Page 259 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
259
гректер үшін барлығы аталмыш мәселеге байланысты болатын. Олардың ғылыммен
айналысу себебі де осында жатыр.
Эллин рухының осынау жаңалығымен қатар, ғылыми жұмыстың екінші ұлы аспабы,
Қайта өрлеу дәуірінің төлі - сенімді түрде бақыланатын таным құралы ретінде ұтымды
эксперимент пайда болды, онсыз қазіргі эмпириялық ғылым мүмкін болмас еді. Рас,
бұрын да эксперимент жасалатын: мысалы, физиология саласында эксперимент
Үндістандағы йогтардың тақуалық техникасында болды; ежелгі Грекияда әскери
техникамен байланысты математикалық эксперимент болды, орта ғасырларда
эксперимент кен ісінде қолданылды. Бірақ эксперимент сол күйінде зерттеу принципіне
дейін көтеру - Қайта өрлеу дәуірінің еңбегі. Өнер саласындағы пионерлер ұлы
жаңашылдар болды: олар - Леонардо да Винчи және басқалар, ең алдымен XVI ғасыр
клавирлер темперациясын әзірлеген экспериментаторлар. Олардан эксперимент ғылымға
ауысты, ең алдымен Галилейдің арқасында, теорияда - Бэконның арқасында; кейін оны
Еуропа университеттеріндегі, алдымен Италия мен Нидерландтағы, жекелеген дәл
ғылымдар қолданды.
Жаңа заман табалдырығында өмір сүрген осынау адамдар үшін ғылым дегенің не еді?
Леонардо да Винчи тұрпаттас суреткер экспериментаторлар мен музыка саласындағы
жаңашылдар үшін ол шынайы өнерге бастайтын жол, яғни ең алдымен шынайы табиғатқа
бастайтын жол болды. Сол арқылы өнер айрықша тылым дәрежесіне, ал суретші
әлеуметтік тұрғыдан да, оз өмірінің мағынасы тұрғысынан да - доктор дәрежесіне
көтерілді. Мысалы Леонардо да Винчидің "Живопись лсоніндегі кітабының" негізінде дәл
сондай атаққұмарлық жатыр.
Ал бүгін ше? "Ғылым табиғатқа апаратын жол ретінде" - жастарға бұл күнәһарлық тәрізді
естіледі. Керісінше, оз табиғатыңа, сол арқылы жалпы табиғатқа оралу үшін ғылыми
интеллектуализмнен арылу қажет! Бәлкім, өнерге апаратын жол ретінде шығар? Мұндай
топшылау ешқандай сын көтермейді.
Бірақ дәл жаратылыстанудың пайда болу дәуірінде ғылымнан бұдан да зор нәрселерді
күткен. Егер сіз Сваммердамның "Мен битті мүшелеп шығу арқылы сіздерге құдіретті
көрегендіктің бар екендігін дәлелдеп беремін",- деген сөзін еске түсіретін болсаңыз, онда
протестантизм мен пуритандықтың жанама ықпалында болған ғылыми қызметтің төл
міндеті Құдайға апаратын жолды ашу деп саналғанын көресіз. Ол кезде оны, ұғымдары
мен дедукцияларына қоса, философтардан енді таба алмайтын болды; ортағасырлықтар
іздеген жолдан Құдайды табу мүмкін емес, - сол кездегі бүкіл пиетистік теология, және ең
алдымен Шпенер, бұған кәміл сенетін. Құдай жасырылып қойған, оның жолы - біздің
жолымыз емес, оның ойы - біздің ойымыз емес. Бірақ, Құдай жаратқан нәрселердің тәні
анық көрінетін дәл жаратылыстық ғылымдарда оның әлем жөніндегі пиғылының ізіне
түсуге деген үміт болған.
Ал бүгін ше? Бүгінде, нақ жаратылыстанушылардың арасынан кездестіруге болатын
кейбір "ересек" балалардан басқа, астрономияны, биологияны, физиканы немесе химияны
білу - там-тұмдап болса да - дүниенің мағынасын, немесе егер бар болса, ол "мағынаның"
ізіне қай жолда түсуге болатындығын түсіндіре алады дегенге кім сенеді? Егер ғылым іс
істей алады дегенге келсек, оның қолынан дүниенің "мағынасы" ретіндегі әлдебір нәрсе
бар деген сенімді өлтіру ғана келеді! Және Құдайға айрықша жат бүл күшті "Құдайға
жеткізетін" жол ретінде қарастыру одан өткен қисынсыздық болады. Ал оның дәл солай
екендігіне бүгінде көңіл түкпірінде ешкім де, ол мұны мойындасын-мойындамасын
күмәнданбайды. Ғылымның рационализмі мен интеллектуализмінен арылу құдіреттің
күшімен қауышып өмір сүрудің алғышарты - біздің діни көңіл күйдегі немесе діни сезімге