Page 263 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
263
"алғышарттарына" адал болмай шығар еді. Діндар ғажайыпты да, аянды да мойындайды.
Және осындай "алғышартсыз" ғылым одан бір ғана, одан кем де емес, артық та емес
нәрсені: егер оқиғалар барысы эмпиристік түсіндіру себептік сот ретінде
мойындалмайтын жаратылыстан тыс араласу ұғымына жол бермей түсіндірілсе,
оқиғалардың аталмыш барысы нақ ғылым істеуге ұмтылатындай етіп түсіндірілуге тиіс
екендігін мойындау талап етіледі. Бірақ ол мұны өзінің дініне сатқындық жасамай-ақ
мойындай алады.
Алайда фактыларга немқұрайды қарайтын, тек практикалық позицияны ғана маңызды деп
санайтын әлдекім үшін ғылыми жетістіктердің қандай да бір мағынасы бар ма? Тегінде,
бәрібір.
Алдымен ең болмағанда мынадай уәж келтірейік. Егер оқытушы қабілетті болса, онда
оның бірінші міндеті - өз шәкірттерін ыңғайсыз фактыларды мойындауға үйрету, мен
олардың партиялық позициясы тұрғысынан ыңғайсыз фактыларды айтып отырмын; ал
партиялық позиция атаулы үшін (оның ішіне менің позициям да кіреді) сондай аса
ыңғайсыз фактылар болады. Мен, бүл жағдайда академиялық оқытушы, өзінің
интеллектуалдық актыдан әлдеқайда зор бірдеңе жасағандығына тыңдаушыларын
көндігуге мәжбүр етеді деп ойлаймын, - мен өзіме әдепсіздеу болуға мұрсат беріп, бүл
жерде "инсанияттық акт" деген сөзді пайдаланар едім, бүл сөз, тегінде, мұндай қарапайым
да өз-өзінен белгілі іс үшін тым патетикалық болып естілсе де, солай етер едім.
Осы кезге дейін мен тек практикалық негіздер жөнінде ғана айттым, солардың пәрменімен
оз позициямды таңудан қашу керек болады. Бірақ бұл да бәрі емес. Практикалық
позицияны "ғылыми" ақтаудың мүмкін еместігі - күн ілгері белгіленген мақсатқа жетудің
құралдары талқыланатын жағдайды айтпағанда, - неғұрлым терең негіздерден туындайды.
Бұлай ақталуға ұмтылудың принципті мағынасы жоқ, өйткені дүниенің әртүрлі құндылық
қатарлары өзара бітіспейтін күрес үстінде болады. Милль ақсақал - оның философиясын
тұтас алғанда мен мақтамаймын, бірақ бүл арада оныкі жөн - бірде, егер таза тәжірибеге
сүйенсең, онда политеизмге келесің, деген-ді. Төтесінен айтылған әрі оғаш естілетін сөз,
бірақ бүл шындық. Бүгінде біз қасиеттінің тамаша болмауы мүмкін екендігін жақсы
білеміз, ол-ол ма, оның қасиетті болатыны нақ сондықтан және тамаша болмағандықтан.
Оған мысалды біз, Исайяның 53-інші тарауынан және 21-інші псаломнан табамыз.
Сондай-ақ біз, ол тамашаның мейірімді болмауы мүмкін екендігін және тіпті оның сол
мейірімді болмағандықтан да тамаша болуы мүмкін екендігін білеміз; ол бізге Ницшенің
заманынан белгілі, ал одан бұрын ондайды "Зұлымдық гүлдерінен" табасыз - өлеңдерінің
томын Бодлер солай атаған. Және де ақиқат нәрсе тамаша болмауы мүмкін екендігі және
сол нәрсе тамаша еместігі, қасиетті еместігі және мейірімді еместігі қазір таптаурын
кемеңгерлік болып табылады.
Бірақ бұл құдайлар күресінің, құндылықтар сәйкессіздігінің ең қарапайым оқиғалары.
Француз және неміс мәдениеттері құндылықтары арасындағы "ғылыми" таңдау
мүмкіндігін қалай елестететіндігін - мен білмеймін. Мұныңыз түрлі құдайлар мен
сайтандардың дау-дамайы ғой: тұп-тура эллиннің Афродитаға, одан соң Аполлонға және
ең алдымен өз қаласының әрбір құдайына құрбандық шалғандығы тәрізді, бұл күні бүгінге
дейін солай болып келеді, тек аталмыш мифтік қарекет бейнесінің киім-кешегінсіз және
сиқырсыз, бірақ іштей шынайы пластикамен солай болып келеді. Ал осынау құдайлар мен
олардың күресін ешқандай "ғылым" емес, тағдыр басқарады. Тек құдірет дегеніңіздің
біреу үшін нені, екінші біреу үшін нені білдіретіндігін немесе оның әрбір жағдайда қалай
көрінетінін түсіну керек. Бірақ профессордың аудиторияда пәнді талқылауы сонымен
аяқталады - соңғысы, әрине, мұнымен бірге осы салмақты өмірлік проблема да аяқталады
дегенді білдірмейді. Алайда бүл арада енді университет кафедраларында емес, басқа