Page 251 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
251
төстейді. Дүниенің иррационалдығы тәжірибесінің проблемасы діни даму атаулының
қозғаушы күші болған. Карма жөніндегі үнді ілімі мен парсы дуализмі, туа біткен күнә,
пешене мен
Deus abscondtius
(лат. - жасырылған Құдай - Баспа) осының бәрі сол
тәжірибеден өсіп шыққан. Алғашқы христиандар да дүниені сайтандардың
басқаратындығын және кімде-кім саясатпен, яғни билікпен, құрал ретінде зорлықпен
байланысса, ібілістік күштермен келісім жасайтындығын, және де оның қарекеттері
жөніндегі ақиқат жақсылықтан тек жақсылық, жамандықтан тек жамандық өрбиді дегенде
емес, көбінесе керісінше екенін әбден дәл білген. Мұны көрмейтін адам саяси жағынан
шынында да сәби.
Біздің әрқилы өзара басқа-басқа заңдарға жататын өмірлік құрылымдарға
(lebensordnungen) енгізілгенімізбен діни этика әртүрлі бітісті. Эллиндік политеизм
Афродита мен Гераға, Дионис пен Аполлонта құрбандық шалды, бірақ бүл орайда
құдайлардың жиі-жиі өзара қырбай болатынын білді. Үнділік өмірлік құрылым әрбір
кәсіпті ерекше этикалық заңның, дхарманың пәні етті, және оларды адам, келесі өмір үшін
қайта туғанда болмаса, дүниеге келген сәтінен бастап шыға алмайтын болды, осы арқылы
діни құтқарылудың асқақ игіліктеріне олар үшін әртүрлі арақашықтық белгіледі.
Осылайша ол тақуалар мен брахмандардан бастап, алаяқтар мен зинақорларға дейін,
кәсіптің имманенттік заңдылығына сәйкес, әрбір кастаның дхармасын жасай алды. Бұған
соғыс пен саясат та кіреді. "Бхагаватгитге", Кришна мен Арджуна- ның сүхбатында сіз
соғыстың өмірлік құрылымдар жиынтығына қосылғандығын көресіз. "Қажеттіні істе" -
жауынгерлер кастасының дхармасы мен оның ережелеріне сай, соғыстың мақсатына
сәйкес міндетті, елеулі қажетті "еңбек" осы: бүл нанымға сәйкес ол діни құтқарылуға
нұқсан келтірмейді, қайта соған қызмет етеді. Батырлық ажал алып бара жатқан үнді
жауынгеріне Индра зеңгіріне көтерілу, германдықтарға Валгалла секілді, баяғыдан кепілді
нәрсе секілді көрінетін. Бірақ ол нирвананың періштелер хоры он салып тұратын христиан
жұмағын менсінбейтіні тәрізді, менсінбес еді. Этиканың осылай мамандануы үнді этикасы
үшін ештеңемен бұзылмайтын, тек оз заңдарын ұстанатын саясатты, тіпті олардың осы
патшалық өнермен қауышуын күшейтетін саясатты мүмкін етті. Сөздің көпшілік білетін
мағынасында алғандағы шын радикалдық "макиавеллизм" үнді әдебиетінде Каутильяның
"Артхашастройында" классикалық түрде берілген (Христ туардан көп бұрын, Чандрагупта
дәуірінде жазылған делінеді); онымен салыстырғанда Макиавеллидің "
Principe
'ci"
қарадүрсін нәрсе. Әдетте профессор Фёрстер үстанатын католиктік этикада
"consilia
evangelica
" (лат. - Інжіл кеңестері) әулиелік өмірдің харизмасына ие адамдар үшін
айрықша этика болып табылатыны белгілі. Онда қан төгу және пайда көздеу рұқсат
етілмейтін монах, біреуіне қан төгу, екіншісінікі пайда көздеу рұқсат етілген намыстың
құлы рыцарь мен бюргер қатар қойылған. Католиктік этиканың градациясы және
құтқарылу жөніндегі ілім құрылымына оның енгізілуі Үндістандағыдан дәйексіздеу, ал
осы арада олар сенімнің христиандық алғышарттарына сәйкес келуге тиісті және соған
хақылы болатын. Дүниенің күнәмен түу баста бұзылуы этикаға зорлық, күнәға қарсы
тәртіп орнату және еретиктер жанына төнетін қатер құралы ретінде салыстырмалы түрде
оңай енгізуге мүмкіндік берді. Бірақ тек сенім этикасына бағдарланған Үстірт уағызының
бейғарыштық талаптары мен соған таянған діни жаратылыстық құқық абсолютті талап
ретінде өздерінің революцияландырушы күшін сақтап қалды және әлеуметтік
дүрбелендердің барлық дәуірлерінде өзінің стихиялық долылығымен алдыңғы қатарға
шығып отырды. Атап айтқанда, олар радикалдық-пацифистік секталар құруға жетеледі,
сондай секталардың біреуі Пенсильванияда сыртқы қатынастарда зорлықсыз мемлекеттік
құрылыс құру жөнінде эксперимент жасады, бүл трагедиялық эксперимент болып шықты,
өйткені тәуелсіздік үшін соғыс бұрқ ете қалғанда квакерлер оз мұраттары үшін қолға қару
алып майданға шыға алмады. Керісінше, қалыпты протестантизм мемлекетті, яғни зорлық
құралын құдай ұрған мекеме ретінде абсолютті заңдастырды, әсіресе - заңды