Page 254 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
254
мағынада бұл мені онша қызықтырмайды және ешқандай абыржу туғызбайды. Ал мына
бір жәйт: ержеткен адам - ол кәрі ме, жас па, бәрібір - салдарлар үшін өзінің
жауапкершілігін әрі нақты, әрі жан-тәнімін сезініп, жауапкершілік этикасына орай қарекет
жасайтын адам әйтеуір бір сәтте: "Мен басқаша істей алмаймын, содан айнымаймын",
десе, міне бұл шексіз дүр сілкіндіру болып табылады. Бұл бір адами шынайы әрі жүрекке
жылы тиетін нәрсе. Өйткені нақ осындай ахуал, біздің әрқайсымыз үшін, әрине, іштей
өліп қалмаған болса, әйтеуір бір басымыздан өтуге мүмкіндігі болуға тиісті ахуал. Және
де сенім этикасы мен жауапкершілік этикасы абсолютті кереғар нәрсе емес, қайта
"саясатқа бейім" нағыз адамды тек бірігіп қана құрайтын, бірін-бірі толықтыратын
нәрселер. [...]
Басылымынан қазақшалаған
саясат ғылымының кандидаты
Есенай ІҢКӘРБАЕВ.
Макс ВЕБЕР
ҒЫЛЫМ БЕЙІМДІЛІК ӘРІ КӘСІП РЕТІНДЕ
Қазіргі кезде кәсіп ретіндегі ғылыми өндіріске қатынас ең алдымен ғылымның бұрын
белгісіз мамандану сатысына аяқ басқандығымен және осы жағдайдың алдағы уақытта да
сақталатындығымен байланысты.Сырттай қарағанда ғана емес, іштей де гәп мынада: қазір
жекелеген индивид аяқталған әлдебір нәрсені ғылым саласында тек аса қатаң мамандану
жағдайында ғана бітіре алады. Бізде кейде болып жататындай зерттеу ісі көрші салаға
сұғынып кеткен әрбір жолы - әлеуметтанушыларда мұндай сұғыну ұдайы, және де
қажеттіліктен болып турады, - зерттеуші санасында, менің жұмысым маманның арнайы
көзқарасының тұсында оның басына оп-оңай келе қоймайтын мәселенің пайдалы
қойылуын ұсынуға ғана жарар, ал өзімнің төл зерттеуім міндетті түрде өріп жүрген
кемшіліктерге толы күйінде қала берер деген бейкүнә ой пайда болады. Тек қатаң
мамандандыру арқасында ғана, ғылымда жұмыс істейтін адамға, бәлкім, өмірінде жалғыз
рет артында ұзақ ғұмырлы бірдеңе қалдыра алғанын толық сезіну бақыты берілер.
Шынында да, аяқталған әрі тәуір жұмыс - бүгіндері әрдайым арнайы атқарылған жұмыс.
Сондықтан да күндердің күнінде ноқтаға басын бір тығып, менің бүкіл тағдырым
қолжазбамның осы бір тұсында осы бір топшылауды дұрыс жасадым ба деп ойлануыма
байланысты екен-ау деген пікірге бой алдыра алмайтын адам, ғылым маңына жоламай-ақ
қойсын. Ол ғылымға қызығу дегенді ешқашан бастан өткермейді. Кез-келген көлденең көк
аттыға езу тартқызар оғаш масайрау, құштарлық және "сен дүниеге келгенше мың-
мыңдаған жылдар өтуге тиіс болғанына, басқа бір мыңжылдықтар өз кезегін үн-түнсіз
күтіп тұрғанына", - кәміл сенім болмайынша, сенің бір түйсінгенің анықтала ма - міне
осыларсыз адамның ғылымға бейімі жоқ, сондықтан ол басқа бір нәрсемен айналыссын.
Өйткені адам құштарлықпен істей алмайтын істің адам үшін ешқандай құны жоқ.
Алайда тіпті құштарлық болғанның өзінде, ол соншалықты терең де шынайы болғанның
өзінде ұзақ уақыт бойы нәтижеге жете алмау мүмкін. Рас, құштарлық ең басты нәрсе
"шабыттың" алғышарты болып табылады. Бүгінде жастар арасында, тылым
арифметикалық есеп тәрізді бірдеңе болып кетті, ол зертханаларда немесе статистикалық
картотекалардың көмегімен, "жан-тәнімен" емес, тек "фабрикадағы" тәрізді суық санамен
ғана жасалады деген түсінік өте кең таралған. Бұл орайда, ең алдымен мынаны айта кету
керек: бұлайша ойлайтындардың көбісі фабрикада не болатындығын да, зертханада не
істелетіндігін де білмейді. Онда да, мұнда да адамға идея, және дұрыс идея қажет, және
тек осы шарттың арқасында ғана ол толық құнды бірдеңе жасай алады. Бірақ сен қалады