Қазақстанның ашық кітапханасы
40
barca- juolo
(қайықшысының), сондай-ақ азиялық осы тәрізді кәсіп иесінің "
Auri sacra
fames"
, сол секілді оңтүстік еуропалық немесе азиялық қолөнершінің ақша құмарлығы, өз
тәжірибемізден оңай көз жеткізетініміздей, мысалы, осындай жағдайдағы ағылшынның
ашқарақтығынан әлдеқайда айқын байқалады және ең алдымен әлдеқайда неғұрлым
арсыз. Ақша табу ісіндегі абсолютті ұятсыздық пен қараулықтың жаппай үстемдігі, өзінің
буржуазиялық-капиталистік дамуы жағынан батыс еуропалық ауқыммен алғанда "мешеу"
елдерге тән. Мысалы, Италия сияқты елдердің капиталистік дамуы барысындағы негізгі
кедергілердің бірі жұмысшылардың жеткілікті
cosienziosita
(саналы) болмағандығы, оны
Германиядан өзгешелейтін де осы екендігі әрбір фабрикантқа жақсы мәлім. Капитализм
үшін практикалық қызмет өрісінде тәртіпсіз
liberum arbitrium
(өз еркі өзіндегі) өкілдері
жұмысшы өзінің мінез-құлқында ашықтан-ашық ұятсыз - біз мұны Франклин
шығармаларынан білеміз - кәсіпкерлер де соншалық жарамсыз. Демек, сөз болып отырған
айырмашылық баюға "бейімділіктің" қандай да бір интенсивтілігі дәрежесінде емес. "
Auri
sacra fames
" ықылым заманнан бар және бүкіл адамзат тарихына мәлім. Алайда біз
мынаны көреміз: жаппай құбылыс ретінде - ал бізді қызықтыратын нәрсе нақ осы -
капитализмнің осы заманғы ерекше "рухы" өсіп шыққан ойлау машығының өкілдері
"тіптен желкенжер жанып кетсе де, пайда үшін тамұқтың өзіне кіріп шығуға әзір"
голландық капитан осы бейімділікке тіпті толық берілген адамдар болмаған. Ешқандай
шектеусіз, қандай да бір норма дегенді білмеген дүниеқоңыздық бүкіл тарихи даму
барысында болған құбылыс; дүниеқоңыздық қай жерде өзіне қолайлы жағдай туа қалса,
сол жерде пайда бола кететін. Өзінің тайпасы мен руынан өзгеше адамдар жөнінде
ешқандай нормалармен шектелмеген еркін сауда, соғыс пен теңіздегі қарақшылық тәрізді
ешқандай кедергі кездестірген жоқ. "Сыртқы мораль" ұжымнан тыс жерде "бауырлар"
арасындағы қатынаста қатаң жазғырылатын нәрсеге рұқсат беретін; капиталистік
кәсіпкерлік өзінің сыртқы белгілерінде және өзінің "авитюристік" аспектісінде, ақша
сипатындағы мүлік және оны пайда табу үшін жұмсау мүмкіндігі (комменда, салықты
сатып алу, мемлекетке қарыз беру, соғыстарды, князь сарайларын, мансап иелерін
қаржыландыру көмегімен) бар жерде барлық шаруашылық жүйелеріне белгілі екендігі
секілді, этикалық шектерді көзге ілмейтін авантюристік ойлау машығы да жаппай
таралған құбылыс болатын. Пайда қуудағы абсолютті де әбден саналы ожарлық дәстүрге
ең қатал беріктікпен жиі ұштасатын. Дәстүрдің әлсіреуі және еркін дүниеқоңыздықтың
әлеуметтік қатынастардың ішкі өрісіне барған сайын азды-көпті терең сұғынуы әдетте
этиканы мойындауға және жаңа көзқарастардың хатталуына жетелеген жоқ: оларды не
этикалық немқұрайлы құбылыс, не қасіретті, бірақ, өкінішке қарай, амал жоқ факт ретінде
қарастырып, тек төзді. Біз капитализмге дейінгі дәуірдің барлық этикалық ілімдерінен
табатын баға ғана емес, сонымен бірге - біз үшін едәуір маңыздысы - сол кез
тоғышарларының күнделікті практикасынан көрінетін көзқарасы да осындай еді. Біздің
"капитализмге дейінгі" дәуір туралы сөз етіп отырғанымыздың себебі - шаруашылық
қызмет бірінші кезекте капиталды өндіріске енгізу арқылы оны ұтымды пайдалануға да,
еңбекті капиталистік тәсілмен ұтымды ұйымдастыруға да әлі бағдарланбаған болатын.
Дүниеқоңыздыққа
аталмыш
көзқарас
реттелген
буржуазиялық-капиталистік
шаруашылықтың алғышарттарына адамдардың төселуіне барлық жерде ұшырасқан ең
күшті ішкі кедергілердің бірі болды.
Капитализм "рухының" бетпе-бет ұшырасқан бірінші қарсыласы және норма жағынан
шарттастырылған "этикалық" әлпетте көрінетін, белгілі бір өмір салты болып табылатын
қабылдау мен мінез-құлықтың дәстүршілдік деп атауға болатын тұрпаты еді. Алайда біз
бүл жерде де осынау ұғымға ақтық "дефиниция" беруден бас тартуға мәжбүрміз. Біз
өзіміздің ойымызды бүл орайда төменнен, жүмысшылардан бастап, бірнеше мысалмен
түсіндіруге (әрине, алдын-ала ғана) тырысып көреміз.