Page 247 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
247
дұрыс, және бұл бүкіл тарихтың негізгі фактысы. Бірақ егер қызметтің ішкі тірегі болуға
тиіс десек, онда осынау мағынаның - іске қызмет етудің - жоқтығына жол беруге
болмайды. Саясаткер соған қызмет ете жүріп билікке ұмтылатын және билікті
пайдаланатын іс қандай пошымда көрінуге тиіс - бүл сенім мәселесі. Ол ұлттық немесе
жалпы адамзаттық, әлеуметтік және этикалық, немесе мәдени, ішкі қауымдық, немесе
діни мақсаттарға қызмет ете алады, ол "прогреске" - қандай мағынада болса да бәрібір -
мейлінше сенімге сүйене алады немесе сенімнің бүл түрінен қиналмай бас тарта алады, ол
"мұратқа" қызмет етуге дәмелене алады немесе, жоғарыда айтылған дәмені принципті
серпіп тастап, күнделікті өмірдің сыртқы мақсаттарына қызмет етуге ниеттене алады -
бәрібір қандай да бір сенім әрқашан болуға тиіс. Әйтпесе - және бұл әбден дұрыс -
сырттай қарағанда құдіретті саяси табыстардың өзінің үстінен де түкке тұрмайтын
мақұлық қарғысы төніп тұратыны анық.
Бүл лебіз бүгін біз айналысқан проблемалардың соңғысына —"іс" ретінде саясат
этосының проблемасын талқылауға көштік деген сөз. Саясаттың өзі оның мақсаттарынан
тәуелсіз, өмір сүрудің жиынтық инсанияттық экономикасы шеңберінде қандай кәсіптік
бейімділікті қанағаттандыра алады. Ол дүниеге келген, былайша айтқанда, этикалық орын
қандай? Бұл арада, әрине, соңғы кездегі дүниетанымдар бір-бірімен қақтығысады, сайып
келгенде солардың арасынан біреуін таңдау керек. Сонымен, менің пікірімше, мүлде қате
түрде, жуырда ғана қайта көтерілген проблеманы мықтап қолға алайық.
Алайда әуелі мүлде таптаурын бір жалғандықтан құтылып алайық. Атап айтқанда,
бастапқыда этика инсаният үшін барынша жазмышты рөлде көріне алады. Мысал
келтірелік. Өзінің махаббатын бір әйелден аударып, екіншісіне бағыштаған еркектің "ол
менің махаббатыма лайық емес еді", немесе: "одан мүлде көңілім қалды" деп, немесе
қандай да бір басқа "негіз" тауып, өзінің алдында өзі ақталғысы келмейтіні сирек.
Кісіліксіздік қарапайым ахуалда "заңды ақталу" ("1еgitimitat") амалын таба қояды: ол енді
оны сүймейді, және де әйел соған төзуге тиіс; бұл "заңды ақталу" барынша пасықтықпен
ойдан шығарылды, соның пәрменімен еркек әлдебір құқықтан дәметеді, және қасіреттен
басқа, әйелге өтірікті де таңуға асығады. Салымы бар эротикалық бәсекелес те дәл солай
жасайды: қарсыласы түкке татымайтын біреу болуға тиіс, әйтпесе ол жеңілмес еді. Бірақ
біреу үшін жеңіс әкелген кез-келген соғыстан кейін де жағдайдың дәл осындай
болатындығы анық, жеңімпаз пасық қырсықтықпен: мен жеңдім, өйткені менікі дұрыс
болатын деген талап қояды. Немесе соғыс сұмдықтары ортасында әлдебіреудің жан
дүниесі ту-талақай болса, ол жай ғана солардың бәрі төзімді тауысқанын айтудың орнына,
қазір соғыстан қажып біткеніне өзінің алдында өзін ақтау қажеттігін сезінеді де,
жалғандыққа жүгінеді: осынау инсаниятқа жат іс жолында күресуге мәжбүр
болғандықтан, оған шыдай алмадым дейді. Соғыста жеңілгендер жөніндегі гәп те сондай.
Қоғам құрылымының өзі соғысты туындатқан жерде соғыстан кейін кемпір-сампыр
секілді "кінәліні" іздестіру орнына, еркек кіндіктерше қатқыл ауанмен дұшпандарға: "Біз
жеңілдік - сендер жеңдіңдер. Бүл мәселе бітті: енді іске қосылған іскерлік мүдделерге
сәйкес, және - ең бастысы - ең алдымен жеңімпаздың мойнына артылатын болашақ
алдындағы жауапкершілікке орай, содан қандай қорытынды шығару керектігі жөнінде
сөйлесейік", деу керек қой. Қалғанының бәрі лайық емес, және бұл үшін ақы төлеуге тура
келеді. Ұлт өз мүддесінің қағажу көргенін кешіреді, бірақ намысын қорлағанды, әсіресе
топтың қырсықтығымен қорлағанды кешірмейді. Ондаған жылдардан кейін жарыққа
шығатын әрбір жаңа құжат мынаған апарып соқтырады: орынсыз ойбай жаңа күшпен
даурығады, өшпенділік пен ашу-ызаны өршітеді. Соғыстың аяқталуы оны бері салғанда
инсаният мағынасында терең қазып, тепкілеп көму орнына, осылай болып жатады.
Мықтап көму тек іс пен кісілікке бағдарланғанда, бірақ ең алдымен тек абыройды
сақтаудың арқасында мүмкін болады. Бірақ "этиканың" арқасында ешқашан бұлай болуы