Page 31 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
31
тоқталайық. "Көтеріңкі тұрпаттағы" орта оқу орындары оқушылары мен түлектерінің
арасында жалпы халық санына шаққанда католиктер пайызының айтарлықтай кем
екендігі фактысын, рас белгілі дәрежеде, жоғарыда айтылған меншіктік
айырмашылықтармен түсіндіруге болады. Бірақ, католик-абитуриенттер арасында
техникалық және сауда-өнеркәсіп қызметіне, жалпы буржуазиялық кәсіпкерлікке
даярлайтын оқу орындарын (кәсіптік гимназиялар, кәсіптік училище, көтеріңкі тұрпаттағы
азаматтық училищелер және т.б.) бітіргендер пайызы да протестанттар арасындағыдан
едәуір кем екендігі фактысын - католиктердің классикалық гимназиялардың
гуманитарлық даярлығын анық артық көретінін, - осынау фактыны жоғарыда айтылған
себеппен тіпті де түсіндіре алмайсың; ол-ол ма, сол фактының өзі католиктердің
капиталстік кәсіпкерлікке болмашы қатысуын түсіндіруге пайдаланылуға тиіс. Осы
заманғы ірі өнеркәсіпте білікті жұмысшылар арасында католиктердің аз екендігін
айғақтайтын келесі бір бақылау одан да көп нәрсені аңғартады. Біз мына бір құбылысты
айтып отырмыз: өнеркәсіп орындары өздерінің білікті жұмысшыларының елеулі бөлігін
қол-өнершілер ортасынан алады, сөйтіп қолөнерге өздеріне қажет жұмыс күшін даярлау
ісін бергендай болып, даярлау аяқталған соң оларды қолөнер саласынан алып қояды;
өнеркәсіп орындары тартып алатын осынау жұмысшылар арасында протестанттар
католиктерден едәуір коп. Басқаша айтқанда, қолөнердегі католиктер қолөнерші болып
қала беруге көбірек бейімділік байқатады, яғни олардың салыстырмалы түрдегі көбірек
бөлігі аталмыш қолөнер ауқымында шеберлер болып шығады, протестанттардың
салыстырмалы түрдегі көп бөлігі өнеркәсіпке ұмтылып, кәсіпорындардың білікті
жүмысшылары мен қызметшілерінің қатарын толықтырады. Мұндай жағдайларда
мынадай себептік арақатынас айқын көрінеді: тәрбие сіңірген, атап айтқанда отан мен
отбасындағы діни ауан жағдайындағы тәрбиенің бағыты сіңірген психиканың өзіндік
тұрпаты кәсіп таңдауды және кәсіптік қызметтің одан арғы бағытын айқындайды.
Қазіргі Германияның сауда-өнеркәсіп өрісіндегі католиктер рөлінің мардымсыздығы
ғажап, баяғыдан байқалып келе жатқан және бүгінде де күшіндегі заңдылыққа кереғар:
"үстемдік" етуші басқа бір топқа "кіріптар" ұлттық немесе діни азшылық, әдетте - саяси
ықпал жасаудан немесе саяси қызметтен өз еркімен немесе мәжбүрлікпен бас
тартатындықтан - өзінің бүкіл күш-жігерін кәсіпкерлік саласына шоғырландырады:
олардың мемлекеттік қызметтен шет қақпай қалған неғұрлым дарынды өкілдері өздерінің
намысын осы жолмен қорғауға ұмтылады. Ресей мен Шығыс Пруссияда, экономикалық
прогресс жолымен жүрген поляктармен (өкімет қолында болған Галиция поляктарынан
өзгеше), Людовик XVI тұсындағы Францияда гугеноттармен, Англияда нон-
конформистермен, квакерлермен және -
last not least
(ең соңында, бірақ кем дәрежеде
емес) - екі мың жыл бойына еврейлермен жағдай осылай болды. Ал Германия католиктері
бұл заңдылықты, әрі кеткенде көзге түсетіндей етіп, қуаттамайды; айта кетелік,
бұрындары да, Англия мен Голландияда католиктерді не қуғындаған, не тек тиіспей
отырған кездері де, олар протестанттар секілді емес, экономикада өздерін ерекше
ештеңемен көрсете алған жоқ. Есесіне мына бір жәйтті даусыз анық деуге болады: (әсіресе
кейінірек егжей-тегжейлі қарастырылатын ағымдарды жақтаушылар) халықтың үстем жігі
ретінде де, кіріптар жігі ретінде де, көпшілік ретінде де, азшылық ретінде де
экономикалық ұтымдылыққа ерекше бір бейімділігін көрсетті, мұндай бейімділікті
католиктер екі жағдайда көрсете алған жоқ, әлі де көрсетпейді". Сондықтан аталған діни
сенімдер өкілдерінің әрқилы мінез-құлқының себебін оның сыртқы тарихи-саяси
жағдайынан ғана емес, ең алдымен әр діни сенімнің тұрақты ішкі өзгешелігінен іздеу
керек.
Біздің ең алдымен аталған діни сенімдердің осы өзгешеліктерінің қай элементтерінің
жоғарыда айтылған бағытта ықпал еткенін, ал ішінара бүгін де ықпал ететіндігін