Қазақстанның ашық кітапханасы
38
Рас, Франклиннің барлық инсанияттық ережелерінің утилитарлық негізделуі бар: адалдық
пайдалы, өйткені ол кредит әкеледі, дәлдік, ұқыптылық, қанағатшылдық та сондай,
осынау қасиеттердің бәрі дәл сондықтан жақсылық болып шығады. Осыдан алдамшы
адалдық дәл сол нәтижеге қол жеткізетін жерде ол шын адалдықты әбден алмастыра
алады деген байлам жасауға болады - өйткені, Франклиннің көзімен қарағанда,
жақсылықтың асып-төгіліп жатуы бар болғаны қажетсіз ысырапқорлық және сондықтан
жазғыруға лайық нәрсе деп топшылу оп-оңай. Шынында да Франклиннің ғұмыр баянынан
оның "есі кіріп", жақсылық жолына түсуін баяндауын немесе оның қарапайымдылық
елесін қатаң сақтау және өзінің сіңірген еңбегін саналы түрде төменшік көрсету беретін
пайда туралы, осыған ілесе жүретін жаппай танып, мойындау туралы оның толғамдарын
оқыған әрбір адам сөзсіз мына қорытындыға келеді: Франклин үшін аталған жақсылықтар,
айтпақшы бүкіл басқалары да, аталмыш адамға
in concreto
(нақты) пайда беретіндіктен
ғана жақсылық, және алдамшы жақсылық көмегімен дәл сол нәтижеге қол жететін болса,
барлық жағдайда да алдамшы жақсылықпен де шектелуге болады екен. Дәйекті
утилитаризм тұрғысынан алғанда сөзсіз шығатын қорытынды осындай. Бұл арада
немістер американдық моральдың "аярлығы" сияқты түйсінетін нәрсе, нақ сол нәрсе
in
flagranti
(қылмыс үстінде ұсталған - Ayд.) қолға түскен секілді. Алайда іс жүзінде мәселе
үстірт қарағандағыдан әлдеқайда күрделі. Таза эгоцентристік сарынды әсірелеп
көрсетуден басқа, бүл арада тағы бір нәрсе жатқанын айғақтайтын тек Бенджамин
Франклиннің оның ғұмырнамасының мейлінше шыншылдығынан көрінетін төл
қасиеттері ғана емес, оның өзінің бүкпей мойындағанындай, оны жақсылық жолына
салған құдіретті аян арқасында жақсылықтың "пайдалылығын" бағалай алу фактысы ғана
емес. Бұл этиканың
summun bоnum
'ы (асқақ игілік) ең алдымен пайдакүнемдікте, ақша
сыйлайтын ләззаттан, барлық эвдемонистік немесе геодонистік (бақилық және жалғандық
- Ауд.) қызықтардың бәрінен толық бас тартып, барған сайын көп пайда таба беруде; бұл
баюдың дара мақсат ретінде ойды билеп алатыны соншалық, ол жеке адамның "бақыты"
немесе "пайдасы" жөнінде трансцедентті, тіптен иррационалды бірдеңеге айналады. Ендігі
жерде табыскерлік адамдарға өмірлік қажеттерді өтеуге қызмет етпейді, қайта адамның
бүкіл тіршілігі табыс табуға арналып, оның өмірінің мақсатына айналады. Біз өмірдің
"табиғи" тәртібі деп атай алатын нәрседегі тікелей түйсіну тұрғысынан алғанда мағынасыз
төңкеріс капитализмнің оның лебін сезінбеген адамдарға жат қажетті лейтмотиві болып
табылады. Сонымен бірге Франклиннің көзқарасында белгілі бір діни ұғымдармен тығыз
жанасатын түйсіну гаммасы бар. Өйткені қандай да бір конфессиялық бағыт-бағдарсыз
деист Бенджамин Франклин адамдардан неліктен "ақша жасау" керек деген сұраққа, өзінің
ғұмыр баянында жазғандай, қатал кальвинист әкесінен жас кезінде әлденеше рет естіген:
"Сен өз ісіңде әбжіл адамды көрдің бе? Патшалар алдында сол тұрады"деген інжіл
нақылымен жауап береді. Бүгінгі замандағы шаруашылық құрылыс жағдайында ақша
табу, егер оған заңды жолмен қол жетер болса, өзінің бейіміне қарай еңбек ететін адамның
іскерлігінің нәтижесі әрі көрінісі болып табылады, ал осы іскерлік, жеңіл аңғарылатындай,
Франклин моралінің альфа мен омегасын құрайды. Жоғарыда келтірілген үзіндіде де,
оның өзге шығармаларының бәрінде де ол осылай білдірілген.
Шынында да, қазір біз үшін соншалық дағдылы, ал байыбына тереңдеп барғанда өздігінен
әсте солай қабылдана бермейтін кәсіптік парыз, міндеттеме туралы түсінік, әрбір адам
өзінің "кәсіптік" қызметіне, ол неден тұратынына қарамастан және ол индивидке оның
жұмыс күшін немесе оның мал-мүлкін ("капитал" ретінде) пайдалану ретінде көрінетініне
қарамастан, сезінетін және сезінуге тиісті түсінік - осынау түсінік капиталистік
мәдениеттің "әлеуметтік этикасына" етене тән, ал белгілі мағынада ол үшін
конститутивтік негізгі мәнге ие болады. Біз бүл идея тек капитализм топырағында өніп
шықты деп кесіп айта алмаймыз, алдағы уақытта біз оның бастауын табуға тырысып
көреміз. Осынау этикалық қағидаларды капиталистік шаруашылықтың жекелеген