Қазақстанның ашық кітапханасы
3
сөйлесумен тойтарылып тасталады. Егер ұшырасқан адамды сіз тек жүзтаныстық
арқасында білетін болсаңыз, онда, тегінде, сіз бірінші рет (бұл соңғы рет болуы да мүмкін)
онымен қол алысып амандасасыз. Және де танысыңыз басқа бір тұрғыдан - бір жолы сіз
онымен кездесіп, азын-аулақ тіл қатысқаныңыздан басқа, немесе сіз оны өздеріңізді
жақындастыратын кейбір қасиеттері бойынша, мысалы, кәсіп яки мамандық жағынан
әріптес ретінде білетіндігіңізден басқа жағдайда - сонымен, басқа бір тұрғыдан ол сізге
мүлдем бөгде адам, атап айтқанда, басқа ұлттан болып, басқа тілде сөйлейтін адам болып
шығуы мүмкін: бәрібір ол - танысыңыз, тіпті, сіздер қиналып ұғынысатын және бір-
біріңіздің тіліңізді нашар түсінетін болсаңыздар да солай. Біздің тіліміз таныс пен біз жай
ғана білетін адамның арасындағы айырмашылықты ғажап айырады. Таныс - менің
танысым - мені де біледі; ал мен жай ғана білетін адам шындап келгенде мені білмейді
немесе, бері салғанда, мені біле бермейді. Биік адамды - жаратылыстық мағынада да,
рухани мағынада да - кеп адам керіп, біледі, алайда ол оларды көрмейді де, білмейді де, ал
кейде білгісі де келмейді. Мен жай ғана білетін адам мені есінде сақтамаған; тіпті есінде
қалсам да мен туралы ештеңе білмеуі де мүмкін. Не ол маған салғырт қарайды, не мен
оған ұнамаймын. Ал таныстарды, керісінше, кейбіреулер достарының санатына қосады -
бүл ой машығының немесе сөйлеу тәсілінің үстірттігінің айғағы, дегенмен таныстық үшін
өзара ұнатып қалудың, жаттық үшін - өзара ұнатыспаудың жеңіл тенденциясы тән: бар
болғаны тенденция, бірақ тенденциялар маңызды.
2. Ұнату және ұнатпау
Адамды жай ғана білу де, онымен таныс болу да біз оған жамандық тілей, немесе,
керісінше, ол бізге ұнайды, сондықтан оны жақсы көреміз (бүл әлдеқайда сирек кездеседі)
деген сөз емес. Біз ұнататындар мен біз ұнатпайтындардың арасы жер мен көктей. Ұнату
да, ұнатпау да - эмоция, кейде оны адамға дейінгі бірдеңе деп біліп, инстинкт деп атайды;
шындығында олар көбіне ең асқақ, ізгі адам үшін ерекше сезімдермен байланысты, көп
жағдайда сондай сезімдерден, демек, біз ойлайтын, білетін нәрселердің бәрінен
туындайды. Бұған дейін айтылғанындай, таныстық пен ұнатудың - жаттық пен
ұнатпаудың арасында белгілі, нақты мәні бар өзара байланыс болады. Ұнату мен ұнатпау
неғұрлым инстинкт! болса, олар сыртқы құбылыстарға, әсіресе әйелдерде, соғұрлым
тәуелді бола түседі; бүл ең алдымен еркектің оларға әсерінен туындайтын сезімге
қатысты, олар - оның дене пішімінен, сырт келбеті мен бет әлпетінен, оның қалай
киінетінінен, өзін қалай ұстайтынынан, сөйлейтінінен, мәнері қандай екендігінен, оның
даусы қалай естілетіндігінен туындайтын әсерлер. Еркектер де әйелге бір көргеннен
ғашық бола береді: біреулерге әдемі пошым, екінші біреулерге тамаша бейне, тағы
біреулерге жай ғана көз жанары немесе батыл сөз, енді біреулерге әдемі көйлек немесе
сәнді қалпақ ұнап қалады. Алайда, тікелей инстинктік ұнату мен ұнатпауға бөтен
адамдармен танысу тәжірибесі кереғар шығуы мүмкін. Бұл орайда алғашқыда жағымсыз
эсер қалдырған біреу, кейін аса сүйкімді, қызықтыратын, тіпті тартымды адам болып
шығуы мүмкін екендігі басшылыққа алынады; әйелдер мен қыздарда басында өздеріне
ұнамаған еркекке ғаламат ынтызарлық туындайтыны бола береді, мысалы, жесір
королеваның Ричард ІІІ-ге ынтызарлығы сондай. Осыдан ұзаққа сілтейтін адал махаббат,
оның үстіне мәңгілік махаббат өсіп шыға ма - бұл басқа мәселе. Көбіне-көп кейінгі ащы
тәжірибе қуаттайтын алғашқы әсер қалай десек те дұрыс болып шығады. Бірақ қарама-
қарсы ситуация да дағдылы дерлік нәрсе: алғашқы тамаша әсер, аса бір жағымды иланым
неғұрлым жақын таныса келе сағым сияқты сейіліп кетеді де, біз сыртқы жарқыраққа оп-
оңай алданғанымызға опық жейміз.
Бірақ көптеген адамдар - бейтаныс, бөтен адамдар ғана емес, өзіміз білетін, бәлкім, тіпті
жақсы білетін адамдар - бізде ешқандай сезім тудырмайды, бізді селқос қалдырады. Рас,
селқостық үнемі қатып қалмайды, ол не ана, не мына жағына оп-оңай бет бұрады. Ұнату