Page 32 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
32
анықтауымыз керек. Үстірт қарағанда және осы заманғы түсініктің ықпалымен бүл
қайшылықтың төмендегідей тәпсірі оңай қалыптаса алады: католицизмге көбірек тән
"дүниеден баз кешу", оның асқақ мұраттарының тақуалық сипаты осы діни сенімдегілерді
жер бетінің игіліктеріне белгілі дәрежедегі немқұрайдылыққа тәрбиелеуге тиіс болатын.
Бұл уәж шынында да екі діни сенімді бүгін таңда кең таралған салыстыра бағалаудың
негізінде жатыр. Протестанттар, осы кестені пайдалана отырып католиктер өмір салтының
тақуалық (шын әлде жалған) мұраттарын сынға алады, ал католиктер оз кезегінде
протестанттарды, өмірдің бүкіл мазмұнын дүниауиландыруға алып келген
"материализмімен" мұқатады. Осы заманғы бір жазушы екі діни сенімнің олардың
католик-абитуриенттер арасында техникалық және сауда-өнеркәсіп қызметіне, жалпы
буржуазиялық кәсіпкерлікке даярлайтын оқу орындарын (кәсіптік гимназиялар, кәсіптік
училище, көтеріңкі тұрпаттағы азаматтық училищелер және т.б.) бітіргендер пайызы да
протестанттар арасындағыдан едәуір кем екендігі фактысын - католиктердің классикалық
гимназиялардың гуманитарлық даярлығын анық артық көретінін, - осынау фактыны
жоғарыда айтылған себеппен тіпті де түсіндіре алмайсың; ол-ол ма, сол фактының өзі
католиктердің капиталистік кәсіпкерлікке болмашы қатысуын түсіндіруге пайдаланылуға
тиіс. Осы заманғы ірі өнеркәсіпте білікті жұмысшылар арасында католиктердің аз
екендігін айғақтайтын келесі бір бақылау одан да көп нәрсені аңғартады. Біз мына бір
құбылысты айтып отырмыз: өнеркәсіп орындары өздерінің білікті жүмысшыларының
елеулі бөлігін қолөнершілер ортасынан алады, сөйтіп қолөнерге өздеріне қажет жұмыс
күшін даярлау ісін бергендей болып, даярлау аяқталған соң оларды қолөнер саласынан
алып қояды; өнеркәсіп орындары тартып алатын осынау жүмысшылар ара¬сында
протестанттар католиктерден едәуір коп. Басқаша айтқанда, қолөнердегі католиктер
қолөнерші болып қала беруге көбірек бейімділік байқатады, яғни олардың салыстырмалы
түрдегі көбірек бөлігі аталмыш қолөнер ауқымында шеберлер болып шығады,
протестанттардың салыстырмалы түрдегі көп бөлігі өнеркәсіпке ұмтылып,
кәсіпорындардың білікті жұмысшылары мен қызметшілерінің қатарын толықтырады .
Мұндай жағдайларда мынадай себептік арақатынас айқын көрінеді: тәрбие сіңірген, атап
айтқанда отан мен отбасындағы діни ауан жағдайындағы тәрбиенің бағыты сіңірген
психиканың өзіндік тұрпаты кәсіп таңдауды және кәсіптік қызметтің одан арғы бағытын
айқындайды.
Қазіргі Германияның сауда-өнеркәсіп өрісіндегі католик¬тер рөлінің мардымсыздығы
ғажап, баяғыдан10байқалып келе жатқан және бүгінде де күшіндегі заңдылыққа кереғар:
"үстемдік" етуші басқа бір топқа "кіріптар" ұлттық немесе діни азшылық, әдетте - саяси
ықпал жасаудан немесе саяси қызметтен оз еркімен немесе мәжбүрлікпен бас
тартатындықтан - өзінің бүкіл күш-жігерін кәсіпкерлік саласына шоғырландырады:
олардың мемлекеттік қызметтен шет қақпай қалған неғұрлым дарынды өкілдері өздерінің
намысын осы жолмен қорғауға ұмтылады. Ресей мен Шығыс Пруссияда, экономикалық
прогресс жолымен жүрген поляктармен (өкімет қолында болған Галиция поляктарынан
өзгеше), Людовик XVI тұсындағы Францияда гугеноттармен, Англияда нон-
конформистермен, квакерлермен және -
last not least
(ең соңында, бірақ кем дәрежеде
емес) - екі мың жыл бойына еврейлермен жағдай осылай болды. Ал Германия католиктері
бұл заңдылықты, әрі кеткенде көзге түсетіндей етіп, қуаттамайды; айта кетелік,
бұрындары да, Англия мен Голландияда католиктерді не қуғындаған, не тек тиіспей
отырған кездері де, олар протестанттар секілді емес, экономикада өздерін ерекше
ештеңемен көрсете алған жоқ. Есесіне мына бір жәйтті даусыз анық деуге болады: (әсіресе
кейінірек егжей-тегжейлі қарастырылатын ағымдарды жақтаушылар) халықтың үстем жігі
ретінде де, кіріптар жігі ретінде де, көпшілік ретінде де, азшылық ретінде де
экономикалық ұтымдылыққа ерекше бір бейімділігін көрсетті, мұндай бейімділікті
католиктер екі жағдайда көрсете алған жоқ, әлі де көрсетпейді. Сондықтан аталған діни