Page 253 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
253
король сарайларынан шықса да, саяси құрал - зорлықпен "жұмыс істеген" жоқ; олардың
патшалығы "бұл жалғаннан" тыс тұрды, сонда да болса олар қарекет жасады және осы
дүниеде қарекет жасады, және де Платон Каратаев пен Достоевский әулиелерінің
тұлғалары әлі де олардың бейнесі мен тұрпатына ең парапар конструкциялар болып
табылады. Өзінің жаны мен өзгелердің жанын құтқаруды ойлайтын адам оны саясаттың
жолынан іздемейді, өйткені саясаттың міндеттері мүлде бөлек - оларды тек зорлықтың
көмегімен ғана шешуге болады. Саясаттың кемеңгері немесе сайтаны махаббат
құдайымен, соның ішінде шіркеу арқылы көрінетін христиан Құдайымен де іштей
шиеленісте өмір сүреді, бүл кез-келген сәтте бітіспес дауға айналып кетуі мүмкін
шиеленіс. Адамдар мұны шіркеу үстемдігі дәуірлеп тұрған кездің өзінде білген.
Флоренцияға қайта- қайта интердикт салынды (лат. - тыйым, папаның мойынсұнбайтын
қалаларды жазалауының бір түрі - Ред.) - ол кезде адамдар мен олардың жанын құтқару
үшін бүл Канттың этикалық пікіріндегі (Фихтенің сөзімен айтқанда) "салқын құптаудан"
әлдеқайда дөрекі билік болатын, - сонда да азаматтар шіркеу мемлекетіне қарсы күресті.
Міне осындай жағдайларға байланысты Макиавелли, егер қателеспесем, "Флоренция
тарихының" бір тамаша жерінде өзінің кейіпкерлерінің бірін атамекен қаласының
ұлылығы жан құтқарудан маңыздырақ деп білетін азаматтарды мадақтауға мәжбүр етеді.
Егер сіз атамекен қаланың яки "атамекен өлкенің" (
Vaterland
) орнына (дәл қазір бұлар
әркім үшін мәні бірдей құндылықтар болмауы мүмкін) "социализмнің болашағы" немесе
тіпті "халықаралық тыншыту" туралы айта бастасаңыз, онда сіздің проблемаға қазіргі
ахуалында жақындағаныңыз. Өйткені осының бәрі, зорлық құралдарын пайдаланатын
және осы жауапкершілік арнасында жұмыс істейтін саяси қарекетпен қол жеткен нәрсенің
бәрі "жанның құтқарылуына" қатер төндіреді. Бірақ егер сенім жолындағы күресте саяси
қимылға таза сенім этикасының көмегімен ұмтылатын болса, онда оған нұқсан келтірілуі
мүмкін, сөйтіп ол болашақ көптеген алдағы ұрпақтар алдында абыройдан айрылады,
себебі бүл жерде зардап үшін жауапкершілік жоқ. Өйткені онда қарекет жасаушы ойынға
қосылған сайтан ібіліс күштерін жете түсінбейді. Олар қаныпезер және оның қарекеттері
үшін, сондай-ақ оның төл ішкі өмірі үшін, егер оларды ол көрмейтін болса, солардың
алдында мүлдем дәрменсіз болатын салдарлар дайындап қояды. "Себебі, сайтан кәрі ғой".
Және бүл арада жылдар, жас шамасы айтылып отырған жоқ: "оны түсіну үшін кәріге
айналыңыз". Пікірталаста мені туу туралы куәліктегі датамен жеңеміз дегенге мен
ешқашан төзген емеспін; бірақ біреу 20-да, ал мен болсам 50-ден асып кеттім деген жай
ғана факт сайып келгенде мұны да оған құрметтен тілім байланып қалатын жетістік деуге
құлшындыра алмайды. Гәп жас мөлшерінде емес, қайта, әрине, өмірдің шындығына
көзқарастың сыннан өткен батылдығында және оларға төзе біліп, іштей өз биігіңде қала
беруде.
Шынында да: рас, саясат баспен жасалады, бірақ, тек баспен ғана жасалмайтыны өз-өзінен
белгілі. Бұл арада сенім пикасын ұстанатындардікі өте дұрыс. Бірақ сенім этикасын
ұстанушы ретінде қимылдауға тиіс пе, әлде жауапкершілік тактикасын ұстанушы ретінде
қимылдауға тиіс пе, және бір жолы былай, екінші жолы алай дегенді - осыны ешкімге күні
бұрын міндеттеуге болмайды. Тек бір нәрсені ғана айтуға болады: егер бүгінде, әлдене,
сіздер ойлайтындай, "кіршіксіз" емес еліру дәуірінде - бірақ еліру дегеніңіз жалпы
әрдайым шынайы бола бермейтін сезім ғой - кенеттен "Мен емес, дүние ақымақ та опасыз;
зардаптар үшін жауапкершіліктің маған қатысы жоқ, мен қызмет ететін, ақымақтығын
немесе опасыздығын мен жасырып-жауып жүрген басқаларға қатысты", дейтін ураны бар
сенім саясаткерлері көбейіп кетсе, ашығын айтайын, мен алдымен аталмыш сенім
этикасының іштей салмағының шамасын сұрар едім; менде он жәйттің тоғызында
өздерінің мойнына не артқанын нақты сезінбейтін, бірақ өздерін романтикалық
сезімдермен масайтатын ұшқалақтарға ұшырастым-ау деген эсер қалыптасты. Адами