Page 268 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
268
"Интеллект құрбандығын" әдетте жас жігіт - пайғамбарға, діндар - шіркеуге шалады. Бірақ
кейбір осы заманғы интеллектуалдар өздерінің жан дүниесін түпнұсқа екендігіне кепілдік
бар антиквар заттармен қоршап тастау қажеттігін сезінгеннен, және бүл орайда солардың
арасында дін де болу керектігін ұмытпағанынан әлі ешқашан да жаңа пайғамбарлық (мен
бұл арада көп адам үшін айыпталатын нәрсе болған бүл бейнені әдейі келтіріп отырмын)
пайда болған емес; оларда, әрине, дін жоқ, бірақ олар өздеріне эрзац ретінде үй ішілік
өзіндік бір часовня салдырып алады, оны дүниенің сан қиырларынан жиналған әулиелер
иконаларымен ойыншық үшін әшекейлейді, немесе әртүрлі көңіл ауанынан қойыртпақ
жасап алып, оларға мистикалық қасиеттерді телиді де, оларды кітап базарларында бір-
бірлеп сата береді. Бұл не алаяқтық, не өзін-өзі алдау. Керісінше, соңғы жылдардың
тыныштығында өсіп шыққан кейбір жастар одақтары өздерінің адами ортақтығынан діни,
ғарыштық немесе мистикалық ортақтықты көрсе, тіпті де алаяқтық емес, байыпты да
шынайы нәрсе (бірақ, бәлкім өзін дұрыс түсіндіре алмайтын нәрсе болар) орын алады.
Кез-келген шынайы бауырластық актысы жеке адамнан жоғары тұратын патшалыққа
мәңгілік қалатын әлдебір нәрсені әкеледі; бірақ таза адами қарым-қатынас пен адами
ортақтықтың абройын оларды діни түсіндіру жолымен көтермелеуге ұмтылу маған
күмәнді тәрізді көрінеді. Алайда бұл осы мәселені талқылайтын орын емес.
Ұтымды ету және интеллекттендіру ең алдымен дүниені сиқырдан арылту тон болған
біздің дәуірдің тағдыры мынада: ең асқақ аса ізгі құндылықтар қоғамдық өрістен не
мистикалық өмірдің о дүниелік патшалығына, не жеке индивидтердің бір-біріне тікелей
қатынастарының бауырластық жақындығына көшіп алды. Біздің ең асқақ өнеріміздің
монументтік емес, интимдік екендігі кездейсоқ емес; бұрындары лапылдаған өрт,
пайғамбарлық рух болып ұлан-ғайыр қауымдар арқылы өтетін, сөйтіп оларды
топтастыратын нәрселердің бүгінде шағын қоғамдық топтардың ішінде, жеке аралас-
құраластықта барынша өлеусіреп, пианиссимо бүлкілдейтіні кездейсоқ емес. Егер біз
монументтік өнерге құштарлықты зорлап сіңіріп, оны "ойлап тапсақ", онда соңғы
онжылдықта біз көптеген ескерткіштерден көргеніміздей аянышты әрі сұрықсыз бірдеңе
пайда болады. Егер жаңа, шынайы пайғамбарлықсыз діни жаңа құрылымды зорлап
сіңіруге тырысатын болсақ, онда да өзінің ішкі мағынасы бойынша тура сондай - тек одан
да жаман бірдеңе пайда болады. Және де кафедрадан естілген пайғамбарлық сайып
келгенде тек фантастикалық секталарды ғана туындатады, бірақ ешқашан шынайы
ортақтықты жасай алмайды. Дәуірдің осы тағдырын төзімділікпен көтере алмайтын
адамға айту керек: одан да ол үнсіз, әдетте ренегаттар жасайтын ешқандай жарнамасыз,
тып-тыныш және жай ғана ежелгі шіркеулердің кеңінен және мейірімді жайылған
құшағына оралсын. Мұны істеу қиын емес. Сондай-ақ ол қалай болғанда да интеллектті
"құрбандыққа" шалуға тиісті - бұл сөзсіз болатын нәрсе. Егер ол шынымен-ақ ондай
құрбандық жасай алатын болса, біз оны жазғырмаймыз. Өйткені дінге сөзсіз берілгендік
үшін интеллект бұлай құрбандыққа шалу интеллектуалдық адалдық міндетінен жалтарып
кету әрекетінен инсаният тұрғысынан бәрібір өзге бірдеңе болып шығады, ал әлгіндей
жалтарып кету әрекеті ақтық позиция жөнінде өзіне анық есеп беруге батылы жетпей, сол
міндетті орындауды әлжуаз релятивизм көмегі арқылы жеңілдететін кезде болады. Ол
позиция маған кафедрадағы пайғамбарлықтан әлдеқайда биік көрінеді, өйткені ондай
пайғамбарлық аудитория қабырғасында бір ғана: қарапайым интеллектуалдық адалдықтан
басқа ешқандай жақсылықтың мәні болмайтыны жөнінде өзіне есеп бермейді. Бірақ
мұндай адалдық бізден, бүгінде жаңа пайғамбарлар мен құтқарушыларды күтетіндердің
жағдайы Исайяның бір пайғамбарлығында айтылатын жағдайға ұқсас екенін көрсетуді
талап етеді; мұнда еврейлер аласталған кездегі Эдем күзетшісінің тамаша әні жөнінде соз
болып отыр: "Сеирден маған айқайлайды: күзетші! Түннің қай уақыты? Күзетші! Түннің
қай уақыты? Күзетші жауап береді: таң жақындап қалды, бірақ әлі түн. Егер сіз қадалып
сұрайтын болсаңыз, онда қайтып оралыңыз, келіңіз".