Қазақстанның ашық кітапханасы
37
ертеңіне-ақ еске салады және ақшасын қайтаруды дәл сенің ақшасыз қалған кезіңде талап
етеді.
Мұның үстіне, мұқияттылық сенің алған қарызыңды үнемі есте сақтайтыныңды, яғни
сенің айтқаныңда дәл тұратын адам ғана емес, сонымен бірге адал адам екеніңді де
көрсетеді, ал мұның өзі сенің кредитіңді ұлғайтады.
Қолыңда бардың бәрін өз меншігім деп санаудан сақтанып, осыған сәйкес өмір сүру.
Кредит алған адамдардың көбі осындай өзін-өзі алдауға түсіп қалады. Бұған ұрынбау үшін
шығысың мен кірісіңе дәл есеп жүргізіп отыр. Егер сен барлық ұсақ-түйектерге назар
аударуға ерінбесең, оның мынадай оңды нәтижесі болады: сен ең түкке тұрмайтын
шығынның өзі қандай үлкен сомаға айналып кететінін көресің, сонда өткенде нені,
болашақта нені сақтап қалу мүмкін еді дегенге көзің ашылады...
Сен 100 фунтты алты фунт жылдық өсіммен (пайызбен) пайдалануға ала аласың, егер сен
ақылды да адал адам ретінде белгілі болсаң. Кім күніне 4 пенсті босқа жұмсаса, сол
жылына 6 фунтты текке жұмсайды, ал бүл дегеніңіз - 100 фунтты пайдалану құқығы үшін
берілетін ақы. Кімде-кім күн сайын 4 пенс тұратын уақытын босқа өткізсе, тіптен ол мейлі
бірнеше минут қана болсын, сол адам күнге шаққанда жиынтығы жыл бойына 100 фунтты
пайдалануы мүмкін уақытын зая жібереді.
Құны бес шиллинг уақытын зая жіберген адам 5 шиллингтен айрылады, яки ол сол
ақшаны теңізге атып жіберсе де болар еді. 5 шиллингін жоғалтқан адам, осынша соманы
жоғалтып қана қоймайды, іске жаратқан кезде алатын пайдасын да, жастың кәрілікке
жетер шағында айтарлықтай сомаға айналар ақшаны да жоғалтқаны".
Бенджамин Франклин осылай уағыздайды және оның бұл уағызы янкилер сенімінің
рәмізіне өткір де, зәрлі мысқыл иесі Фердинанд Кюрнбергердің "американ мәдениетінің
үлгісіне" өте жуық. Бүл жолдар нақ "капитализм рухымен", оның сипатты белгілерімен
суарылғанына ешкім күмәндана қоймас; алайда бұл осы "рухты" құрайтын нәрсенің бәрі
бар деген сөз емес. Кюрнбергердің "Америкадан қажыған" кейін кері өмір даналығын
"хайуаннан май жасайды, адамнан ақша жасайды" деп қысқа қайырған бұл жолдардың
мағынасына ой жіберсек, осы "сараңдық философиясының" ерекше бір мұратын көреміз.
Оның мұраты - қарызын төлеуге қабілетті тәуір адам, оның парызы өзінің капиталын
үстей беруді бірден-бір мақсат деп білу. Істің мәнісі мынада: бүл арада әншейін ғана
тіршілік құлқының ережесі насихатталып отырған жоқ, өзгеше бір "этика" баяндалып
отыр, одан мүлт кеткенің ақымақтық қана емес, өзіндік бір парызыңды бұзу деп те
қаралады. Әңгіме тек " практикалық даналық" туралы емес (бұл жаңалық болмас еді),
әлдебір этосты білдіру туралы болып отыр, ал бізді бүл философия нақ осы қырынан
қызықтырады.
Яков Фуггер, істен шеттеген және өзіне осы тапқаның да жеткілікті, енді өзгелердің де
мал табуына мүмкіндік беру керек деп кеңес берген істес жолдасын "қорқақ" деп
жазғырып, "мен (Фуггер) басқаша ойлаймын, шама-шарқым жеткенше табыс таба
беремін" дейді. Бүл сөздерде Франклин өсиетінің өзегін құрайтын "рух" жоқ; бір жағдайда
сарқылмас кәсіпкерлік жігер мен моральдық енжарлыққа бейімнің кемерінен асып төгілуі
болып табылатын нәрсе басқа бір жағдайда барлық өмір салтын реттейтін этикалық
реңктегі норма сипатына ие болады. "Капитализм рухы" ұғымын, әрине, осы заманғы
капитализм рухы ұғымын біз осындай ерекше мағынада пайдаланамыз. Өйткені,
проблеманың қойылуының өзінен әңгіме тек батыс еуропалық және америкалық
капитализм туралы ғана болып отырмағаны айдан анық. Капитализм ежелгі замандарда
және орта ғасырларда Қытайда, Үндістанда, Вавилонда болған. Алайда оған, төменде
көретініміздей, біз Франклиннен табатын нақ сол өзіндік бір этос жетіспеді.