Қазақстанның ашық кітапханасы
30
конфессиялық статистика соғұрлым айқынырақ бейнелейді. Рас, капитал иелерінің, ірі
сауда-өнеркәсіп орындары басшыларының және маман жұмысшылардың арасында
протестанттардың салыстырмалы түрде басым болуы, осы айтылған салалардағы
протестанттар пайызының тұтастай алғанда жалпы халық арасындағы пайызынан
салыстырмалы түрде басым болу фактысы ішінара тамыры тым әріде жатқан тарихи
себептермен түсіндіріледі; бүл жағдайда белгілі бір діни сенімге табандылық
экономикалық құбылыстардың себебі ретінде емес, белгілі дәрежеге дейін олардың
салдары ретінде көрініс береді. Белгілі экономикалық қызметтерді орындау не қолда
капиталдың болуын, не қымбатқа түскен білімнің болуын, көбіне осының екеуін бірдей
талап етеді; қазіргі кезде бүл қызметтер мұраға қалған байлықпен немесе жоқ дегенде,
белгілі дәулетпен байланысты. XVI ғасырда империяның табиғи жағдайы қолайлы және
сауда жолдарына таяу орналасуына байланысты экономикасы неғұрлым ілгері дамыған
бай облыстарының көбісі, атап айтқанда бай қалалардың көбісі протестанттық сенімді
қабылдады; осынау факттың салдары бүгінге дейін сезіледі әрі протестанттардың тіршілік
ету және экономикалық гүлдену үшін күрестегі табысына жәрдемдесіп келеді. Бірақ осы
арада тарихи сипаттағы келесі бір сұрақ туындайды: экономикасы жағынан ең кемел
аймақтардың шіркеу революциясына осынау соншалық қатты бейімділігінің себебі неде?
Оған жауап беру бір қарағандағыдан әлдеқайда қиын. Әрине, экономикалық
дәстүршілдіктен ара жікті ажырату діни дәстүрлердің мызғымастығына күмәндануға
бейімділікті, жалпы алғанда дәстүрлі беделдерге қарсы көтерілуді едәуір дәрежеде
күшейтуге тиіс болатын. Бірақ бүгіндері жиі ұмытылатын мына жәйттерді де естен
шығармау керек: Реформация шіркеудің күнделікті тұрмыстағы үстемдігін толық жою
деген соз емес, бар болғаны үстемдіктің бұрынғы пошымын өзге пошыммен алмастыру,
және салмақ салмайтын, сол кездері іс жүзінде байқала да бермейтін, көбіне-көп таза
формальды дерлік үстемдікті бүкіл мінез-құлықты жеке және қоғамдық өмірдің барлық
жақтарына терең енетін, мейлінше ауыр да қатаң шектеулермен алмастыру деген сөз
болатын. "Еретиктерді жазалайтын, бірақ күнәһарларға кешірімшіл" (бұрын қазіргіден де
көбірек дәрежеде) католик шіркеуінің үстемдігіне әбден-ақ осы замандық экономикалық
құрылысы бар халықтар көніп отыр, оған XV ғасыр мен XVII ғасыр шегінде ең бай,
экономикалық жағынан ең дамыған елдер көнген. XVI ғасырда Женева мен Шотландияда,
XVI ғасырдың соңы және XVII ғасырдың басында Нидерландының көп бөлігінде, XVII
ғасырда Жаңа Англияда, кейде Англияның өзінде де болған дәрежесіндегі кальвинизм
үстемдігі бүгінде бізге шіркеудің кісіні бақылауының ең адам төзгісіз пошымы тәрізді
сезілер еді. Бүл үстемдікті сол кездегі көне патрициаттың қалың топтары Женевада да,
Голландия мен Англияда да дәл солай қабылдады. Экономикасы неғұрлым дамыған
елдерде уағыз жүргізген реформаторлар өмірге шіркеулік-діни үстемдіктің тіпті де
асқынып кеткендігін емес, жеткіліксіздігін жазғырған ғой. Дәл осы, экономикасы сол
кедергі дамыған елдердің, ал сол елдерде (бұдан былайғы баяндау барысында
көретініміздей) нақ экономикалық өрлеудің иелері - "буржуазиялық" орта таптардың
соған дейін өздеріне беймәлім пуритандық тиранияға төзіп қана қоймай, оны бұрын
буржуазияпық таптар тап ретінде сирек көрсеткен, ал кейін ешқашан мүлдем көрсетпеген
соншалық қаһар- мандықпен қорғауын немен түсіндіруге болады? Бұл Карлейльдің әділ
анықтама бергеніндей, "
the last of our heroism
" (қаһармандықтың соңы -Ayд.) болды.
Бұдан әрі, және бүл ең бастысы: егер тіптен (осыған дейін айтылғандай) капитал иелері
мен осы заманғы өнеркәсіптің жетекші қайраткерлері арасында протестанттардың көбірек
болуын ішінара олардың тарихи қалыптасқан қолайлы мүліктік жағдайымен түсіндіруге
болса да, бірқатар басқа құбылыстар кейбір жағдайларда себептік өзге сипаты бар
екендігін айғақтайды. Ең алдымен болмағанда мынаған: католик ата-аналар
протестанттарға қарағанда өз балаларына беретін орта білім сипатындағы барлық жерде
байқалатын (мейлі ол Баденде, Баварияда немесе Венгрияда болсын) айырмашылыққа