Page 36 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
36
"өзекті" белгілерін анықтауға жетелер еді. Бұдан капитализм "рухы" деген біздің
проблеманың қойылуы үшін бізге неғұрлым маңызды көрінетін нәрсені ғана түсінуге
болады және солай етілуге тиіс деген қорытынды шықпайды. Бұл "тарихи ұғымдардың
жасалуының" өз ерекшеліктерімен түсіндіріледі, оның методикалық мақсаты болмысты
абстрактылы тектік ұғымдарға орайластыру емес, қайта оны өзінің жеке өзіндік бояуын
үнемі сақтайтын нақты генетикалық байланыстарға бөлшектеу болып табылады.
Егер біз қайткенде де осы зерттеуде талдау жасап, тарихи түсініктемесін беруді мақсат
етіп отырған объектіні айқындамақ болсақ, әңгіме оның ұғымдық негізгі мазмұны туралы
емес, капитализм "рухы" дегенде біз нені меңзеп отырсақ, соны алдын ала түсіндіріп беру
ғана (әрі кеткенде зерттеудің осы сатысында) болады. Мұндай түсіндіріп беру шынында
да осы зерттеудің пәні не екенін түсіну үшін қажет. Осы мақсат үшін біз сөз болып
отырған "рух" құжатымен, бізді ең алдымен қызықтыратын нәрсені классикалық
айқындықпен дерлік көрсетіп беретін құжатты пайдаланамыз; сонымен бірге бұл
құжаттың артықшылығы - оның діни түсініктермен ешқандай тікелей байланысы жоқ,
демек, біздің тақырыбымызға қолайлы ешқандай алғышарт жоқ.
Бұл құжатта былай делінген: "Есіңде болсын: уақыт - ақша, күніне он шиллинг табу
мүмкіндігі бар әлдекім соған қарамастан, жарты күнін қыдырыспен, немесе жалқаулықпен
босқа өткізсе, - ол күніне өзіне алты пенс қана жұмсайтын болса да - осы шығынды ғана
емес, оның үстіне тағы бес шиллингті босқа шаштым, дәлірек айтқанда лақтыра салдым
деп есептеуге тиіс.
Есіңде болсын: кредит деген - ақша. Маған қарыз берген адам сол ақшасын төлем
мерзімінен артық уақытқа менде қалдыра тұрса, маған пайызын немесе осы уақыт
аралығында сол ақшаның арқасында мен қанша кіріс келтірер болсам, соны маған
сыйлағаны. Егер адам жақсы да мол кредит алса және оны орынды пайдалана алса - бұл
елеулі соманы құрай алады.
Есіңде болсын: ақша деген өзінің табиғатында жемісті нәрсе және ол жаңа ақша тудыруға
қабілетті. Ақша ақшаны тудыра алады, оның үрім-бұтағы одан да коп тудырады, осылай
жалғаса береді. Айналымға қосылған бес шиллинг алтау болып оралады, осы алтауды
тағы айналымға қосса жеті шиллинг үш пенс болады, жүз фунтқа жеткенше осылай
жалғаса береді. Сенің ақшаң неғұрлым көп болса, олар айналымда неғұрлым коп
қайтарым береді, демек пайда барған сайын жылдам көбейе береді. Буаз шошқаны сойған
адам оның мыңыншы торайына дейінгі тұқымын бірден құртады. Бес шиллингтік мәнетті
босқа шығын еткен адам, сол бес шиллингтің қайтарымының бәрін: фунттардан қаланған
тұтас бағаналарды құртады.
Мына мақал есіңде болсын: қарызын уақытында төлейтін адамға өзгелердің әмияны
ашық. Қарызын дәл уақытында қайтаратын адам достарынан уақытша басы артық
ақшасын қарызға қашанда ала алады.
Ал мұның өзі өте тиімді. Жас адамның қоғамда лайықты орын алуына ұқыптылығы мен
қанағатшылдығына қоса барлық істеріндегі дәлдігі мен әділеттілігінен өзге ештеңе де дәл
осындай көмек жасай алмайды. Сондықтан сенің досыңның әмияны сен үшін мәңгіге
жабылып қалмасын десең, алған қарызыңды уақытынан бір сағатқа да кешіктірмей қайтар.
Кредитке тым ұсақ-түйек қарекеттің өзі ықпал ететінін ескере жүру керек. Сенің
балғаңның тықылын кредиторың таңғы бес пен кешкі сегізде естіп жүрсе, осының өзі
тұтас алты айға оны тыныштандырады, ал егер ол сені жұмыс уақытында бильярд ойыны
үстінде көрсе немесе сенің дауысыңды трактирден құлағы шалар болса, ол қарызды