Page 265 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
265
Студенттер біздің лекцияларымызға бізден көсем қасиеттерін талап ете келеді, бірақ жүз
профессордың кем дегенде тоқсан тоғызының өмір футболындағы шеберлер емес екендігі,
қалай өмір сүру керектігі жөнінде бағыт сілтейтін "көсемдердің" ролінен дәметпейтіні,
дәмете да алмайтыны жөнінде ойланып та жатпайды. Адамның құндылығы оның бойында
көсемдік қасиеттің бар-жоқтығына байланысты емес. Қалай десек те адамды тамаша
ғалым әрі академиялық оқытушы ететін қасиеттер, оны практикалық өмірде, яки
арнайырақ айтсақ, саясатта оны көсемге айналдыратын қасиеттер емес. Егер әлдекімде
осындай да қасиет болса, онда бүл таза кездейсоқтық, және егер кафедраға ие бола жүріп,
сондай қасиеттерден дәмеленуге мәжбүр болатын болса, бүл өте қауіпті. Егер
академиялық оқытушы атаулы аудиторияда көсемнің рөлін ойнағысы келсе, одан да
қауіпті. Өйткені осы тұрғыда өзін мейлінше қабілеттімін деп санайтындардың көбісі ең
қабілетсіздер, ал кафедрадағы жағдай оларда ондай қабілеттің бар-жоқтығын дәлелдеуге
ешқандай мүмкіндік бермейді. Өзін жастардың жетекшісі болуға тиістімін деп сезінетін
әрі олардың арасында сенімге не профессор, жастармен жеке қарым-қатынаста өз адамы
болуы мүмкін. Және егер ол өзін дүниетанымдар мен партиялық сенімдер күресіне
қосылуға тиістімін деп сезінсе, онда бүл іспен оқу аудиториясынан тыс жерде, өмір
сахнасында - баспасөзде, жиналыстарда, үйірмеде - қысқасы өзіне қай жер қолайлы болса,
сонда айналыса алады. Бірақ жиналғандар - оның ішінде өзгеше ойлайтындар да - үндемей
отыруға мәжбүр жерлерде өзінің бейімдігін көрсету оған тым қолайлы болар еді.
Ақыр аяғында сіздер мынадай сұрақ қоя аласыздар: егер осының бәрі осылай болса, онда
ғылым практикалық және жеке "өмір" позитивті не береді? Міне сол арқылы біз тағы да
ғылымдағы "бейімділік" проблемасымен бетпе-бет келеміз. Біріншіден, әрине, ғылым
есептеу жолымен өмірге ие болу техникасын әзірлейді. Алайда бүл көкөніс сатушының
деңгейі ғой дейсіз сіз. Мен сізге толығымен қосыламын. Екіншіден, ғылым ойлау
әдістерін, жұмыс аспаптары мен олармен жұмыс істеу дағдыларын талдап әзірлейді, ал
көкөніс сатушы мұндайды жасамайды. Сіздер, бәлкім ғылым көкөніс емес қой, -
дерсіздер, бірақ бүл да көкөніс сатып алудың құралынан басқа ештеңе емес. Жарайды, бүл
мәселені бүгін ашық қалдырайық. Бірақ, бақытымызға орай, ғылымның ісі мұнымен біте
қоймайды; біз сіздерге үшінші бір нәрседе, атап айтқанда айқындықта көмектесе аламыз.
Әлбетте, сол айқындық біздің өзімізде болса.
Мұның қаншалықты солай екендігін біз сіздерге түсіндіре аламыз. Әрбір жолы соз
болатын құндылық проблемасы жөнінде іс жүзінде түрлі позиция ұстануға болады - оңай
болу үшін мен сіздерге мысал ретінде әлеуметтік құбылыстарды алуды ұсынамын. Егер
белгілі бір көзқарасты ұстанса, онда аталмыш позицияны іске асыру үшін, ғылымның
тәжірибесіне сай құралдарды қолдану керек. Сол құралдар, бәлкім, сіз қабылдамау керек
деп санайтын құралдар болар. Ондай жағдайда мақсат пен оған қол жеткізетін
құралдардың арасында таңдау жасау қажет. Бұл құралдар мақсатқа "бата" бере ме, жоқ па?
Мұғалім сіздерге таңдаудың қажеттігін көрсетуге тиіс. Демагог емес, мұғалім болып
тұрған кезде ол одан артық істей алмайды. Әрине, ол сіздерге егер сіздер мынадай-
мынадай мақсатқа жетпек болсаңыздар, онда оның тиісті салдарларын да қабылдауыңыз
керек, олар, тәжірибе көрсетіп жүргеніндей, өзіңіз белгілеген мақсатқа жету жөніндегі
қызметті талап етеді, дей алады.
Барлық осынау проблемалар кез-келген техник алдында да туындауы мүмкін, ол да
көбіне-көп зияны аз немесе салыстырмалы түрде жақсы нұсқа принципі бойынша
таңдауға тиіс қой. Ол үшін бір ғана басты нәрсе - мақсат берілгені маңызды. Бірақ нақ сол,
әңгіме шын "соңғы" проблемалар жөнінде болып отырғандықтан, бізге берілмеген. Осы
арқылы біз айқындыққа жету үшін ғылым ретінде ғылым жүзеге асыруға тиісті соңғы
актыға да таядық, және сонымен бірге ғылымның өзінің шекараларына да таядық.