Page 29 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
29
келтіріп, христиан іліміне сілтеме жасайтынын бейнелегенде осы әдетті әжуалайды.
Бүгіндері Фра Тимофео "ынтымақ" пен гуманистік максималарды табатын еді.
Сондай-ақ қазіргі және бұрынғы діни дағдарыстар арасындағы тағы бір ұқсастық
байқалады. Бұл - секталардың қаптап кетуі. Бастапқыда христиандық өзінің бірлігі мен
ортодокстығын папалық институтта сақтады. Қазіргі кезге дейін конгрестер немесе,
басқаша айтқанда, социалистік бүкіл әлемдік соборлар қандай да бір бірлікті ұстап тұра
алуда, ал Германияда Бебель мен Либкнехт түп-түгел қуып шыға алмаса да, жік
шығарушыларды баса алды. Дегенмен бүл проблеманы олардың болашақта шешуі керек
болады, ал біз оның қалай іске асырылатынын тілге тиек етеміз. [...]
"История буржуазной социологии
XIX - начала XX века.
М., 1979" басылымынан қазақшалаған
философия ғылымының кандидаты
Қайрат ЗАТО В.
Макс ВЕБЕР
ПРОТЕСТАНТТЫҚ ЭТИКА ЖӘНЕ КАПИТАЛИЗМ РУХЫ
Проблеманың қойылуы
I
1. Діни сенім және әлеуметтік жіктелу
(1864-1920). Бұл ғалым әдетте Эмиль Дюркгейммен бірге осы заманғы әлеуметтану
ғылымының негізін қалаушы деп саналады. Вебердің туындылары осы күнге дейін шабыт
пен пікірдің қайнар көзі болып келеді. Оның өмірінде де қиын кезеңдер болған. Отыз үш
жасында психикалық ауруға ұшырап, төрт жыл бойы жұмыс істемеді. Алғашқы
феминистердің бірі болған әйелі Марианнамен бірге жиырмасыншы ғасырдың басындағы
Германияда ең татымды интеллектуалдық үйірменің жан-жүрегі болды. Макс Вебердің
әлеуметтануға үлесі ұшан-теңіз. Ол қоғамдық ғылымдар үшін философиялық негіз,
әлеуметтанудың жалпы тұжырымдамалық құрылымын ұсынды; жаһанның күллі ірі
діндерін, ежелгі қоғамдарды, экономикалық тарихта, құқық пен музыка әлеуметтануын
және басқа салаларды қамтитын бірқатар ғылыми зерттеулер жүргізді. Вебер
әлеуметтануда Марксқа қарсы қойылды, ол неғұрлым ғылыми және неғұрлым
буржуазиялық әлеуметтануды дамытты деп саналады.
Халқының діни сенімі әр түрлі кез-келген елдің кәсіби статистикасымен танысқанда
Германияның католиктік баспа сөзі мен әдебиетінде және католиктерінің съездерінде
талай рет талқыланған бір құбылыс үнемі өзіне назар аудартады . Біз капитал иелері мен
кәсіпкерлердің арасында, сол тәрізді біліктілігі жоғары жұмысшылардың, ең алдымен осы
заманғы кәсіпорындардың жоғарғы техникалық және коммерциялық қызметкерлерінің
арасында протестанттардың даусыз басымдығы туралы айтып отырмыз. Бүл
статистикалық мәліметтерде діни сенімдегі айырмашылық ұлттық айырмашылықтармен
сәйкес келетін, осыған байланысты мәдени даму деңгейіндегі айырмашылықтар бар,
мәселен, халқының құрамында немістер мен поляктар аралас шығыс Германиядағы
сияқты жерлерде ғана емес, капитализм өзінің гүлденген шағында өзіне қажетті
әлеуметтік және кәсіптік өзгерістерді кедергісіз жасай алатын жерлердің бәрінде дерлік
бейнеленеді; және осы процесс неғұрлым қарқынды жүрген сайын, аталған құбылысты