Page 34 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
34
құбылыстар деп қарастыру керек емес пе екен деген ойға жетелейтіндей көзге ұрып
тұрған бірқатар жағдайларды ескеру қажет болады.
Шынында да, тіпті таза сыртқы сәттерден бастағанның өзінде, барынша терең
христиандық кірпияздық жақтастарының таңқаларлық коп саны көпестер арасынан
шыққандығы анық көрінеді. Оларға, ішінара ең қаяусыз пиетистер жатады. Әрине, мұны
терең ойлы және көпестік қызметке бейімі жоқ жандардың "
мамонизмге
" өзіндік бір
жауабы деп қарастыруға болады, тегінде, "қарату" процесін Франциск Ассизи мен
көптеген пиетистер дәл осылай субъективті қабылдаған болуы керек. Ал ірі ауқымдағы
көптеген капиталиста кәсіпкерлердің (Сесиль Родсқа дейін) діни ортадан шығуы сияқты
кең таралған құбылысқа келсек, оны оз кезегінде жастық шағында алынған тақуалық
тәрбиеге жауаппен түсіндіруге болады.Алайда, жекелеген адамдар мен адамдар топтары
капиталистік іскерлік қатынастардағы асқан шеберлікті діндарлықтың ең қарқынды
түрімен ұштастыратын жағдайда мұндай уәж дәрменсіз болып шығады: мұндай оқиғалар
әсте де бірен-саран емес, ол-ол ма, тарихи маңызы ең салмақты протестант шіркеулері мен
секталарына тән сипат санауға болады. Ішінара, мұндай комбинация, ол қай жерде пайда
болса да,
кальвинизмде
әрқашан байқалып отырады. Реформация дәуірінде
кальвинизм
(басқа да протестанттық діни сенімдер сияқты) бірде-бір елде белгілі бір таппен
байланысты болмағанымен, француз гугенот шіркеулері прозелиттерінің арасында,
мысалы, монахтар мен сауда-өнеркәсіп саласы өкілдерінің (көпестер, қолөнершілер)
басым болғандығына тән сипатты, белгілі шамада, "типтік" құбылыс деп қарастыруға
болады, және де осы жағдай гугеноттарды қуғындау кезеңінде де сақталып қалды. "Дін
бұзушылық" (яғни
нидерландиялық кальвинизм
) "саудагерлік рухын дамытатыны"
испандықтарға да мәлім болған және бұл сэр У. Петтидің Нидерландияда капитализмнің
гүлдену себептерін зерттеуінде баяндалған көзқарасымен әбден сәйкес. Готхайн
кальвинистік диаспораны толық негізбен "капиталистік шаруашылық көшеттері" деп
атайды. Әрине, соз болып отырған құбылыстың негізгі себебі диаспора көбірек
байланысты болған Франция мен Нидерландияның шаруашылық мәдениетінің
артықшылығы немесе дәстүрлі тұрмыс жағдайларынан аласталу және қол үзу сияқты
факторлардың орасан ықпалы деп есептеуге де болар еді. Алайда, Кольбер жүргізген
күрестен көрінетініндей, XVII ғасырдағы Францияның өзінде де жағдай дәл сондай
болған. Басқа елдерді былай қоя тұрсақ, тіпті Австрия протестант фабриканттарды көбіне
сырттан алып (импорттап) отырды. Бұл бағытта протестанттық ағымдардың барлығы
бірдей күшті ықпал ете алған жоқ. Кальвинизмге келсек, ол өзін, тегінде, Германияда да
осылай көрсеткен тәрізді; Вуппертальда және өзге де жерлерде "реформаторлық" сенім20
капитализм рухының дамуына басқа діни сенімдерден коп жәрдемдесті. Мысалы,
лютерандықтан көбірек жәрдемдесті, мұны ең алдымен Вуппертальда, жалпы алып та,
жекелеген оқиғаларда да жасалған салыстырулар айғақтайды. Реформаторлық діннің
осындай ықпалы туралы Шотландияға арнауында Бокль, ал ағылшын ақындары ішінде
Ките айтты. Өмірді діни реттеу мен "өмірден бас кешуі" байлығымен бірге енген толып
жатқан секталардың іскерлік қабілетінің қарқынды дамуы арасындағы байланыс (бұл
туралы да атап өтудің өзі жеткілікті) одан әрмен таңқаларлық; бүл бәрінен бұрын
квакерлер мен меннониттерге тән. Англия мен Солтүстік Америкада квакерлер атқарған
рол Нидерландия мен Германияда меннониттерге тиді. Менониттердің әскери қызметтен
үзілді-кесілді бас тартуына қарамастан (меннониттер пруссия өнеркәсібінің басты тірегі
болды), Фридрих Вильгельм І-нің олардың Шығыс Пруссияда болуына төзуінің өзі бұл
жағдайдың жалпыға мәлім және көптеген айғақтарының бірі ғана (рас, аталған корольдің
мінезін ескерсек, неғұрлым жарқын) болып табылады. Ақыр соңында, пиетистерді де
кіршіксіз қаяусыздықты айдан анық практикалық қабілетпен және істегі табыспен23 дәл
сол ұштастыра білу сипаттайтыны жеткілікті белгілі; Рейндегі жағдайды және Кальваны
еске түсірсек те жеткілікті. Сондықтан біз осынау таза күнілгері ескертпелерімізді тағы