Қазақстанның ашық кітапханасы
266
Біз сіздерге айта алатын және айтуға тиіс болатын нәрсе мынау: мынадай-мынадай
практикалық ұстанымдарды іштей дәйектілікпен және, демек, адалдықпен - олардың
рухына сәйкес - мынадай-мынадай соңғы дүниетанымдық позициядан (біреуінен немесе
бірнешеуінен) шығаруға болады, ал басқаларынан - болмайды. Егер сіз осы ұстанымды
таңдайтын болсаңыз, онда, бейнелеп айтқанда, сіз бір ғана Құдайға қызмет етесіз де,
қалған құдайларды қорлайсыз. Өйткені сіз өзіңізге-өзіңіз адал болып қалсаңыз, сіз белгілі
бір соңғы ішкі салдарларға қажетті түрде келесіз. Мұны бері салғанда принципінде істеуге
болады. Соңғы ұстанымдардың олардың салдарларымен байланысын анықтау - әлеуметтік
пән әрі жекелеген ғылымдардың философиялық базасы ретінде философияның міндеті.
Біз егер оз ісімізді түсінетін (бұл осы арада топшылануға тиіс) болсақ, индивидті өз
қызметінің ақтық мағынасы жөнінде есеп беруге мәжбүр ете аламыз - немесе бері
салғанда көмектесе аламыз. Мұндай міндеттің маңызы, тіпті жеке өмір үшін де, маған аз
емес сияқты көрінеді. Егер бүл әлдебір мұғалімнің қолынан келсе, онда мен, ол
"инсаният" күштеріне қызмет етеді дер едім, өйткені ол айқындық енгізеді;
тыңдаушыларға өз позициясын танудан адалдықпен бас тартқан сайын, міндетін жақсы
атқаратын болады, дер едім.
Мен сіздерге осы жерде баяндап жатқан нәрсе, әрине, басты қағидадан, атап айтқанда,
өзіне-өзі негізделген және соның өзінен түсінілетін өмір тек құдайлардың мәңгілік күресін
тана біледі, тек мейлінше принципті, жалпы ықтимал өмірлік позициялардың
сыйыспайтындығын және олардың арасындағы күрестің ымырасыздығын, демек, олардың
арасынан таңдау қажеттігін ғана біледі (егер бейнеге жүгінбесек). Мұндай жағдайда
ғылым әлдебіреудің "бейімділігі" болуға лайықты ма және оның өзінде объективті құнды
деуге тұрарлық әлдебір "бейімділік" бар ма? - Бұл тағы да баға беруге байланысты пікір,
оны аудиторияда талқылау мүмкін емес, өйткені аталмыш сұрақты қостап жауап беру
аудиторияда жұмыс істеудің алғышарты болып табылады. Және де оны қостап жауап беру
де, - қазір жастар істейтініндей немесе көбіне істейтін секілді болып көрсететіндей, -
интеллектуализмді зұлым сайтан секілді жек көретін көзқарастың алғышарты болып
табылады. Себебі, бүл жерде, "Сайтан кәрі - оны түсіну үшін қартайыңыз", - деген соз
орынды. Бүл қарсылықты сөзбе-сөз емес, мына мағынада түсіну керек: осынау сайтаннан
біржола арылу үшін, әдетте жұрт істейтіндей, оны көре салып тұра қашпау керек, оның
күші мен шегін көре алу үшін оның жолдарын бастан аяқ шолып шығу керек.
Бүгінде ғылым дегеніңіз құтқарылу мен аян әкелетін пайғамбарлар мен көріпкелдердің
тіпті де қайырымдылық тартуы да, даналар мен философтардың дүниенің мағынасы
жөніндегі ойларының құрамдас бөлігі де емес, арнайы пән ретінде жүзеге асырылатын
және өзіндік сана мен нақты байланыстарды тану ісіне қызмет ететін кәсіп. Бүл, дау жоқ
біздің тарихи ахуалымыздың сөзсіз жағдайы, өзімізге өзіміз адал болып қалып отырғанда
біз одан шыға алмаймыз.
Егер біздің көкейіміздегі Толстой тағы да соз алып: "Егер ғылым болмаса: не істеуіміз
керек, оз өмірімізді қалай құруымыз керек деген сұраққа кім жауап береді?", - деп
сұрайтын болса, немесе бүгіндегі біздің тілімізде "Бір-бірімен күресіп жатқан
құдайлардың қайсысына қызмет етуіміз керек? Әлде, бәлкім, мүлде бөтен құдайға қызмет
етуіміз керек пе - және онда сол құдай кім?", - десе, "Бұған тек пайғамбар немесе
Құтқарушы ғана жауап бере алады", - деуіміз керек. Егер ол жоқ болса немесе оның ізгі
хабарына ешкім сенбесе, онда сіз мемлекет ақысын төлейтін мыңдаған профессорлар
немесе әлпештеулі ұсақ пайғамбарлар ретінде өз аудиторияларында соның рөлін мойнына
алғысы келетіндігімен ештеңе шығара алмайсыз. Сол арқылы сіздер тек біздің жас
ұрпағымыздың көптеген өкілдері аңсап жүрген пайғамбардың жоқ екендігін ұғынуға
кедергі жасайсыздар. Мен былай ойлаймын: егер діни тұрғыдан шын мәнінде
"музыкалық" қабілетті адамнан, және басқалардан оның тағдыры құдайға жат,