Page 260 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
260
ие болуға тырысатын жастарымыздың негізгі ұраны осындай немесе мағынасы соған
ұқсайтын тезис болып отыр. Және тек діни емес, тіпті жалпы сезіну десе болады. Алайда
бүл арада оғаш жол таңдалып отыр: интеллектуализм әлі күнге жасамаған жалғыз нәрсе,
атап айтқанда иррационалдықты санаға сіңіріп, лупамен қарап көруге тырысуда. Осы
заманғы иррационалдықтың интеллектуалистік романтикасы нақ осыған келіп тіреледі
той. Интеллектуализмнен арылудың мұндай жолы оны таңдағандар табудан үміттенген
нәрсеге қарама-қарсы нәтиже береді. Ақыр аятында, ғылымды, яғни өмірге ие болудың
соған негізделген техникасы аңғал оптимизммен бақытқа бастайтын жол ретінде
құттықталғаны фактысын, "бақытты тапқан ең соңғы адамдардың" атына Ницше айтқан
өткір сыннан кейін мен жайына қалдыра аламын. Кафедралардағы немесе редакторлар
кабинеттеріндегі кейбір "ересек" балалардан басқа бұған кім сенеді?
Ғылымды "шынайы болмысқа жеткізетін жол", "шынайы өнерге жеткізетін жол",
"шынайы табиғатқа жеткізетін", "шынайы Құдайға жеткізетін жол", "шынайы бақытқа
жеткізетін жол" ретінде көрсеткен барлық бұрынғы иллюзия сейілген қазіргі кезде
ғылымның кәсіп ретіндегі мағынасы неде? Бұл сұрақтың ең қарапайым жауабын Толстой
берді: онда мағына жоқ, өйткені біз үшін бірден-бір маңызды "Не істеуіміз керек?",
"Қалай өмір сүрсек екен?" деген сұрақтарға ешқандай жауап бермейді. Ал оның аталмыш
сұрақтарға жауап бермейтіні мүлдем даусыз. Проблема тек оның қандай мағынада
"ешқандай" жауап бермейтіндігінде. Бәлкім мұның орнына ол сұрақты дұрыс қойған кісіге
бірдеңе бере алатын шығар?
Бүгінде "алғышартсыз" ғылым жөнінде жиі айтылады. Ондай ғылым бар ма? Барлығы осы
сұрақпен нені түсінетінімізге байланысты. Ғылыми жұмыс атаулыға дүниедегі біздің
бағдарымыздың жалпы ортақ негіздері - логика мен әдістеме ережелерінің белгілі бір
маңыздылығы әрқашан алғышарт болады. Аталған алғышарттарға келетін болсақ, олар,
бері салғанда біздің арнайы мәселеміздің тұрғысынан алғанда, қиындықты бәрінен аз
туындататын алғышарттар. Бірақ тағы бір алғышарт бар: ол - ғылыми жұмыс
нәтижелерінің маңыздылығы, олардың ғылыми құндылығы. Біздің барлық
проблемаларымыз осы арада жатқаны айдан анық. Себебі бұл алғышарттың өзі ғылым
құралдарымен дәлелденбейді. Тек оның ақтық мағынасын көрсетуге ғана болады, содан
кейін ол тол ақтық өмірлік ұстанымға қарай не қабылданбайды, не қабылданады.
Одан әрі, ғылыми жұмыстың өз алғышарттарымен байланысы әрқилы: ол ғылымның
құрылымына байланысты. Жаратылыс ғылымдары, мысалы, физика, химия, астрономия
ғылым құрастыратын ғарыштық құбылыстардың жоғары заңдарын білу лайық екені өз-
өзінен белгілі нәрсе деп санайды. Мұндай білімнің көмегімен техникалық жетістіктерге
жетуге болатындықтан ғана емес, егер ғылым дегеніміз "бейімділік" болса, "соның өзі
үшін де". Бүл алғышарттың өзі дәлелденбейді. Және жаратылыс ғылымдары суреттейтін
дүние өмір сүруге лайықты ма, оның әлдебір "мағынасы" бар ма, сондай дүниеде өмір
сүруде мағына бар ма деген мәселелер де нақ солай дәлелденбейді. Бұл жөнінде мәселе
көтерілмейді.
Немесе ғылыми тұрғыда жоғары дамыған қазіргі заманғы медицина тәрізді практикалық
өнерді алыңыз. Медициналық қызметтің жалпы ортақ "алғышарты", егер оны таптаурын
тілмен түсіндіретін болсақ, ол өмірді өмір болғандықтан да сақтап қалу керек және
мүмкіндігінше азапты азап ретінде кеміту қажет деген пікірден құралады. Ал бұл
міндеттің өзі талай проблеманы туғызады. Өзінің құралдарымен медик өліп қалатыны
анық науқас адамды сүйемелдей береді, тіпті ол өмірмен қош айтысуға көмектесуін өтініп
жалынса да, тіпті науқастың өмірі өздері үшін құндылығынан айрылған, оны азаптан
құтқарғысы келетін, оның құндылығын жоғалтқан өмірін (әңгіме бір бейшара жынды
туралы болуы мүмкін) сақтай беруге құралдары жетпейтін оның туған-туыстары, өздері