Page 39 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
39
өкілдерінің, ол мейлі кәсіпкер немесе қазіргі заманғы кәсіпорын жүмысшысы болсын,
субъективті игеруі капитализмнің одан әрі өмір сүруінің бүгінгі таңдағы қажетті шарты
болып табылады деп кесіп айтқымыз да жоқ. Осы заманғы капиталистік шаруашылық
құрылыс - сұмдық космос, оған әрбір жеке адам шыр етіп туғаннан тартылады және оның
шекарасы, бері салғанда жеке индивид ретінде оған бір рет біржола берілген және
өзгермес нәрсе болып қала береді. Индивид, базар қатынастарының күрделі
шырмалысына қай шамада енуіне қарай капиталиста шаруашылық құлқының
нормаларына бағынуға мәжбүр болады; осынау нормаларын ұзақ уақыт бойы бұзып
келген фабрикант, оларға үйрене алмаған немесе үйренгісі келмеген жұмысшы көшеге
жай ғана қуып шығарылатыны секілді, экономикалық тұрғыдан сөзсіз аластатылады.
Осылайша, осы заманғы шаруашылық өмірде үстемдікке ие болған капитализм өзіне
қажетті шаруашылық субъектілерін - кәсіпкерлер мен жүмысшыларды - экономикалық
іріктеу жолымен тәрбиелеп, қалыптастырады. Алайда тарихи құбылыстарды түсіндіру
үшін "іріктеу" ұғымын қолдану шекарасы нақ осы арада мейлінше айқын көрінеді.
Тұрмыс салты және кәсіпке қатынас өрісінде капитализм ерекшелігіне сәйкес "іріктеу"
жасалуы үшін, яғни мінез-құлық пен түсініктердің белгілі бір түрі басқаларынан үстем
шығуы үшін, ол, әлбетте, әуелі өсіп шығуға тиіс болады, және жекелеген, бір-бірінен
оқшауланған кісілердің бойында емес, адамдар тобын баурап алған әлдене дүниетаным
секілді өсіп шығуға тиіс. Түсіндіруді талап ететін де осы пайда болу.
Тарихи материализмнің бұл сияқты "идеялардың" экономикалық қатынастардың
"шағылысуы" немесе "қондырмасы" ретінде пайда болуы туралы аңғырт түсініктеріне
келсек, біз оларға ілгеріде толығырақ тоқталамыз. Бүл арада Франклиннің отанында
(Массачусетсте) "капитализм рухының" (біз қабылдаған ұғымда) қандай да бір
"капиталистік өркендеуге" дейін сөзсіз болған фактысын көрсете кету жеткілікті
(Американың басқа аймақтарынан өзгеше, Жаңа Англияда пайдаға құнығуға байланысты
есепшілдіктің ерекше көріністеріне сонау 1632 жылы-ақ шағым жасала бастады); сондай-
ақ мына бір жәйт та күмәнсіз, кейіннен оңтүстік штаттарға айналған көршілес отарларда,
нақ сол отарлардың негізінен іскерлік пиғылдармен ірі капиталистер қалағанына
қарамастан, капиталистік рух Жаңа Англияның мекендерін діни сарындарды күйттеген
уағызшылар мен
graduates
(оқу орындарының түлектері – Ayд.) ұсақ буржуазияның
өкілдерімен, қолөнершілермен және йомендермен (жерді жалға алушылар, ұсақ жер
иеленушілер - Ред.) құрған болатын. Демек, бұл жағдайда себептік байланыс
"материалистік" көзқарас тұрғысынан кесіп айтылуға тиіс постулатқа кереғар. Бұл тәрізді
идеялардың жастық шағы "қондырма" теоретиктері топшылайтыннан неғұрлым қиын
және олардың дамуы жай шешек атуға ұқсатылмайды. Біз өзіміздің баяндауымыздың
барысында анықтаған мағынадағы "капитализм рухы" өзіне жау қисапсыз күштермен
ауыр күрес үстінде орнықты. Бенджамин Франклиннен келтірілген жоғарыдағы
жолдардан бой көрсеткен және тұтас халық жанашырлықпен қабылдаған ойлау машығы
ежелгі заманда және орта ғасырларда пасық сараңдықтың масқара көрінісі ретінде аяусыз
айыпталар еді; мұндай көзқарас осы заманғы ерекше капиталистік шаруашылықпен
барынша аз байланысқан немесе оған барынша аз бейімделген барлық әлеуметтік топтарға
бүгіндері де тән. Аталмыш жағдай тіпті де "баюға ұмтылу" капитализмге дейінгі дәуірде
белгісіз болғанымен, немесе, айтыла беретініндей, ол кезде жеткілікті дамымағандығымен
және "
auri sacra fames
"("алтынға антұрған құмарлық"), ашкөздік, алдануға бейім бүгінгі
романтиктер ойлайтынындай, ол кездері (немесе біздің уақытымызда) буржуазиялық
капитализмнен тыс жерде капитализм өрісінің өз ішіндегіден кем болғанымен
түсіндірілмейді. Капиталистік және капитализмге дейінгі "рухтың" айырмашылығы мұнда
емес. Қытай мандариндерінің, Ежелгі Рим аристократтарының немесе қазіргі
аграрийлердің ашкөздігі кез-келген теңеуге шыдас береді. Неаполь арбакешінің немесе