Page 35 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
35
бір мысалдармен ауырлата беру орынсыз деп санаймыз. Өйткені осында келтірілген азын-
аулақ мысалдардың өзі бір ғана нәрсеге барынша айқын көз жеткізеді: "еңбек қызметінің
рухы" , әдетте оянуы протестангизмге таңылып жүрген "прогресс", тағы сол сияқтыларды
"өмір қызығы" деп түсінбеу керек және жалпы бұл ұғымға қазіргі кезде әдетте
жасалатындай "ағартушылық" мағына бермеу керек. Лютердің, Кальвиннің, Нокс пен
Фоэттің протестантизм! қазір "прогресс" аталып жүрген нәрседен мүлдем аулақ болатын.
Ол бүгіндері протестантизмнің ең бітіспес жақтаушыларының күнделікті тұрмысына берік
енген қазіргі өмірдің көптеген жақтарына ашық қарсы болатын. Егер ескі протестанттық
рухтың белгілі бір көріністері мен қазіргі капиталистік мәдениеттің қандай да бір іштей
туыстығын табуға жалпы тырысып көрсек, онда оны протестантизмге таңылып жүрген
азды-көпті (жалған) материалистік немесе тақуалыққа қарсы "өмір қызығынан" емес,
оның өзінің таза діни белгілерінен іздеу керек. Кезінде "Заңдар рухы" еңбегінде
Монтескьё айтқан, ағылшындар бүкіл әлем халықтарынан үш нәрседен асып түсті, олар -
діндарлық, сауда және азаттық деп еді. Ағылшындардың дүние жинау саласындағы
табыстары, сондай-ақ олардың демократиялық институттарға адалдығы (бұл, айтпақшы,
себептік қатынастардың өзге көрінісіне жатады) Монтескьё айтқан осы қаяусыздық
рекордымен байланысты емес пе екен?
Мәселені осылай қойсақ болғаны, біз әлі бұлдыр ғана сезінетін толып жатқан әртүрлі
қатынастар тізіліп шыға келеді. Біздің мақсатымыз нақ осынау әлі орнықпаған
түсініктерді, талдау тұсында әрбір тарихи құбылыстың түгесілмес алуандығына жалпы
жетуге болатын дәлдікпен тұжырымдау. Бұл үшін біз осыған дейін қолданып келген
дәйексіз жалпылама ұғымдардан бас тартып, христиан дінінің түрлі бағыттарында тарих
бізге берген жекелеген діни көзқарастардың сипатты ерекшеліктері мен
айырмашылықтарының мәнісіне тереңдеп енуге тырысып көруіміз керек.
Алайда, күн ілгері тағы да ескертулер жасауымыз қажет. Ең алдымен тарихи тұрғыдан
түсіндіру бұдан былайғы баяндаудың тақырыбы болатын объектіміздің өзіндік ерекшелігі;
одан соң осы зерттеу шеңберінде мұндай түсіндіру қандай мағынада мүмкін болмақ.
2. Капитализм "рухы"
Тақырыпта біршама астамшылық секілді естілетін ұғым "капитализм рухы" деген сөз тұр.
Оны қалай түсінуге болады? Бұл ұғымға "дефиниция" (ұғымның негізгі мазмұны - Ред.)
тәрізді бірдеңе бермек болған алғашқы талпыныс жасалысымен-ақ зерттеу міндеті
сипатының өзінен туындайтын белгілі қиындықтар өре түрегеледі.
Егер аталмыш анықтама өзіне қолданғанда қандай да бір мағынаға ие болатын объект бар
болса, онда ол тек "тарихи индивидум", яғни тарихи қызметте орын алатын байланыстар
кешені бола алады, оларды біз мәдени мәні тұрғысынан алып, бір ұғым аясына
топтастырамыз.
Алайда, мұндай тарихи ұғым өзінің индивидуалдық ерекшелігімен маңызды құбылыспен
ғана шендесе алатындықтан ол "
genus proximum, differentia spesifica
" (тегі жақын, бірақ
төл ерекшеліктері бар - Ред.) принципімен анықтала алмақ емес, яғни оны бөліп алу
мүмкін емес; ол тарихи болмыстан алынған жеке-жеке құрамдас бөліктерден бірте-бірте
құрастырылуы керек. Сондықтан біздің объектіміздің толық теориялық анықтамасы
зерттеуіміздің басында емес, аяғында беріледі. Басқаша айтқанда, (және бұл ең маңызды
нәтиже болады) біз капитализм "рухы" деп бүл арада нені түсінетінімізді барынша жақсы,
яғни бізді қызықтыратын көзқарасқа барынша сәйкес етіп қалай тұжырымдауға болады
деген байламға келеміз. Өз кезегінде бұл көзқарас (біз оған әлі ораламыз) бізді
қызықтыратын тарихи құбылысты зерттеу тұсында мүмкін болатын бірден-бір көзқарас
емес. Басқа көзқарастар аталмыш және кез-келген басқа тарихи құбылыстың басқа