Қазақстанның ашық кітапханасы
257
қажет, таза практикалық, сөздің неғұрлым кең мағынасында - техникалық мақсаттар үшін.
Жақсы делік. Бірақ бүл тек практик үшін ғана әлдене мағынаға ие. Ал ғылым адамның,
егер ол жалпы ғалым болуға ұмтылатын өзінің кәсібі жөніндегі ішкі позициясы қандай?
Ол ғылыммен, тек тамақты, киім-кешекті, жарық беруді, басқаруды жақсарта алатын
практикалық және техникалық жетістіктер үшін ғана емес, "ғылымның өзі үшін"
айналысып жүргендігін айтады. Бірақ ескіріп қалатыны күні бұрын маңдайына жазып
қойылған өз туындыларымен ғалым парықталған не нәрсені жүзеге асырудан үміттенеді,
осынау мамандандырылған әрі шексіздікке бет алған өндіріске қосылудан ол қандай
мағына табады? Бүл сұраққа жауап беру үшін бірнеше ортақ пікірді қаперге алу керек.
Ғылыми прогресс біздермен мың-мыңдаған жылдар бойы болып жатқан және қазіргі кезде
ол жөнінде жұрт әдетте тым теріс позиция ұстанатын интеллекттендіру процесінің бір
бөлігі, және де аса маңызды бөлігі болып табылады.
Ең алдымен ғылым мен ғылыми техника арқылы жүзеге асырылып жатқан осынау
интеллектуалдық ұтымды ету дегеніміз іс жүзінде нені білдіретіндігін ұғынып алайық. Ол
бүгін осы залда отырған біздің әрқайсымыз өзіміздің тіршілігіміздің өмірлік шарттарын
әлдебір үндістен немесе готтентоттан жақсырақ білеміз деген сөз бе? Әй, қайдам. Біздің
арамыздан трамвайға мінген біреу, егер ол кәсібі бойынша физик болмаса, трамвайдың
қалай қозғалысқа қосылатынынан бейхабар. Оған мұны білудің қажеті де жоқ. Ол үшін
трамвайдың белгілі бір "құлқына" "сене алатындығы" жетіп жатыр, соған қарап ол өзінің
құлқын бағдарлайды, бірақ трамвайды қалай қозғалысқа келтіру керек - мұны ол білмейді.
Жабайы адам өз қаруын әлдеқайда жақсы біледі. Бәріміз де ақша жұмсаймыз, бірақ мен
мынаған бәс тіге аламын. Осы залда отырған әріптестердің ішінен саяси экономия
жөніндегі мамандардың әрқайсысы, егер ондайлар осында бар болса, ақшаға бірдеңе
сатып алуға болатыны қалайша жүреді деген сұраққа, тегінде, өзінше жауап береді. Өзінің
күн сайынғы тамағын қалай тауып жейтінін және бұл үшін оған қандай институттардың
қызмет ететіндігін жабайы адам біледі. Демек, өскелең интеллекттендіру мен ұтымды ету
өмір шарттары туралы білім ұлғая түсті деген соз емес. Ол әлдене өзге нәрсені білдіреді:
тек қаласа болғаны кез-келген уақытта осының бәрін біліп алуға болатындығын, демек,
бүл арада қарекет жасайтын ешқандай тылсым, есепке көнбейтін күштің жоқ екендігін,
керісінше, есеп-қисап жолымен барлық затты алуға болатындығын жұрт біледі немесе
соған сенеді. Өз кезегінде мұның соңғысы дүниенің сиқырдан арылғандығын білдіреді.
Осындай жұмбақ күштер бар деп білген жабайылар тәрізді жынды өзіне қарату немесе
бағындыру үшін сиқырлау құралдарына жүгінудің енді қажеті жоқ. Енді бәрі техникалық
құралдармен есептің көмегімен жасалады. Интеллекттендіру дегеніміз міне осы.
Бірақ батыс мәдениетінде мыңдаған жылдар бойы жүріп жатқан сиқырдан арылту процесі,
және бір буын, жалпы қозғаушы күш ретінде ғылым да қатысатын "прогресс", осылардың
бәрі таза практикалық және техникалық өріс шеңберінен шығатын мағынаға ие ме?
Мұндай сұрақтар Лев Толстойдың шығармаларында барынша принципті түрде қойылған.
Бұл сұрақтарға ол өте өзгеше жолмен келген. Оның толғамдары барған сайын өлімде
әлдене матына бар ма, әлде жоқ па деген сұрақтың төңірегіне шоғырлана берген. Лев
Толстойдың жауабы: мәдениетті адам үшін - "жоқ". "Жоқ" болатыны, жеке адамның өмірі,
шексіз "прогреске" қосылған өркениятты өмір өзінің ішкі мағынасы бойынша, тәмамдала
алмайды. Өйткені, прогресс шеруіне тартылған адам, әрдайым одан арғы прогрестің
алдында тұрады. Өлейін деп жатқан адам шыңға шықпайды - сол шың шексіздікке кетеді.
Бұрынғы дәуірлерде Ибраһим немесе әлдебір шаруа "қартайып әрі өмірге әбден тойып"
өлетін, өйткені өмірдің табиғи айналымына қосылатын, өйткені оның өмірі соның
мағынасының өзі бойынша оның талқаны таусылып бара жатқан кездің өзінде оған бере
алатынын беріп жататын; ол үшін шешуін тапқысы келетін жұмбақ қалмайтын, және оған
өзінің қолы жеткені жеткілікті болатын.