Page 27 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
27
жерден басқа да жақын ұқсастықтарды көруге болады: көп ұзамай біз мұндай
сәйкестіктердің таза діни сәттер шеңберінен шығандап кететінін көреміз.
Жекелеген жағдайларда, тіпті, дәлме-дәл сәйкестіктерді ұшырататынымыз көп нәрсені
аңғартады. Алғашқы христиандардың таяу арада жер бетінде Христ патшалығының
орнайтындығына сенгені белгілі; ол социалистер өз ілімінің жақында салтанат
құратындығына шамадан тыс құлай сенді. Бүл жөнінде, Энгельс те болжамдар жасағады,
алайда фактылар оны теріске шығарды. Бірақ қазір болжамдар, біраз уақытқа
шегерілгенімен, қайта жандануда, дәл сол секілді христиан милленарийларының
(болашақта Христтің мыңжылдық патшалығы орнайтындығына сенім жақтастары - Ред.)
жақын уақытқа болжамдары қайта жанданған болатын. Латтанций: "бүкіл жер бетінде езгі
күшейіп, орасан зор ұрылар армиясының көмегімен дүниедегінің бәрін өздеріне
бағындырған тирандарға қарсы тұрарлық күш адамдарда қалмаған кезде зор қасіреттер
сәтінде құдайдың көмегіне қажеттілік туындайды", - деп кесіп айтады. Социалистер бар
байлық ат төбеліндей азшылықтың қолына шоғырланып біткен, экономикалық дағдарыс
неғұрлым жиі және неғұрлым күшті бола түскен кезде жер бетінде ұжымшылдық сөзсіз
орнайды деп келген және деп келеді. Латтанцийдің сөзі бойынша: "жер өзінің
құнарлылығын көрсетеді де, онда кенеттен көл-көсір жеміс пайда болады. Тау
жартастарынан бал тамшылайды, шарап бұлақ болып, сүт өзен болып ағады. Дүние
ақырында шаттыққа бөленеді, барлық адамдар бақытты болады, жамандық үстемдігі мен
барлық арамдықтан бостан болады". Жер бетінде ұжымшылдық жеңгеннен кейін де
дүниені сондай болашақ күтіп түр. Бүл болашақты көптеген адамдар суреттеген, солардың
арасынан Де Амичис есімін де атай аламыз.
Христиандардың бір бөлігі жер бетінде Христ патшалығының орнауын күте-күте
шаршады, ал олардың неғұрлым парасаттылары қарсыластарды жеңу үшін өздерінің
неғұрлым іскер және толерантты болуы керектігін түсінді. Сондықтан бұрынғы
доктринаны мақсат пен мұрат ретінде сақтай отырып, нақты тұрғыдан олар әдеттегі өмір
салты мен әдеттегі көзқарастарға көшті, Қазір социалистер де өздерінің минимум-
бағдарламасында осылайша етіп отыр, ал Бернштейн жаңа жолға ашық меңзейді.
Голландияда ымырасыз да революцияшыл социализм өлеусіреп бітіп, өзінің орнын
мемлекеттік социализмге бере бастады. Социалистер билікке ұмтыла бастап, кейбір
жерлерде оған жақындап та қалды.
Францияда социалистер билік жүргізуші коалицияға кірді, ал Мильеран Вальдек-Руссо
басқарған үкіметтегі министр портфеліне ие болды; Англияда фабианистердің көпшілігі
империализмді қолдап дауыс берді. Германияда көптеген социалистер Империяны сүюге
қазірдің өзінде дайын: священник Науманн
Democratie and Kaisertum
" атты кітабында
герман императорының социалистердің көшбасшысы болуы абзал деген идеяны ашық
айтады. Осынау христиан-коллективист милитаризмді, Германия жауларын толық жоюды
және Германияның жауы болмаса да, оған бағынғысы келмейтіндерге қарсы соғыс
жүргізуді уағыздайды. Иисус Галилеяда сүйіспеншілік пен бейбітшілікті уағыздаған
күндерден, жаугер прелаттар ризалардан жаттарды жоғары бағалап, Құдай ұлы үшін
өлтіре бастағаннан бері талай ғасырлар өтті; бірақ Маркс неміс социалистері ұранға
айналдырған: "Барлық елдердің пролетарийлары, бірігіңдер!" деген ізгі хабарды
жариялаған күннен оны олар "Барлық елдердің пролетарийлары, бір-біріңді өлтіріңдер!"
деген ұранға алмастырған күнге дейін көп уақыт өткен жоқ.
Бүл фактылардан біз кейінірек неғұрлым жалпы қорытындыларға келеміз, ал әзірше,
экономикалық дағдарыстар тұсындағыдай, қазіргі діни дағдарыстың күшейе түсуі
кезеңінде өздерін шарықтау сәтінде толық көрсететін күштер байқала бастағанын атап
өтейік. Науманн мен оның дос-жарандары шын берілген христиандар да, кәміл сенімдегі