Page 33 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
33
сенімдер өкілдерінің әрқилы мінез-құлқының себебін оның сыртқы тарихи-саяси
жағдайынан ғана емес, ең алдымен әр діни сенімнің тұрақты ішкі өзгешелігінен іздеу
керек.
Біздің ең алдымен аталған діни сенімдердің осы өзгешеліктерінің қай элементтерінің
жоғарыда айтылған бағытта ықпал еткенін, ал ішінара бүгін де ықпал ететіндігін
анықтауымыз керек. Үстірт қарағанда және осы заманғы түсініктің ықпалымен бүл
қайшылықтың төмендегідей тәпсірі оңай қалыптаса алады: католицизмге көбірек тән
"дүниеден баз кешу", оның асқақ мұраттарының тақуалық сипаты осы діни сенімдегілерді
жер бетінің игіліктеріне белгілі дәрежедегі немқұрайдылыққа тәрбиелеуге тиіс болатын.
Бұл уәж шынында да екі діни сенімді бүгін таңда кең таралған салыстыра бағалаудың
негізінде жатыр. Протестанттар, осы кестені пайдалана отырып католиктер өмір салтының
тақуалық (шын әлде жалған) мұраттарын сынға алады, ал католиктер өз кезегінде
протестанттарды, өмірдің бүкіл мазмұнын дүниауиландыруға алып келген
"материализмімен" мұқатады. Осы заманғы бір жазушы екі діни сенімнің олардың
кәсіпкерлікке қатынасынан көрініс тапқан кереғарлығын былай тұжырымдауды мүмкін
деп тапқан: "Католик... байсалдырақ; дүниеқорлыққа икемі шамалы ол сый-сияпат пен
байлыққа тезірек жол ашатын тәуекелшіл, мазасыз өмірден гөрі, кірісі кем болса да,
тиянақты қамсыз өмір сүргенді артық көреді. Не тоя же, не тыныш ұйықта, дейді халық
даналығы. Аталмыш жағдайда протестант тойып жеуге, ал католик тыныш ұйқыға бейім"
. "Тоя же" деген соз Германия протестанттарының шіркеуге немқұрайды бөлігінің мінез-
құлқының мотивтерін, бүгіндері де, толық демегеннің өзінде, белгілі бір дәрежеде іс
жүзінде дұрыс анықтайды. Алайда басқа жағдайларда, және өткенде ғана емес, мәселе
тіптен өзгеше көрінеді: ағылшын, голланд және американ пуритандарын осыған қарама-
қарсы нәрсе, яғни "өмірдің қызығын" тәрк ету сипаттаған, және, кейінірек
айтылатындардан көретініміздей, олардың нақ осы белгісі біздің зерттеуіміз үшін бәрінен
маңызды. Мәселен, француз протестантизмі кальвинистік шіркеулердің, әсіресе олардың
"крест астындағыларының" сипатын, діни соғыстар кезеңінде қалыптасқан сипатты өте
ұзақ сақтап келді (және белгілі дәрежеде бүгінге дейін сақтап қалды). Және осыған
қарамастан, немесе төменде біздің мәселені қай қырынан қарастыруымызға қарай, бәлкім
дәл осы себепті де, ол Францияның өнеркәсіптік және капиталистік дамуының басты
тұлғаларының бірі болғаны белгілі және бастан кешкен қуғын-сүргіндеріне қарамастан
мүмкін болған шамасында осындай болып қалып отыр да. Егер байсалдылық пен бүкіл
тұрмыс салтын діни талаптарға бағындыруды "өмірден баз кешу" десек, онда француз
калъвинистерінің бұрын да, қазір де өмірден безінуін жоқ дегенде, мысалға айтқанда,
өздерінің дінін әлемнің бірде-бір халқы көтерілмеген биікке қоятын Солтүстік Германия
католиктерінің өмірден безінуі тәрізді екендігін мойындауға тиіспіз. Булардың екеуі де
үстем діни партиялардан бірдей дәрежеде ерекшеленеді: төменгі жіктерінде өмірге мәз,
жоғары жігінде дінге тікелей дұшпан француз католиктерінен де, оз дінін дүниауи
кәсіпкерлікпен тұншықтырған және діни немқұрайдылыққа бой алдырған неміс
протестанттарынан да ерекшеленеді. Басқа кез-келген параллель мынаны соншалық айқын
көрсетіп бере алмас: католицизмнің "өмірден баз кешуі" (жалған!) немесе
протестантизмнің материалистік "өмір қызығы" (жалған!) сияқты дәйексіз түсініктер,
және сол тәрізді басқа да ұғымдар бізді қызықтыратын проблеманы зерттеуде қолдануға
мүлдем жарамайды, осыншалық жалпылама түрде алынғанының өзімен-ақ, қазірде де,
әсіресе шындыққа сәйкес келмейді. Егер, жоғарыда айтылғандардың бәріне қарамастан,
аталған түсініктерді қолдануға бел байласақ, онда бұл жағдайда, бір жағынан, дүниені
тәрк ету, тақуалық және шіркеулік діндарлық және, екінші жағынан, капиталистік
кәсіпкерлікке қатысу арақатынасын аударыстырып қарау керек емес пе екен, бүл
құбылыстарды қарама-қарсы құбылыстар емес, қайта іштей туыстықпен байланысқан