйымдастырылу
тұрпаты жағынан, және де Зомбарттың еңбегінің басқа бір тұсында "капиталға" берген
анықтамасына сәйкес "капиталистік" болып саналатын көптеген шаруашылықтар "қарпып
қалушы" шаруашылықтар ауқымынан шығып қалып, "тұтынушы шаруашылықтар"
санатына өтіп кетеді. Өзінің сипаты бойынша жеке кәсіпкерлер капиталды (ақша түрінде
немесе ақшаға шаққан меншік түрінде) айналымға түсіру арқылы, яғни өндіріс
құралдарын сатып алып, өнім сату жолымен пайда табатын, демек, сөзсіз "капиталистік
кәсіпорын" болып табылатын шаруашылықтар да "дәстүршіл" шаруашылық бола алады.
Мұндай шаруашылықтар жаңа заманның экономикалық тарихы үшін тіпті де жат нәрсе
емес, олар "капитализм рухының" шаруашылық өрісіне барған сайын қуатты килігуіне
байланысты сөзсіз қайталанып отыратын үзілістерден кейін ұдайы жаңадан пайда болып
отырады. Шаруашылықтың капиталистік пошымы мен ол жүргізілетін "рух",
"адекваттық" қатынаста болады, бірақ бүл адекваттық "заңмен" шарттастырылған
тәуелдікпен ұқсас емес. Және егер біз, осыған қарамастан, бұл арада өз кәсібі ауқымында
заңды жолмен табыс табуға жүйелі және ұтымды ұмтылыс тән (мысал ретінде Бенджамин
Франклиннің айтқандары келтірілген болатын) ойлау машығына анықтама беру үшін
"(қазіргі заманғы) капитализм рухы"40 ұғымын шартты түрде қолданып жатсақ, онда біз
мұны мынадай тарихи байқаумен негіздейміз: мұндай ойлау машығы капиталистік
кәсіпорында өзінің неғұрлым адекватты пошымын, ал капиталистік кәсіпорын өз кезегінде
одан ең адекватты рухани қозғаушы күшін тапты.
Алайда бұл пошым мен бұл рух жеке-жеке де өмір сүре алады. Бенджамин Франклин
өзінің баспаханасының кез-келген өзге қолөнершілік кәсіпорыннан ешбір айырмасы жоқ
кезінде "капиталистік рухқа" толық бой алдырған болатын. Алда көретініміздей, біз
"капитализм рухы" деп анықтама берген ойлау машығының иелері жаңа заманның елең-
алаңында сауда патрициаты саналатын тіпті де капиталистік кәсіпкерлер емес, жаңа бел
алып келе жатқан қолөнершілердің орташа жіктері болды. XIX ғасырда да осындай ойлау
машығының классикалық өкілдері Ливерпуль мен Гамбургтың сауда капиталын мұраға
алған текті джентельмендері емес, Манчестер мен Рейн Вестфалиясының тым қарапайым
отбасыларында дүниеге келген еті тірі жігіттер болды. Тіпті XVI ғасырдың өзінде осылай
болған еді: сол кезде жаңадан пайда болып жатқан кәсіпорындардың негізін қалаушылар
негізінен орташа жіктерден шыққандар болатын.
Банк, көтерме экспорт саудасы, тіптен қандай да бір елеулі бөлшек сауда, және ақыр
аяғында, үйдегі өнеркәсіп тауарларын толайым сатып алу кәсіпорындары тек капиталистік
кәсіпорындар пошымында ғана бола алатыны мүлдем анық нәрсе. Соған қарамастан бүл
кәсіпорындар қатаң дәстүршілдік рухын сақтай алады: ірі эмиссиялық банктердің ісін
жалпы өзгеше жүргізуге болмайды; теңіздерден өтіп жүргізілетін сауда жүздеген жылдар
бойына қатаң дәстүршілдік сипаттағы монополия мен регламенттерге сүйенді, бөлшек
саудада (біз қазіргі заманда мемлекетке алақан жайып отырған, қолында ештеңе жоқ
жалқауларды айтып отырған жоқпыз) революцияландыру процесі әлі күнге қарқынды
жүріп жатыр; ескі дәстүршілдіктің ту-талақайын шығара алатын бұл төңкеріс қазірдің