Қазақстанның ашық кітапханасы
252
авторитарлық-монархиялық мемлекетті (
Obrigkeits-staat
) солай көрсетті. Лютер жеке
адамды соғыс үшін этикалық жауапкершіліктен босатып, мұны бедел иелеріне (Obrigkeit)
аударды, оларға мойынсұну дін істерінен басқа мәселелерде ешқашан күнә деп санала
алмас еді. Кальвинизмге де зорлық сенімді қорғау құралы, яғни дін үшін соғыс ретінде
белгілі болатын, ал исламда дін үшін соғыс әу бастан-ақ өмір элементі болатын.
Осылайша, саяси этика проблемасын алға тартып отырған тіпті де осы заманғы,
ренессансқа табынудан туған батырлардың сенбеушілігі емес. Бүл проблеманы шешумен
барлық діндер әртүрлі табыспен айналысты және айтып кеткеніміз бойынша таразыласақ,
басқаша болуы мүмкін емес еді. Нақ заңдастырылған зорлықтың өзіндік ерекше құралы
тек қана сондай құрал ретінде адами одақтарының қолында саясаттың барлық этикалық
проблемаларының ерекшелігін туындатады.
Кім болса да, қандай мақсат үшін аталған құралмен одақтасса да - ал мұны әрбір саясаткер
істейді, - сол оның өзіндік ерекше салдарынан құтыла алмайды. Оған әсіресе сенім
жолындағы күрескер, дін жолындағы да, революция жолындағы да, күрескер мықтап бой
алдырады. Келіңіздер, бөлмей-жармай қазіргі заман мысалына жүгінейік. Жер бетінде
абсолют әділеттілікті күшпен орнатқысы келетін адамға бұл үшін нөкер: адамдар
"аппараты" керек. Оған ол қажетті (ішкі және сыртқы) сыйақы - көкте немесе жерде -
болатынына уәде беруі қажет, әйтпесе "аппарат" жұмыс істемейді. Сонымен, қазіргі
таптық күрес жағдайында ішкі сыйақы өшпенділік пен кек алу, ең алдымен:
Ressiment'
кe
және жалған этикалық даусыз дұрыстық, жауларды жамандап, ғайбаттау сезіміндегі
құмарын қандыру болып табылады. Сыртқы сыйақы - авантюра, жеңіс, олжа, билік және
кіріс беретін орындар. Көсемнің жетістігі толығымен қарамағындағы адамдар
аппаратының жұмысына байланысты. Сондықтан да ол соның да - өзінің емес - сарынына
тәуелді, яғни өзі мұқтаж болатын нөкеріне: қызыл гвардияға, арандатушылар мен
жансыздарға, үгітшілерге сол сыйақының тұрақты жеткізіліп тұруына тәуелді. Мұндай
жағдайда ол іс жүзінде қол жеткізетін нәрсе, сондықтан тіпті де өзінің қолында болмайды,
бірақ оның нөкерінің қарекетінің негізінен пасық сарындармен соған телінеді, ол нөкерді
өзінің тұлғасы мен өзінің ісіне таза сенім бері салғанда жолдастардың бір бөлігіне жігер
беріп тұрғанда ғана (ең болмағанда олардың көпшілігінің жігерленуі, тегінде ешқашан
болмайтын секілді) уыста ұстап тұруға болады. Бүл сенім ғана емес, ол субъективті адал
болған жердің өзінде, көп жағдайда шындап келгенде кек қайтаруға, билікке, олжаға және
пайдасы мол жерге ынтықты этикалық жағынан "заңдастыру" болып табылады, - бұл
арада бірдеңе айтып басымызды қатырмай-ақ қойсын, өйткені тарихты материалдық
түсіндіру де қалаған кезіңде отыра салатын күйме емес, және ол революцияшыл
жандардың алдында да кідіре қоймайды - қайта ең алдымен: күнделікті күйбең
эмоционалдық революциядан кейін келеді, сенімнің батыры және әуелі сенімнің өзі тайып
болады немесе - бұл тіпті әсерлірек - саяси тоғышарлар мен техникалық
орындаушылардың конвенционалдық фразасының құрамдас бөлігіне айналып кетеді. Нақ
сенім жолындағы күрес жағдайында бүл даму ерекше жылдам жүреді, өйткені, оны,
әдетте, шын көсемдер - революция пайғамбарлары басқарады немесе оған дем береді.
Өйткені, көсемнің аппараты атаулының бәріндегідей, бұл арада да табыстың кепілінің бірі
"тәртіп" мүддесіне жұтату, жадағайландыру және рухани пролетарландыру болып
табылады. Сондықтан да сенім жолындағы күрескердің үстемдікке жеткен нөкері әдетте
жылы орындарды иеленгендердің қарабайыр жігіне оп-оңай айналып кетеді.
Жалпы саясатпен айналысып, оны өзінің бірден-бір кәсібі еткісі келген адам аталмыш
этикалық парадокстарды және солардың ықпалымен оның өзінің не болатыны үшін
жауапкершілігін түсінуге тиіс. Ол, қайталап айтам, ібілістің күштерімен сыбайластырады,
олар оны зорлықтың әрбір қарекеті тұсында аңдып тұрады. Адамға бейғарыштық
махаббат пен мейірімділіктің ұлы шеберлері, олар Назареттен, Ассизден немесе үнділік