Қазақстанның ашық кітапханасы
41
Қазіргі кәсіпкерлердің "өз" жұмысшыларының еңбек қарқынын арттырып, ең жоғары
еңбек өнімділігіне жету жолында қолданатын техникалық тәсілдерінің бірі - істелген
жұмысына қарай еңбекақы төлеу. Мәселен, ауыл шаруашылығында жиын-терін
жұмыстың ең жоғары қарқынын талап етеді, өйткені пайданың не зиянның көлемі -
әсіресе ауа райы тұрақсыз жағдайда - оның дер кезінде аяқталуына тәуелді. Сондықтан
мұнда белгілі бір кезеңде барлық жерде дерлік істелген жұмысына қарай ақы төлеу жүйесі
енгізіледі. Кіріс пен шаруашылық қарқынының өсуі, әдетте, кәсіпкердің өскелең
мүдделілігін туындататындықтан, ол жұмыс ақысын көбейтіп, сол арқылы
жұмысшылардың қысқа мерзімде әдеттен тыс мол жалақы алуына мүмкіндік беріп,
оларды еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыруға тырысады. Бірақ осы арада күтпеген
қиындықтар туады. Кейбір жағдайларда жұмыс ақысының артуы еңбек өнімділігінің
артуына емес, қайта төмендеуіне соқтырады: өйткені жұмысшылар жалақысының өсуіне
атқарылған күндік еңбек көлемін ұлғайту емес, төмендетумен жауап береді. Мәселен,
орақшы бір морген үшін бір марка төленетін жағдайда күніне 2,5 морген орып, 2,5 марка
табады, ақы әрбір морген үшін 25 пфенингке көтерілген соң, ол күніне 3,75 марка
табатындай 3 морген ору орнына, Інжілде айтылғандай "қанағат етіп", сол баяғы 2,5
маркасын алып, күніне 2 морген ғана оратын болады. Оны жалақының өсуінен гөрі
еңбектің жеңілдеуі көбірек қызықтырған, ол өз еңбегімнің өнімділігін мүмкіндігінше
арттырғанда бір күнде қанша таба аламын деп сұрамаған; сұрақ басқаша қойылған - мен
осыған дейін тауып келген және менің дәстүрлі қажетімді қанағаттандыратын 2,5 марка
табу үшін қанша жұмыс атқаруым керек? Біз "дәстүршілдік"деп отырған ойлау жүйесінің
мысалы осындай: адам "өзінің табиғаты бойынша" ақша табуға, ақшаны үсті-үстіне таба
беруге бейім емес, оның қалыпты, үйренген дағдысымен өмір сүргісі келеді және осылай
өмір сүру үшін қанша қажет болса, сонша ақша тапқысы келеді. Осы заманғы капитализм
жоғары еңбек "өнімділігіне" оның қарқынын ұлғайту арқылы жетпек болған жердің
бәрінде ол ту сыртында табанды қарсылық бұғып жатқан еңбекке капитализмге дейінгі
қатынастың осындай лейтмотивімен ұшырасып отырды, капитализм бүл қарсылыққа күні
бүгінгі дейін ұшырасып отыр және жұмысшылар неғұрлым артта қалған болса
(капиталистік тұрғыдан қарағанда) ол соғұрлым қатты қарсылыққа ұшырасады.
Мысалымызға оралайық. "Дүниеқоңыздыққа" иек арту ақталмағандықтан, жұмыс ақысын
көтеру күткен нәтижені бермегендіктен соған кері шара қолдануға жүгініп, атап айтқанда
жалақыны кеміту жолымен жұмысшыларды көбірек өнім шығаруға мәжбүр ету табиғи
нәрсе секілді көрінеді ғой. Мұндай ой барысы төмен еңбек ақы мөлшері мен жоғары пайда
арасында тікелей байланыс бар деп білетін жалақыны кез-келген мөлшерде көтеру
пайданы сол мөлшерде азайтады-мыс деген сіңісті аңғал түсінікпен қуатталатын (көбіне
бүгін де қуатталады). Шынында да, капитализм өзі пайда болған сәттен бастап бүл жолға
ұдайы оралып отырды, және бірқатар ғасырлар бойы аз жалақы "өнімді" екендігі, яғни
еңбек "өнімділігін" арттыратыны, осыған дейін Питер де ля Кур айтқандай (бұл мәселеде
ол мүлдем ерте кальвинизм рухында ойлайды), халық кедей болғандықтан ғана және ол
кедейліктен арылғанға дейін ғана жұмыс істейтіні даусыз ақиқат деп саналып келді.
Алайда осынау, соншалық сыннан өткен тәрізді тәсіл өз тиімділігін белгілі бір шекке
дейін ғана сақтай алады. Әрине, капитализмнің дамуы үшін халықтың шамадан біраз
артық болу қажеттігі ешқандай күмән тудырмайды, бұл базарда арзан жұмыс күшін
қамтамасыз етеді. Алайда көп санды "резервтегі армия" белгілі жағдайларда
капитализмнің таза сандық экспансиясына қолайлы болғанымен, ол оның сапалық
дамуын, соның ішінде өндірістің қарқынды еңбекті талап ететін пошымдарына қажет
болғанда тежейді. Төмен жалақы тіпті де арзан еңбекпен бірдей емес. Тіптен таза сан
жағынан алғанда да, жалақы тіршілік ету қажетіне жетпейтін барлық жағдайда еңбек
өнімділігі төмендейді, бүл сайып келгенде "неғұрлым жарамсыздарды шығарып тастауға"
жетелейді. Бүгінгі силезиялық өзінің бар күшін салғанда орта есеппен бірдей уақыт ішінде