Қазақстанның ашық кітапханасы
255
екен деп басыңа ештеңе сақ ете қалмайды ғой. Жалғыз жалаң есеппен ештеңеге жете
алмайсың. Әрине, есеп те қажетті алғышартты құрайды. Осылай, мысалы, әрбір
әлеуметтанушы, оған, қартайған шағында да айлар бойы он мыңдаған мүлде қарапайым
арифметикалық есептерді шығаруға тура келуі мүмкін екендігіне дайын болуы керек. Есеп
шығаруды толығымен қосымша механикалық күшке жүктеу әрекеті жазасыз қалмайды:
ақтық нәтиже көбіне мардымсыз болып шығады. Бірақ егер зерттеушіде оз есептерінің
бағыты жөнінде, ал есептеу кезінде - жекелеген нәтижелердің маңызы жөнінде белгілі бір
идеялар пайда болмаса, осы мардымсыз нәтиженің өзі де болмайды. Идея тек қажырлы
еңбектің негізінде ғана әзірленеді. Әлбетте, үнемі емес. Ғылыми тұрғыдан алғанда
дилетанттың идеясы, маманның жаңалығына қарағанда дәл сондай немесе тіпті одан да
артық мәнге ие болуы мүмкін. Көптеген проблемаларды үздік көтергендігіміз және
көптеген танымдарымыз үшін біз нақ дилетанттарға қарыздармыз. Роберт Майер жөнінде
Гельмгольц айтқандай, дилетант маманнан тек жұмыс әдісіндегі сенімділіктің
жетпейтіндігімен ғана ерекшеленеді, сондықтан да ол аяқ астынан пайда болатын
болжамның маңызын тексеріп, оған баға беріп, өмірге енгізе алмайды. Аяқ астынан пайда
болатын болжам еңбекті алмастыра алмайды. Және екінші жағынан, еңбек мұндай
болжамды алмастыра немесе оны мәжбүрлі түрде өмірге келтіре алмайды, мұны
құштарлық та жасай алмайды. Тек осы екеуі - нақ екеуі бірге - болжамды ерте жүреді.
Бірақ болжам бізге қажет кезде емес, тек өзіне қажет кезде ғана пайда болады. Және
шынында да, Иеринг көрсеткендей, үздік идеялар диванда сигара тартып отырғанда
немесе - Гельмгольц жаратылыстану ғылымының дәлдігімен өзі жайында айтқанындай, -
жазу үстелі жанында ойға беріліп, ізденіп отырған кезде емес, тауға қарай біртіндеп
көтерілетін көше бойымен сейілдеп жүрген кезде, әйтпесе тағы басқа сондай жағдайларда,
әйтеуір, мүлде күтпеген жерде ойға келеді. Бірақ әрине, егер мұның алдында нақ жазу
үстелі жанындағы ойлар мен тыным бермейтін сұрақтар болмаса, болжамдар басқа келмес
еді.
Ғылыми қызметкер сондай-ақ кез-келген ғылыми жұмыста кездесетін тәуекелге де көнуі
керек: "шабыт" келе ме, келмей ме? Тамаша қызметкер болуға, сөйте тұра бірде-бір
маңызды жаңалық ашпай кетуге болады. Алайда, тек ғылымда ғана жағдай осындай және
зертханаға қарағанда кеңседе бәрі басқаша деп ойлау ағаттық болар еді. Коммерсантқа
немесе ірі өнеркәсіпшіге "коммерциялық қиялсыз", яғни бірдеңені ойлап таппай - керемет
ойлап таппай - сатушы немесе техникалық шенеунік болып қала берген жөн; ол
ұйымдастыру жағынан ешқандай жаңалық енгізбейді. Шабыт, ғылыми даңғойлық өзіне
елестететіндей, ғылымда осы заманғы кәсіпкер қарекет жасайтын практикалық
өмірдегіден артық рөл ойнамайды. Және екінші жағынан, - мұны да көбіне
мойындамайды, - бұл арада ол өнердегіден кем рол ойнамайды. Математик жұмыс үстелі
жанында отырып алып, сызғыш пен басқа да механикалық құралдардың көмегімен
әлдебір ғылыми құнды нәтижеге жетеді деу таза балалық ұғым ғой: математикалық
қиялдар, мысалы, Вейерштрасс қиялдары мағынасы мен нәтижесі жағынан, әрине,
суретшінің қиялынан мүлдем өзге, яғни одан сапалық жағынан ерекшеленеді, бірақ бұл
арадағы психологиялық процесс бірдей. Екеуін де құшырлану (платондық "экстаз"
мағынасында) мен "шабыттану" ерекшелейді.
Біреуде ғылыми шабыт бар ма, - бұл бізге беймәлім тағдырларға, мұның үстіне "дарынға"
байланысты. Осынау даусыз ақиқат нақ жастар арасында - бұл әбден түсінікті - қызмет ету
туралы өте кең таралған нұсқаудың пайда болуына белгілі бір дәрежеде ықпал етті;
олардың культі бүгінде барлық көше қатынастары мен барлық журналдарда кеңінен
пайдаланылуда. Бұл идолдар - "тұлға" және "күйзеліс". Олар тығыз байланысты: соңғысы
біріншісін тудырады және оның бір қасиеті деген түсінік үстем. Адамдар өздерін жанын
қинап "күйзелуге" мәжбүр етеді, өйткені "күйзелу" тұлғаға лайық өмір салтымен етене, ал