Page 249 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
249
үстемдік алғаны үшін сен жауаптысың. Інжілдің этикасына сәйкес қимылдағысы келетін
адам ереуілден - өйткені бұл зорлық - бой тартсын да, сары кәсіподақтарға кірсін. Және ол
ең алдымен "революция" жөнінде жақ ашпасын. Өйткені аталмыш этика тек азаматтық
соғыс қана бірден-бір заңды (Legi-time) соғыс дегенге тіпті де үйретпек емес. Інжілге
сәйкес қимылдайтын пацифист этикалық парыздың әмірі бойынша аталмыш соғысты
және сол арқылы соғыс атаулыны тоқтату үшін қарудан бас тартады немесе оны лақтырып
жібереді (Германияда ұсынылғанындай). Ал саясаткер: бүкіл көз жететін кезеңге соғысты
абыройдан айырудың бірден-бір сенімді құралы статус-кво негізіндегі бейбіт игілік болар
еді, - дейді. Сонда халықтар өзінен: бүл соғыс не үшін жүргізілді?, - деп сұрар еді. Ол
ad
absurdum
'ғa дейін жеткізілер еді - бүл қазір мүмкін емес. Себебі, жеңімпаздар үшін - бері
салғанда олардың бір бөлігі үшін - соғыс саяси жағынан тиімді болады. Және бүл үшін біз
үшін кез-келген қарсылықты мүмкін емес еткен құлық жауапты болады. Енді, жұтау
дәуірі өткеннен кейін, соғыс емес, бейбітшілік абыройдан айрылады - абсолюттік
этиканың салдары міне осындай.
Ақыр соңында, шыншылдық парызы. Абсолюттік этика үшін ол заң. Сонымен, бұдан,
құжаттардың бәрін, ең алдымен өз еліңді әшкерелейтін құжаттарды жариялау қажет, одан
соң сол бір жақты жариялау негізінде, салдарына қарамастан, кінәні біржақты мойындау
қажет деген қорытынды шығады. Ал саясаткер аталмыш жағдайда, нәтижеде шындықтың
ашылмайтынын, қайта бұрмалаулар мен ашу-ызаны қоздыру арқылы мықтап
бүркемеленетінін; проблеманы бейтарап жақтардың жоспарлы жан-жақты зерттеуі ғана
жеміс бере алатын, кез-келген басқа амалдың, оны қолданған ұлт үшін, ондаған жылдар
бойы түзелмейтін салдары болатынын байқайды. Бірақ абсолютті этикалық нақ "салдар"
жөнінде сұрамайды да.
Бар гәп осында. Біз этика тұрғысынан бағдарланған қарекет атаулының түбірімен әр түрлі,
бір-бірімен бітіспес қарама-қарсы екі максимаға бағынатынын ұғынып алуымыз керек: ол
не "сендіру этикасына", не "жауапкершілік этикасына" бағдарланады. Сендіру этикасы -
жауапсыздықпен бірдей, ал жауапкершілік этикасы - принципсіздікпен бірдей болып
шығады деген мағынада емес. Бүл жөнінде, әрине, сөз жоқ. Бірақ, дін тілінде: "Христиан
қай дұрысын істейді, нәтижесін құдайдан күтеді" деген сендіру этикасының максимасы
бойынша қарекет жасай ма, әлде не өзіңнің қарекеттеріңнің (алдын ала көруге болатын)
зардаптары үшін есеп айырысуың керек деген жауапкершілік этикасының максимасы
бойынша қарекет жасай ма - міне осы екеуінің арасында аса терең кереғарлық бар. Сіз
сенім этикасы бойынша қарекет жасайтын синдикалистке, оның қылықтарының
салдарынан реакцияның табысқа жету мүмкіндігі ұлғаятынын, сол тапты қанау күшейе
түсетіндігін, бүл таптың одан әрі өрлеуі баяулайтынын қаншалықты көз жеткізе
дәлелдесеңіз де, оған бүл ешқандай эсер етпейді. Егер таза сенімнен туындайтын
қарекеттің салдары өте жаман болып жатса, қарекет жасаған адам ол үшін жауапты мен
емес, дүние, өзге адамдардың ақымақтығы және соларды солай етіп жаратқан Құдай деп
санайды. Бұған керісінше, жауапкершілік этикасын ұстанатын адам нақ осындай пенделік
кемшіліктермен санасады, - оның, Фихте орынды байқағанындай, - оларда қайрымдылық
пен мінсіздік бар деп топшылауға ешқандай хақысы жоқ, ол оз қылықтарының салдарын,
оны күні бұрын көре алатындықтан, өзгелерге аудара салмайды. Ондай адам: бұл слдарлар
менің қызметімнің зардабы, дейді. Сенім этикасын ұстанатын адам өзін тек таза сенім
отының, мысалы, әлеуметтік ыңғайдағы әділетсіздікке қарсы наразылық отының өшпеуі
үшін ғана "жауаптымын" деп санайды. Оны қайта-қайта маздата беру - ықтимал табыс
көзқарасы тұрғысынан мүлдем иррационалды оның қылықтарының мақсаты міне осы.
Бірақ проблема мұнымен де аяқталмайды. "Жақсы" мақсаттарға қол жеткізу көптеген
жағдайларда, инсанияттық жағынан күмәнді немесе бері салғанда қауіпті құралдардың
пайдаланылуымен де, өте нашар жанама салдарлар туындауының мүмкіндігімен немесе