Page 256 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
256
сәтсіздікке ұшырасу бері салғанда сенде осынау көктің сыйы бар екендігін көрсетуің
керек. Бұрын мұндай күйзеліс "сезім" деп аталатын (sensation) еді. Сол кезде "тұлға"
дегеннің де не екенін дәлірек түсінген-ау деп ойлаймын. [...]
Ғылым өрісінде тек бір іске қызмет ететін адам ғана "тұлға" болып табылады. Және бұл
тек ғылым саласына ғана қатысты емес. Біз, тек іске ғана қызмет етуден басқа бірдеңе
жасаған бірде-бір даңғайыр суреткерді білмейміз. Тіпті Гёте тәрізді дәрежедегі тұлғаның
өзіне, егер оның өнері жайында айтар болсақ, өзінің "өмірін" өнер туындысына
айналдырғаны нұқсан келтірді. Тіпті соңғы пікір күмәнді болып көрінсе де - қалай десек
те, солай ете білу үшін Гёте болу керек, және тіпті мың жылда бір туатын Гёте тәрізді
суреткердің өзіне осы үшін құн төлеуге тура келгенімен, бері салғанда әркім-ақ келісер
болар. Саясатта да жағдай тура сондай. Алайда бүл туралы біз бүгін соз етпейміз. Бірақ
ғылымда кімде-кім өзін басы бүтін арнауға тиіс болған істің импрессариосы ретінде
сахнаға өзі шығатын болса, кімде-кім "күйзеліс" арқылы өзін заңдастырғысы келіп: мен
тек маман еместігімді қалай дәлелдеуім керек, мен - пошым жағынан не мәнісі жағынан -
әлі мен секілді ешкім айта алмаған нәрсені айтып тұрғанымды қалай көрсетуім керек деп
сұрайтын болса, сол "тұлға" емес, бүл бүгінде жаппай белең алған, бәрін де түкке алғысыз
ұсақ етіп біткен, өзі қызмет етуге тиіс істің асқары мен абыройына дейін көтеріле алмай,
демек, өз міндетіне басы бүтін беріле алмай, осындай сұрақ қоятындардың өзін қорлайтын
құбылыс. Демек бүл арада да суреткерден айырмашылық жоқ.
Алайда біздің жұмысымыздың алғышарттары өнерге де тән болғанымен, оның тағдыры
көркем творчествоның тағдырынан барынша өзгеше. Ғылыми еңбек прогресс
қозғалысына өрілген. Керісінше, өнер саласында бұл мағынада ешқандай прогресс
болмайды. Жаңа техникалық құралдарды, немесе, мысалы, перспектива заңдарын
тудырған дәуірдің өнер туындылары соның арқасында таза көркемдік тұрғыдан алғанда
барлық аталған құралдар мен заңдардан жұрдай өнер туындысынан (егер тек ол материал
мен пошымға сәйкес жасалса, яғни егер оның тақырыбы кейінірек пайда болған құралдар
мен шарттарды қолданбай-ақ өнердің барлық ережелеріне сай тандап алынып,
безендірілсе) жоғары тұрады деп ойлау қате. Өнердің мінсіз туындысынан ешқашан
ештеңе асып түсе алмайды және ол ешқашан ескірмейді; оның маңызын жекелеген
индивид тек өзі үшін әрқалай бағалай алады, бірақ көркемдік жағынан мүлтіксіз туынды
жөнінде басқа бір тамаша туынды одан асып түсті деп ешкім ешқашан айта алмайды.
Керісінше, біздің әрқайсымыз тылым саласында өзіміз жасаған нәрселердің 10, 20, 40
жылдан соң ескіріп қалатындығын білеміз. Ғылыми жұмыстың тағдыры солай, оны былай
қойғанда ол бағынатын әрі қызмет ететін мағынасы солай, және бұл мәдениеттің барлық
басқа элементтерінен оның нақ өзіндік ерекше айырмашылығын құрайды; ғылымда
көздегеніңді мінсіз атқарып шығу атаулы жаңа "сұрақтар" туындайды деген сөз, ол өзінің
мәнісі жағынан өзінен асып түсетін нәрсенің табылуын қалайды. Бұған ғылымға қызмет
еткісі келетін әрбір адам мойынсұнуға тиіс. Ғылыми жұмыстар, әрине, өзінің көркемдік
сапаларымен "ләззат" беріп немесе ғылыми жұмысқа үйрету құралы болып қала отырып,
өзінің маңызын ұзақ сақтай алады. Бірақ ғылыми тұрғыдан бізден асып түсу - біздің ортақ
тағдырымыз ғана емес, біздің ортақ мақсатымыз да. Өзгелердің бізден ілгерілей
түсетінінен үміттенбей біз жұмыс істей алмаймыз. Принципінде бүл прогресс шексіздікке
ұласады.
Осы арқылы біз ғылым мағынасы проблемасына таядық. Өйткені бұл тектес заңға
бағындырылған нәрсенің өздігінен-ақ парықталған әрі парасатты бола кететіні тіпті де
өздігінен белгілі нәрсе емес. Болмыста ешқашан аяқталмайтын және аяқтала да алмайтын
нәрсемен ғылым неліктен айналысады? Ең алдымен мынадай жауап пайда болады: біздің
практикалық қарекетімізді ғылыми тәжірибе айтып беретін үміттерге сәйкес бағдарлау