Page 267 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
267
пайғамбары жоқ дәуірде өмір сүру пешенесіне жазылған деген фактыны жасырар болсақ,
егер мұны кафедрадан айтылатын нәрсенің бәрінің мәнісін құрайтын суррогат көмегімен
істейтін болсақ, онда бүл адамға пайда бермейді. Бұған қарсы оның діни адалдығы
көтерілуге тиіс секілді көрінеді маған.
Бірақ, "теологияның" бар екендігі фактысына және оның "ғылымилықтан" дәмесіне қалай
қарау керек? Жалтармай жауап беріп көрелік. Рас, "теология" мен "догмалар" барлық
діндерде бірдей бар емес, бірақ олар тек христиандықта ғана емес. Егер өткенге көз
жүгіртсек, оларды исламда да, манихействода да, гностиктерде де, суфизмде де,
парсизмде де, буддизмде де, үнді секталарында да, даосизмде де, упанишадтарда да,
иудаизмде де әбден дамыған күйде бар екендігін көруге болады. Бірақ әлбетте олар
жүйелі түрде әр шамада дамыған. Батыс христиандығының иудаизм теология саласында
жасағанымен салыстырғанда, оны неғұрлым жүйелі дамытып (немесе соған ұмтылыс)
қана қоймай, мұнда оның дамуының тарихи маңызы әлдеқайда зор болғаны кездейсоқ
емес. Оның негізі эллиндік рухтан басталды, бүкіл шығыс теологиясының үнділік ақыл-
ойдан бастау алғандығы сияқты, Батыстың да бүкіл теологиясы дәл содан тамыр тартады.
Теология атаулы діни құтқарылуды интеллектуалдық ұтымды ету дегенді білдіреді.
Ғылымның алғышарттарын қабылдамайтын адамға бірде бір ғылым өзінің құндылығын
дәлелдей алмайды. Айтпақшы теология атаулы өзінің рөлін орындау және сол арқылы
өзінің тіршілігін ақтау үшін бірқатар өзіндік ерекше алғышарттар қосады. Олардың
мағыналары да, көлемдері де әр түрлі. Теология атаулы үшін, соның ішінде, мысалға
индуистік теология үшін де, мынадай алғышарт күшінде қалады: дүниенің мағынасы
болуы керек және мәселе сол мағынаны парықтау үшін сол дүниені қалай түсіндіруге
болады.
Кант өзінің таным теориясында: ғылыми ақиқат бар және оның күші де бар деген
алғышартқа сүйенеді де, содан кейін мынадай сұрақ қояды: мұндай пікір қандай ойлау
алғышарттарында болуы мүмкін, яғни онда қандай мағына болады? Дәл сол секілді осы
заманғы эстетиктер де (саналы түрде - мысалы, Дьердь Лукач секілді - немесе жай ғана іс
жүзінде) өнер туындылары бар деген алғышартқа сүйенеді де, одан соң: түптеп келгенде
бүл қалайша мүмкін?, - деген сұрақ қояды.
Рас, теологтар, әдетте мұндай алғышарттарға (шын мәнінде діни-философиялық)
қанағаттанбайды да, коп нәрсені қамтитын алғышартқа - құтқарылу үшін маңызды, яғни
алғаш рет пайымды өмір салтын мүмкін ететін "аян" беруге факт ретінде сенуге сүйенеді.
Олар белгілі бір ахуалдар мен қылықтарда әулиелік қасиеттер болады дегенмен келіседі,
яғни діни мағынаға толы өмір салтын жасайды.
Сіздер тағы да мынадай сұрақ қоясыздар: қабылдануға тиісті алғышарттарды қалай
түсіндіруге болады? Теология үшін мұндай алғышарттардың өзі "ғылым" болып
табылатын нәрсенің арғы жағында жатады. Олар, сөздің әдеттегі мағынасында "білім"
емес, негізінен біршама "қазына". Кімде сенім немесе дін үшін қажетті барлық басқа
нәрселер болмаса, олардың орнын ешқандай теология алмастыра алмайды. Әрі кетсек,
ешқандай өзге ғылым алмастыра алмайды. Керісінше, "позитивтік" теология атаулыда
діндар адам Августиннің "
Credo non quid, sed quia absurdum est
" (лат. - Абсурдқа емес,
абсурд болғаны үшін сенемін) деген қағидасының күші бар нүктеге жетеді. "Интеллектті
құрбандыққа шалудың" мұндай шебер актысына қабілеттілік позитивтік діни адамның ең
басты белгісі. Және бұл, теологияның тіршілік етуіне қарамастан (қайта көбіне соның
арқасында) ғылым мен діннің құндылық өрістері арасындағы шиеленістің бітіспейтіндігін
айғақтайды.