Қазақстанның ашық кітапханасы
248
мүмкін емес, ол іс жүзінде екі жақтың да қорлық ахуалын ғана білдіреді. Саясаткерге
қатысты нәрсеге: болашақ және соның алдындағы жауапкершілік жөнінде қамқорлық
жасау орнына, этика саяси кіршіксіз - шешілмейтіндігінің арқасында - өткендегі кінә
мәселелерімен айналысады. Егер қандай да бір саяси кінә болса да, ол нақ осында жатыр.
Мұның үстіне, аталмыш жағдайда бүкіл проблеманы әбден-ақ материалдық мүдделермен
сөзсіз былғау - жеңімпаздың моральдық және материалдық мейлінше мол ұтысқа
мүдделілігі және жеңілген жақтың кінәні мойындау арқылы өзіне артықшылық алу үміті
қаперден шығып кетеді: егер бүл арада "адам" бірдеңе болса, оныңыз нақ осы, ал бұл -
"этиканы" өзінікінің дұрыстығын бет бақтырмай айта беру құралы ретінде пайдаланудың
аталмыш тәсілінің салдары.
Бірақ сонда этика мен саясат арасындағы шын қатынас қандай? Шынымен-ақ олардың
арасында, кейде айтылып қалатынындай, ортақ ештеңе жоқ па? Әлде, керісінше, саяси
қарекеттер үшін де, кез-келген басқа қарекеттер үшін де "бір ғана" этиканың пәрмені
жүреді дегенді дұрыс деп санау керек пе? Кейде, бұл мүлдем бір-біріне бос бола алатын
пікірлер: не біреуі, не екіншісі дұрыс деп топшыланатын. Бірақ, дүниеде әйтеуір бір этика
эротикалық және іскерлік, отбасылық және қызметтік қатынастарға, әйеліне, көкөнісшіге,
ұлына, бәсекелесіне, досына, сотталушыға қатынасқа қолдануға жарай беретін мазмұнды
шендес өсиет ұсына алар еді дегенде шындық бар ма? Саясатқа қойылатын этикалық
талаптар үшін оның тым өзіндік ерекше құралдың - зорлық-зомбылыққа сүйенетін
биліктің көмегімен қимылдайтыны шынымен-ақ соншалық бәрібір болуға тиіс пе? Әлде
большевизм мен "Спартак" идеологтары нақ осы құралды қолданатындықтан, тұп-тура
әлдебір милитаристік диктатор нәтижелерімен бірдей нәтижелерге қол жеткізетіндігін
көріп отырған жоқпыз ба? Жүмысшылар мен солдаттар Кеңестерінің үстемдігі ескі
режимдегі кез-келген әміршінің үстемдігінен деспоттардың жеке басы мен олардың
дилетантизмінен басқа несімен ерекшеленеді? Ең жаңа-мыс деп жүрген этика өкілдерінің
көпшілігінің өздері сынайтын қарсыластарымен полемикасы әлдебір демагогтардың
полемикасынан несімен ерекшеленеді? Игі ниеттерімен!, - дейді жауап. Жақсы. Бірақ бұл
арада әңгіме нақ құрал туралы болып отыр ғой, ал ақтық ниеттер ізгілігінен айна-қатесіз
солай дұшпандықпен кемсітілетін қарсыластардың да толық субъективті адалдықпен
дәмесі бар. "Кім семсерге жүгінсе, сол семсерден қаза табады", ал күрес дегеніміз қашанда
күрес. Сонымен: Үстірттегі уағыз этикасы ма? Үстірттегі уағызға - Інжілдің абсолютті
этикасы айтылып отыр, - келсек мұндағы гәп аталмыш өсиеттерді бүгінде қуана
қайталайтындар топшылағаннан неғұрлым елеулі. Мұнымен ойнауға болмайды.
Ғылымдағы каузалдық жөнінде айтқанымыздың бәрі осы абсолютті этикаға жатады: бұл
кез-келген сәтте тоқтатуға, қалағаныңша мініп, түсуге болатын фиакр (жалдайтын күйме) і
мес. Қайта барлығы немесе ештеңе: егер басқа бірдеңе үйреншікті нәрсе болып шығады
деп санасақ, оның мағынасы анық осындай. Міне, мысалы, дәулетті бозбала: "Ол уайым
құрсауында кетті, өйткені оның үлкен имениесі болатын". Інжілдегі өсиет міндетті де
жалғыз мағыналы: өзіңде бардың бәрін, мүлдем бәрін бер. Саясаткер айтады: "Барлығы
үшін бірдей жүзеге асырылмайтын болса, бұл әлеуметтік мағынасыз талап". Сонымен:
салық салу, салықпен жұтату (Wegs-teuerung), тәркілеу - қысқасы, баршаға қарсы
зорлық-зомбылық пен тәртіп. Бірақ этикалық өсиет бұл жөнінде жалпы сұрамайды да,
оның мәнісі сондай. Немесе, "Екінші жағыңды тос!", - басқа біреудің ұруы неліктен ұят
еместігін сөзсіз өсиет сұрамайды да. Намыссыздық этикасы тек әулиеге жарасар. Дәл
солай: барлық нәрседе, бері салғанда ниетіңде әулие болуың керек, Иса сияқты,
апостолдар, әулие Франциск және сол тәрізділер секілді өмір сүру керек, сонда бұл
этиканың мағынасы болады, сонда ол әлдене намыстың көрінісі болып табылады. Олай
болмаса - жоқ. Өйткені егер бейғарыштық махаббат этикасының тұжырымы:
"жамандыққа зорлықпен қарсы тұрма" десе, - онда саясаткер үшін пәрмендісі тікелей
қарама-қарсы нәрсе: сен жамандыққа күшпен қарсы тұруға тиіссің, әйтпесе жамандықтың