Page 262 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
262
пайдаланылады. Олар бұл арада - пайымдаушы ойдың топырағын қопсытатын түрен емес,
қарсыласқа қарсы бағытталатын семсерлер, күрес құралдары. Керісінше, лекцияда
не¬месе аудиторияда сөздерді бұлайша қолдану қылмыс болар еді. Бүл жерде, егер,
мысалы, әңгіме "демократия" туралы болса, оның түрлі пошымдарын көрсету, олардың
қалай жұмыс істейтінін талдау, өмірлік қарым-қатынас үшін олардың қайсысының қандай
салдары барын анықтау, содан кейін оларға саяси тәртіптің бейдемократиялық
пошымдарын қарсы қою, және мүмкін болғанынша тыңдаушы өзінің асқақ мұраттарына
сәйкес позициясын тауып алатындай жағдай жасауға ұмтылу керек. Бірақ, нағыз ұстаз
бүкпесіз болсын, немесе сіңіру жолымен болсын, кафедрадан тыңдаушыға әлдебір
көзқарасты таңудан қатты сақтанады, өйткені, әрине, "фактылар келтіруге" мәжбүрлеу ең
арам тәсіл.
Біз мұны неліктен жасамауымыз керек? Мен, бүл жерде аса құрметті кейбір
әріптестеріміздің, мұндай өзін-өзі шектеу мүлде мүмкін емес, ал егер ол мүмкін болған
күнде де осының бәрінен құтылып кету жай ғана тәлпіштік болар еді деген пікір
ұстанатындықтарын білемін. Әрине, ешкімге де оның академиялық оқытушы ретіндегі
міндеті неден тұратындығын ғылыми түрде дәлелдей алмайсыз. Одан тек
интеллектуалдық адалдықты - бір жағынан, фактыларды белгілеу, заттардың
математикалық яки логикалық жағдайын немесе мәдени қазынаның ішкі құрылымын
белгілеу мүлдем әрқилы екі проблема екендігін парықтауды тана талап етуге болады.
Егер осыдан кейін ол, аталған проблемалардың екеуін де аудиторияда неліктен
талқыламауға тиіс екендігін сұраса, оған былай деп жауап беру керек: оқу
аудиториясының кафедрасында пайғамбар мен демагогқа орын жоқ. Пайғамбар мен
демагогқа: "Көшеге бар да, ашығын айт", - делінген. Бүл: сын айтуға мүмкіндік болатын
жерге бар деген соз. Аудиторияда оқытушы өзінің тыңдаушыларына бетпе-бет отырады -
олар тыңдауға, ал ол - сөйлеуге тиіс. Және де мен, студенттердің өз болашағы үшін
оқытушылардың лекцияларына қатысуға міндетті екендігін және онда оқытушыға қарсы
сын айтатын ешкімнің жоқтығын пайдалану; өзінің білімі мен ғылыми тәжірибесін
тыңдаушыларға пайда беру (оқытушының міндеті де сол) үшін емес, өзінің жеке саяси
көзқарастарын сіңіру үшін пайдалану жауапсыздық деп санаймын.
Әрине, адамның өз бойындағы субъективті дағдыларды түгелімен жоя алмайтын
жағдайлар болуы мүмкін. Онда ол өзінің жеке ұжданының форумында өткір сынға
ұшырайды. Бірақ аталмыш жағдай әлі ештеңені дәлелдемейді, өйткені мұндайда басқа,
таза фактылық қателіктер де болуы мүмкін, қалай дегенмен де олар парызға - ақиқатты
іздеуге қарсы айғақ бола алмайды. Мен субъективті дағдыны нақ таза ғылыми мүдде үшін
қабылдамаймын. Мен біздің тарихшыларымыздың еңбектерінен, ғылым адамы өзінің тол
құнды пікірлерімен келген жерде фактыларды толық түсінуге орын қалмайтындығының
дәлелін табуға дайынмын. Бірақ бұл бүгінгі тақырыптың шеңберінен тыс және ұзақ
талдауды талап ететін мәселе.
Мен тек бір ғана нәрсені сұраймын: бір жағынан діншіл католик, екінші жағынан - масон,
шіркеу мен мемлекеттің пошымдары туралы лекцияны тыңдай отырып, аталмыш
нәрселерге беретін бағасында бір-бірімен қалай келісе қалмақ? Олай болмайды. Соған
қарамастан академиялық оқытушыда өзінің білімімен және өзінің әдісімен осылардың
екеуіне де пайда тигізсем деген ниет болуға тиіс. Ол өзінің алдына осындай талап қоюға
тиісті. Сіздер орынды дау айтасыздар: діншіл католик, оның догматтық алғышарттарынан
азат оқытушы ұсынатын христиандықтың пайда болуына байланысты фактыларды
ешқашан қабылдамайды. Әрине! Алайда ғылымның діннен айырмашылығы мынада: діни
құрсау атаулының бәрінен бостандық мағынасындағы "алғышартсыз" ғылым
шындығында "ғажайып" пен "аянды" мойындамайды, мойындаса ол өзінің төл