Page 28 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
28
социалистер де емес. Олар діндарлардан әулие Петр соборының құрылысына ақша жинап,
оны мәжусилік жын-ойнаққа шашқан Рим папалары сияқты, өзге адамдардың діни
сезімдерінен оз пайдасын іздеген айлакер адамдар. Саяси істе нақты пайдасын
ұмытпайтын социалистердің жеңісінен кейін, бұрынғы социалистік сенімін сақтаған біреу
күндердің күнінде әлдеқашан айтылған: "Ах, Константин! Егер Құдай Ана не боларын
білсе, қандай бақытсыз болар еді" деген сөзді қайталап, мынаны қосар еді:
Deh or mi di, quanto tesoro volle
nostro signore in prima da san Pietro,
che ponesse le chiavi in sua balia.
Certo nоn chiese se nоn: Vienni ditero
(Айтыңызшы енді маған мынаны: кілт ұстаған әулие Петрден біздің Құдай қай байлықты
сұрамақ? Ештеңе де сұрамай, ер соңымнан дегені анық еді ғой - Ред.)
Басқаша айтсақ, өз шәкірттерінің қатарына қосқанда Либкнехт пен Бебельден Маркс
қандай да бір жарна сұрап па еді?
Социалистік қозғалыстың шарықтау шегінде міндетті түрде байқалатын тағы бір көрініс -
екіжүзділік. Бұл социализм қудалауға ұшыраған Италия сияқты елдерде әлі байқала
қойған жоқ. Алайда, социалистер үкімет құрамына кірген Франция сияқты елдерде бүл
белгі байқала бастады. Көптеген саясаткерлер мемлекеттік органдарға сайлану үшін;
көптеген жазушылар кітаптары сатылуы үшін; көптеген профессорлар кафедра алу үшін
социалист бола бастады. Айтпақшы, бүл кесепат әзірше кең тарала қойған жоқ.
Социалистік сенім белгілі бір құрбандықты талап ететін Италия мен Германия сияқты
елдерде мұндай екіжүзділер әлі жоқ, бірақ бүл сенім, керісінше құрметке, билікке,
байлыққа ие болуға мүмкіндік беретін кезде, олар топ-тобымен ағылып келе бастайды.
Екіжүзділер біз діни сезімдердің туынды көріністері ретінде бөліп көрсеткен өрістерінде
де жетерлік. Мен, атын атағым келмейтін бір қалада некеге дейінгі және некеден тыс
жыныстық қатынастарды айыптайтын "құлықты жақсарту жолындағы күрес қоғамының"
президенті, зинақор бір әйел одан бала тапқанын айтқаннан кейін, қашып кетуге мәжбүр
болды. Инсанияттық намысын қорлайтын әдебиетке қарсы бір конгресте, президент оған
қатысушыларға кейбір ұятты басылымдар олардың жекелеген даналарын кейбіреулердің
жасырын иемденуі үшін емес, қасиетті ашуды шақыру үшін қойылғанын мәлімдеуге
мәжбүр болды. Парижде студент-медиктер мен жас дәрігерлер алкогольмен күрестің
фанатик-профессорларына жағыну үшін ресми орындарда алкагольді ішімдік ішуден бас
тартқанын көрсетеді де, бірақ бейресми ортада тек шарап емес, ликер де ішеді. Діни
сезімге бой алдыра қоймаған бір белгісіз автор бізге ежелгі грек антологиясымен бірге
жеткен эпиграмма шығарыпты. Ол епископты әжуалайды: "Бейбітшілік бәріңе", - деді
епископ кіре беріп. Тек оның өзіне ғана бұйырған әйел қалайша барлығына тиесілі
болмақ? (эпиграмма сөз мағынасына құрылған, грекше "Ирина" - әрі әйелдің есімі, әрі
"бейбітшілік" деген сөз). Сонымен, жаман ұрық әлдеқашан өніп, мол өнім бергені ғой. Аз
ғана күте тұрыңыз, алданып қалған ағайынды Боккаччолар мұрагерлерінің басы қосыла
кетеді.
Барлық замандарда адамдардың өз көзқарастары мен идеяларын сол қоғамда қабылданған
пошымда көрсетуіне тура келеді. Мәселен, бірнеше ғасыр бұрын кез-келген толғам
христиан дініне сай келетін пошымда өтетін. Макиавелли өзінің "Мандрагоро" атты
комедиясында бір кейіпкердің - священник Фра Тимофео бәйбіше Лукрецияны оған ессіз
ғашық болған Каллимаконың тілегін орындауды өтінгенде, шіркеу әкелерінің сөздерін