Page 250 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
250
тіпті ықтималдығымен де келісу қажеттігімен байланысты болатындығы фактысын
дүниедегі бірде-бір этика айналып өте алмайды; және дүниедегі бірде-бір этика этикалық
жағынан игі мақсат этикалық жағынан қауіпті құралдармен жанама салдарларға қашан
және қандай көлемде "бата беретінін" айта алмайды.
Саясаттың басты құралы - зорлық. Ал этикалық көзқарас тұрғысынан құрал мен
мақсаттың арасындағы шиеленіс қаншалықты маңызды екендігін мынаған қарап
таразылай аласыздар: (Циммервальд бағытындағы) революцияшыл социалистер соғыс
кезінің өзінде ұстанған принципті әркім біледі, оны мынадай дәл тұжырымға саюға
болады: "Егер біз не тағы да бірнеше жыл соғыс, содан соң революция, не дәл қазір
бейбітшілік, бірақ ешқандай да революция емес деген таңдаудың алдына тап болсақ, онда
біз тағы бірнеше жыл соғысты таңдаймыз!". Егер тағы да "Сол революция не бере
алады?", деген сұрақ қойылса, ғылымға бір табан жақын социалист атаулы өзі түсінетін
мағынада социалистік деп атауға боларлық шаруашылыққа көшу жөнінде әңгіме жоқ,
бірақ тек феодалдық элементтер мен әулеттік басқару қалдықтарын жоя алатын
буржуазиялық шаруашылық тағы да өсіп шығуға тиіс деп жауап берер еді. Демек, "Тағы
да бірнеше жыл соғыс!" осынау титімдей нәтиже үшін керек болғаны ғой! Тегінде, былай
деуге болатын сияқты: бұл арада тіпті аса берік социалистік сенім болғанның өзінде ондай
құралдарды талап ететін мақсаттан бас тартуға болады. Бірақ большевизммен және
спартакизммен, жалпы кез-келген революцияшыл социализммен байланысты жағдайда іс
нақ солай болып отыр, және, әрине, бүл жақтың ескі режимнің "деспот саясаткерлерін"
олардың дәл сол құралдарды пайдаланғаны үшін инсанияттық тұрғыдан теріске шығаруы,
олардың мақсаттарынан бас тарту қаншалық орынды болғанымен, тым күлкілі көрінеді.
Құралдарды мақсатпен ақтауға келетін болсақ, мұнда сенім этикасы жалпы тас-талқан
болатын сияқты. Әрине, қисынға жүгінсек онда тек инсанияттық жағынан қауіпті
құралдарды пайдаланатын қылық атаулыны мойындамау мүмкіндігі тана бар. Рас, нақты
өмірде біз сенім этикасын ұстанатын адам аяқ астынан хилиастик пайғамбарға айналып
кететіндігінің мысалдарымен қайта-қайта ұшырасамыз, мысалы, дәл қазір "зорлық орнына
махаббатты" уағыздап тұрып, келесі сәтте зорлыққа - зорлық атаулыны құртып тынатын
ақтық зорлыққа шақырады, бұл біздің әскерилеріміздің әрбір шабуыл алдында
солдаттарға: бұл соңғы шабуыл, ол жеңіске жеткізеді, демек, бейбітшілікке жеткізеді
дейтіні сияқты. Сенім этикасын ұстанатын адам дүниенің этикалық иррационалдығына
төзбейді. Ол космостық-этикалық "рационалист" болып табылады. Әрине сіздердің
Достоевскийді білетін әрқайсыңыз Ұлы инквизитормен болатын сахнаны ұмытқан
жоқсыздар, онда бүл проблема дұрыс баяндалған. Егер осынау принципке қандай да бір
жеңілдік жасалатын болса, сенім этикасы мен жауапкершілік этикасына бір қалпақ кигізу
немесе к,андай мақсат қандай құралды ақтау керек деп этикалық декрет қабылдау мүмкін
емес.
Сенімінің күмәнсіз тазалығы үшін оз басым жоғары бағалайтын, бірақ саясаткер ретінде,
әрине, сөзсіз мойындамайтын әріптесім Ф. В. Фёрстер, өзінің кітабында, жақсылықтан тек
жақсылық, жамандықтан тек жамандық өрбиді деген қарапайым тезистің арқасында бұл
қиындықтан айналып өттім деп ойлайды. Ондай болса, бүкіл осынау проблематика жай
ғана жоқ болар еді. Бірақ бәрібір, "Упанишадтан" соң 2500 жылдан кейін мұндай тезистің
жарық дүниеге келе алуының өзі таң қалдырады. Тек әлемдік тарих өткен жол ғана емес,
кәдуілгі тәжірибеге жүргізілген кез-келген ашық зерттеу тұп-тура қарама-қарсы нәрсені
айтады. Теодицеяның ("құдайды ақтау") ежелгі проблемасы да нақ осы сұрақ: бір мезгілде
әрі асқан құдіретті, әрі ізгілікті етіп суреттелетін осынау күш қалайша ғана жазықсыз
қасіретке, жазасыз әділетсіздікке және бейдауа ақымақтыққа толы иррационалды дүниені
жасаған? Не оның біреу ғана болмағаны, не оның басқа да болмағаны; яки өмірді төлем
мен несібенің мүлдем өзге, біз метафизика арқылы түсіндіре алатын принциптері билеп-