Қазақстанның ашық кітапханасы
261
мойындасын-мойыдамасын, ондай науқастың өлімін қаласа және қалауға тиіс болса да,
солай етеді. Тек медицинаның алғышарттары мен қылмыстық кодекс қана дәрігерге өлім
халіндегі жанның өмірін ұзартудан бас тартуға кедергі жасайды. Өмір құнды ма және қай
кезде? Мұны медицина сұрамайды. Егер өмірді техникалық жағынан игергіміз келсе, біз
не істеуіміз керек деген сұрағымызға жаратылыс ғылымдарының бәрі жауап береді. Бірақ
біз мұны қалаймыз ба және біз соны істеуге тиіспіз бе, сайып келгенде мұның қандай да
бір мағынасы бар ма - мұндай сұрақтарды олар мүлде жауапсыз қалдырады немесе оларды
өз мақсаттары үшін алғышарт ретінде қабылдайды.
Немесе өнертану секілді пәнді алыңыз. Эстетикаға өнер туындылары бар деген факт
берілген. Ол осы фактының қандай жағдайда орын алатындығын дәлелдеуге тырысады.
Бірақ ол өнер патшалығы, бәлкім, ібіліс салтанатының патшалығы, өзінің терең мәнісі
Құдайға қарсы бағытталған, ал өзінің әбден тамыр жайған аристократиялық рухы
бойынша адамдар бауырластығына қарсы бағытталған мына жалғанның патшалығы емес
пе деген сұрақ қоймайды. Демек, эстетика өнер туындылары өмір сүруге тиіс пе деген
сұрақ қоймайды.
Немесе заң ғылымын алыңыз. Ол ішінара логика жағынан мәжбүрлеуші, ішінара
конвенционалды берілген схемалармен берілген заңгерлік ойлау ережелеріне сәйкес ненің
маңызды екенін белгілейді; демек, құқықтық принциптер мен оларды тәпсірлеудің белгілі
бір әдістері күні бұрын міндетті деп мойындалады. Құқық болуға тиіс пе және нақ осы
ережелер белгіленуі керек пе - мұндай сұрақтарға заң ғылымы жауап бермейді. Ол тек
мынаны көрсете алады: нәтижені қаласа, онда біздің құқықтық ойлау нормаларымызға
сәйкес мынадай құқықтық принцип - оған қол жеткізудің лайықты құралы.
Немесе мәдениет туралы тарихи ғылымдарды алыңыз. Олар шығу жағдайларын
басшылыққа ала отырып, мәдениеттің саяси, көркемдік, әдеби және әлеуметтік
құбылыстарын түсінуге үйретеді. Бірақ олардың өздері, мәдениеттің бүл құбылыстары
құнды ма еді және олар одан әрі бола беруге тиіс пе деген сұраққа да, олар оқып-үйрену
үшін күш жұмсауға лайық па деген сұраққа да жауап бермейді. Олар осындай жолмен
"мәдениетті адамдардың" қоғамдастығына қатысу қызықты болады деген кәміл сенім бар
деп топшылайды.
Бірақ мұның шынымен солай екендігін олар "ғылыми" түрде ешкімге дәлелдей алмайды,
ал олардың аталмыш фактыны алғышарт ретінде қабылдайтыны, ол өз-өзінен белгілі
дегенді тіпті де дәлелдемейді. Бұл іс жүзінде де өз-өзінен белгілі емес.
Әлеуметтану, тарих, саяси экономия және мемлекет теориясы тәрізді, маған етене жақын
пәндер, сондай-ақ мәдениет философиясының аталған пәндерді түсіндіруді мақсат ететін
түрлері туралы сөз қозғайық. Аудиторияда саясатқа орын жоқ деген пікір бар, мен соны
қолдаймын. Студенттер аудиторияда саясатпен айналыспауы керек. Егер, мысалы, менің
бұрынғы әріптесім Дитрих Шефердің Берлиндегі аудиториясында пацифистік пиғылдағы
студенттер кафедраны қоршап алып, шу көтерсе, онда мен мұндай қылықты да,
көзқарастарын мен мүлде қолдамайтын профессор Ферстердің аудиториясында
антипацифистік пиғылдағы студенттердің істегендерін де анайы құбылыс деп санар едім.
Айтпақшы, аудиторияда оқытушы да саясатпен айналыспауға тиіс. Және ең алдымен,
егерде ол саясат өрісін ғалым ретінде зерттеп жүрсе, олай етпеуі керек. Өйткені іс
жүзінде, - саяси ұстаным және саяси құрылыстар мен партиялық позицияны ғылыми
талдау - екеуі екі басқа нәрсе. Халық жиналысында демократия туралы айтқанда, өзінің
жеке көзқарасын ешкім құпия етпейді; оз позициясын айқын білдіру -
бұл
арада
жағымсыз міндет әрі парыз. Бұл орайда қолданылатын сөздер мұндай жағдайда ғылыми
талдаудың құралы ретінде емес, саяси жақтаушыларды тарту құралы ретінде