Page 2 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
2
ӘЛЕМДІК
ӘЛЕУМЕТТАНУ
АНТОЛОГИЯСЫ
3-кітап
Фердинанд ТЁННИС
ОРТАҚТЫҚ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
(1855-1936). Неміс әлеуметтанушысы, неміс әлеуметтану ассоциясының негізін қалаушы.
Бәрінен бұрын қауымдастық (Gemeinschaft) пен қоғамдастық (Gesellschaft) арасындағы
айырмашылықты көрсетуімен танымал. Айырмашылық шамамен әрбір топтың үлкен-
кішісіне тән қатынастардың әртүрлі тұрпатымен айқындалады. Біріншісінде, халық
негізінен тұрақты жерде статус та айқын. Де.иек, деревня мен шағын мекендер
қауымдастық қатынастарымен айналып, еңбек процестері мен құралдарының
күрделіленуіне байланысты жойылып, кең ауқымды ұйымдар мен қалалар енді
қоғамдастық пошымында көрінеді. Тённис қауымдардың жойылуына, осы заманғы
қалалық қоғамда бәсекелестік пен өзімшілдіктің барынша етек алуына өкініш білдіреді.
Бұл ретте ол утилитаризмнің сыншысы, пессимист және консерватор болды. Тённистің
қауымдастық пен қоғамдастық арасындағы айырмашылық деп көрсететіні Дюркгеймнің
механикалық және органикалық бірлік арасындағы айырмашылығымен үндес.
I
Әлеуметтану дегеніміз адамды зерттеу, бірақ оның тәндік, жан дүниесіндегі мәнісін емес,
әлеуметтік мәнісін зерттеу, демек, оның тәндік және жан дүниесіндегі мәнісі әлеуметтік
мәніске шарт есебіндегі нәрсе ғана. Осылайша, біз бір адамдарды басқаларымен
біріктіретін, оларды бірге ұстап тұратын, оларды бірлескен қам қарекеттер мен өзара
қарекетке итермелейтін немесе ынталандыратын пиғылдар мен қозғаушы күштерді ғана
емес, қайта, және ең алдымен, соның салдарынан пайда болатын ортақ мәністі сақтап,
қолдап отыру үшін қажет адам ойының жемістерін танып, зерттеуге ұмтыламыз. Адам
ойының жемістері қауым (Gemeinde), мемлекет, шіркеу тәрізді, көбіне болмыстың
элементтері, кейде тіпті жаратылыстан тыс нәрсе ретінде қабылданатын маңызды
пошымдармен аяқталады. ...Біздің әрқайсымыз басқа адамдармен тікелей және жанама
түрде көптеген байланыстарда және қарым-қатынастарда өмір сүреміз. Біздің әрқайсымыз
көп адамдарды білеміз, бірақ бүл олардың жалпы санымен салыстырғанда - аз адамдар.
Мен басқа адамдарды қалай білемін?
Бұл мәселені қарастырмас бұрын, әуелі кейбір айырмашылықтарды айқындап алайық.
Мен біздің айналамыздағы адамдарға қатысты төрт айырмашылықтың ішіндегі ең
бастылары - білу мен білмеу, таныстық пен бейтаныстық арасындағы айырмашылық деп
білемін.
1. Таныстық пен бейтаныстық (жаттық)
... Бөтен қалада, бөтен адамдар ортасында сіз аяқ астынан танысыңызды, тіпті "жақсы
танысыңызды" немесе жай ғана ескі танысыңызды кездестіресіз. Әдетте, бұл - қуанышты
жәйт. Онымен әңгімелесуге құмарлық бірден пайда болады, ал бөгде адаммен біз мұндай
құмарлықты сирек байқаймыз - өйткені осынау бұлдыр, әлсіз тілек көбіне басқа тілде