Page 258 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
258
Керісінше, өркениятқа кіріктірілген, идеялармен, біліммен, проблемалармен ұдайы
байытылып отыратын мәдениет адамы "өмірден қажуы" мүмкін, бірақ оған тоймасы анық.
Өйткені ол рухани өмір үсті-үстіне тудырып жатқан нәрсенің мардымсыз бөлігін, және де
әрқашан алғашқы, жарты-кеш бөлігін ғана ұғынады, міне сондықтан ол үшін өлім -
ешқандай мағынасыз оқиға. Өлім мағынасыз екен, онда мәдени өмір дегеніңіз де
мағынасыз - нақ сол өзінің мағынасыз "прогресімен" өлімнің өзін мағынасыздыққа душар
етеді ғой. Толстойдың кейінгі романдарында осынау ой оның творчествосының негізгі
ауанын құрайды.
Сонда не істеуіміз керек? Өз мәніндегі прогресте, техникалық өріс шеңберінен прогреске
қызмет ету шынында да біршама мағынасы бар бейімділік бола алатын мөлшерде
шығатын, түсінуге болатын мағына бар ма? Мұндай сұрақты қою керек. Алайда ол енді
кәсіп әрі бейімділік ретінде ғылым, соған өзін арнаған адам үшін нені білдіретіні туралы
ғана сұрақ емес. Бүл басқа да сұрақ: ғылымның бүкіл адамзат өміріндегі міндеті қандай?
Оның құндылығы қандай?
Бүл арада ғылымды бұрынғы және қазіргі түсінудің арасындағы қарама-қарсылық орасан.
Платон "Мемлекет" атты еңбегінің жетінші кітабының басында келтіретін ғажап бейнені -
үңгірде маталған, беттері үңгірдің қабырғасына қаратылған, ал сәуле көзі арт жақта
болатын, сондықтан әлгілер оны көре алмайтын адамдардың бейнесін, еске түсіріңіздерші;
сондықтан олар қабырғаға түсетін көлеңкені ғана көреді де, соның мағынасын түсіндіруге
тырысады. Міне олардың біреуі бұғаудан босана алып, артына қарайды да, күнді көреді.
Күн сәулесінен көзі қарыққан ол, орнын сипалап тауып, көргенін кекештеніп тұрып айтып
береді. Бірақ басқалар оны ақылынан алжасқан деп санайды. Алайда ол бірте-бірте
жарыққа қарауды үйренеді, енді оның міндеті үңгірдегі адамдарға түсіп, оларды жарыққа
алып шығу. Бүл адам - философ, ал күн - ғылымның ақиқаты, тек жалғыз сол ғана елестер
мен көлеңкелерді талғажау етпейді, шын болмысқа ұмтылады.
Бүгінде ғылымға кім солай қарайды? Бүгінде нақ жастарда бұған қарама-қарсы сезім
пайда болған секілді, атап айтқанда ғылымның ойша түзген нәрселері нақтылықтан ада,
өзінің семіп қалған саусақтарымен шын өмірдің тәні мен қанын қармап қалуға тырысатын,
бірақ оған ешқашан қолы жетпейтін қияли абстракциялардың патшалығы болып көрінеді.
Және керісінше, осы жерде, өмірде, Платон үшін үңгірдің қабырғасындағы көлеңкелер
ойыны болған нәрседе нақты болмыстың тамыры бүлкілдейді, басқасының бәрі жаны жоқ
дерексіз көлеңкелер ғана, одан өзге ештеңе де емес.
Мұндай өзгеріс қалай болды? Платонның "Мемлекеттегі" лапылдап тұрған құштарлық
пен жігері сайып келгенде мынамен түсіндіріледі: оның тұсында ғылыми таным
атаулының ұлы құралдарының бірі - ұғым мағынасы сана үшін түңғыш рет ашылды.
Оның толық маңызын Сократ ашып берді. Және жалғыз ол емес. Үндістанда
Аристотельдің логикасына ұқсас логиканың ұшқындары байқалады. Бірақ бұл
жаңалықтың маңызын парықтау Грекиядан басқа еш жерде жоқ. Мұнда, тегінде,
адамдардың қолында тұңғыш рет, соны құрал пайда болды, соның көмегімен адамды
қисын құрсауына алуға болатын еді, адам: не ештеңе білмейтінін, не, басқа ештеңе де
емес, нақ мына нәрсе - ақиқат екенін, мәңгілік соқыр адамдардың қарекеттері мен
қылықтарынан өзгеше, өзгермейтін ақиқат екенін мойындамайынша, ол құрсаудан шыға
алмайтын. Бұл Сократтың шәкірттеріне ашылған ғаламат бір сезім болатын. Одан,
мынадай салдар шығатын секілді көрінетін, тамаша, жақсы нәрсенің, дұрыс ұғымын
тапсаң болды, ақиқат болмысы да табыла кетеді. Ал мұның өзі тағы да адам, ең алдымен
мемлекет азаматы ретіндегі адам өмірде қалай қимылдауы керектігін өзіңнің үйренуіңе,
өзгелерді де үйретуіңе жол ашатындай болып көрінетін. Өйткені таза саяси ойлайтын